6B11301 Бакалавриат

Логистика (сала бойынша)

Факультет:Экономика және бизнес жоғары мектебі
Код:6B11301
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетЭкономика және бизнес жоғары мектебі
ID1516

Бағдарлама туралы

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты қазіргі заманғы логистикалық әдістерді қолдану негізінде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шеше алатын, логистикалық қызметтің қағидалары мен тұжырымдамаларын кәсіби меңгерген, халық шаруашылығының барлық салаларында кәсіби қызметке түлектерді дайындау болып табылады.

Түлек моделі

1.Өндірістік жүйенің жұмысын ұйымдастыру қағидаттары негізінде кәсіпорынның логистика саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес бағынысты қызметтер мен бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру
2.Табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан түсіну және зерттеу үшін философия негіздерін білу арқылы қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындықты бағалау
3.Терминалдардағы, мультимодальдық көліктегі, кедендік, өндірістік-қоймалық кешендегі және қалалық логистикадағы жүк ағындарын басқару үшін көліктік, ілеспе, көліктік-экспедициялық құжаттарды дайындау ережелері мен тәртібі негізінде тауарларды бөлу логистикасында нормативтік құқықтық актілерді қолданады.
4.Логистикалық мазмұнды оның тәсілдеріне, принциптері мен тұжырымдамаларына сәйкес бекіту үшін экономикалық теорияның, мемлекеттік реттеудің, қаржының, бухгалтерлік есептің, статистиканың, менеджменттің және маркетингтің негіздерін түсіндіру
5.Көліктік қызмет көрсету сапасының менеджменті жүйесін пайдалана отырып, жеткізу тізбегінде жүкті тасымалдаудың логистикалық қызметін көрсету процесінде өзара қарым-қатынастардың тиімді схемаларын әзірлеу
6.Логистикалық жүйеде стратегиялық, тактикалық және жедел шешімдер қабылдау үшін үнемді өндіріс құралдарына негізделген логистикалық процестерді жобалау
7.Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін, тұлғалық және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін көрсете отырып, қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға түсу
8.Логистикада стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде шығындар мен логистикалық процестерді оңтайландыру үшін сандық және сапалық талдау әдістерін қолдана отырып мониторинг жүргізу
9.Көлік операцияларын жедел-Күнтізбелік жоспарлау негізінде көліктің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, жөнелту пунктінен межелі пунктіне дейін жүктерді тасымалдаудың ықтимал маршруттарын, схемаларын әзірлеу
10.Логистиканың функционалдық салаларындағы логистикалық процестерді оңтайландыру үшін белгіленген мөлшері бар айналым қаражаты мен қорлардың ұтымды деңгейін белгіленген кезеңділікпен айқындаудың модельдері мен әдістерін іске асыру
11.Белсенді жеткізу жүйесі (Ass-Active Supply System), "тарту" (Pull) және "итеру" (push) өндіріс логистикасының технологияларын қолдана отырып, MRP тұжырымдамалары арқылы өндірісті уақтылы материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру
12.Өндіріс пен басқаруға инновациялық технологияларды енгізу қажеттілігін ескере отырып, логистикалық үдерістерді жетілдірудің негізгі бағыттарын жүйелеу бойынша ғылыми ұстанымдарға негізделген жеке пайымдауларды қалыптастыру

Байланыс

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71
Ахметкалиева С.К.
Ұялы тел.: +77077122522
sandygula025@gmail.com

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)