6B04205 Бакалавриат

Құқықтану

Факультет:Заң
Код:6B04205
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)75
ФакультетЗаң
ID1562

Бағдарлама туралы

Білім беру бағдарламасының мақсаты жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікке және іргелі базалық құқықтық білімге ие; мемлекеттік басқару жүйесінде, құқық қорғау қызметінде, азаматтық қоғамның неғұрлым маңызды салаларында жұмыс істей алатын; құқықтық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін; заңтану саласындағы лауазымды тұлғалардың, мамандар мен сарапшылардың функцияларын орындай алатын білікті мамандарды даярлау.

Түлек моделі

1.Қазақ, орыс және шет тілдерін ауызша және жазбаша меңгеру; құқық қорғау қызметінде құжат айналымын және іс қағаздарын жүргізу; халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу; құқықтық категорияларды түсіндіру; олардың мағынасын түсіндіру және оларды практикада қолдану; ғылыми білімнің объективті мазмұнын алу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу әдістерін меңгеру.
2.Бизнес, қаржы, мемлекеттің қаржылық қызметі, қаржылық дауларды шешу, халықаралық және ұлттық қаржы саясаты, қаржы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік саласындағы құқықтық реттеудің ерекшеліктерін білу және түсіну; жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында осы нормаларды іс жүзінде қолдана білу; қаржылық ақпаратты түсіну және қаржы құралдарын пайдалану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлық дағдыларын оның ішінде цифрлық технологияларды меңгеру.
3.Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; ақпараттық деректер банкімен; электрондық үкіметпен; электрондық сот ісін жүргізумен жұмыс істеу дағдыларын көрсету; қазіргі заманғы мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру шегінде іс жүргізу құжаттарын жасау; әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру; ұйым қызметкерлерімен құпиялылық туралы келісімдерді әзірлеуге немесе ақпаратты жария етпеуге қатысу.
4.Ұлттық және халықаралық нормативтік құқықтық актілерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы талқылау, түсіндіру және қолдану; конституциялық, қаржылық, әкімшілік, азаматтық, кедендік, еңбек, қылмыстық, халықаралық-сауда, салықтық құқық қатынастарын талдау және саралау; қазіргі заманғы құқық нормаларын практикада қолдану, құқықтық жағдайларды, күрделі еңбек мәселелерін, еңбек тәртібін бұзушылықтарды шешу; әлеуметтік шиеленістер мен еңбек жанжалдарының/даулардың пайда болуындағы тәуекелдерді анықтау.
5.Экологиялық, жер, су және аграрлық заңнаманың құқықтық нормаларын білу және дұрыс қолдану, жер қойнауын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу ерекшеліктерін талдау және бағалай білу; еңбек тәртібін бұзушылықтарды қарау және тәртіптік жаза қолдануды ресімдеу дағдыларын меңгеру; еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
6.Азаматтық, кәсіпкерлік, еңбек және келісімшарттық құқық саласындағы құқықтық құжаттарды жасау, ресімдеу, жүйелеу; құқықтық іс-әрекеттердің барлық түрлерін жүзеге асыру: шарттарды, талап-арыздарын жасау; құқықтық қорытындылар, пікірлер беру; түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, халыққа құқықтық көмек көрсету; ұйымның корпоративтік мәдениеті мен құндылықтарын басқару саласындағы саясатты, мінез-құлық кодекстерін, тану бағдарламаларын әзірлеу.
7.Отандық және халықаралық кедендік құқық нормаларын қолдану және жасалған кедендік келісімдер мен тауар айналымы шарттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сауда қатынастары, ішкі және сыртқы сақтандыру және инвестициялау саласындағы құқықтық мәселелерді шешудің оңтайлы нұсқаларын жіктеу білімдері мен дағдыларын көрсету.
8.Қылмыстық, әкімшілік және өзге де құқық бұзушылықтарды саралау; оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу; соттылығы мен ведомстволығын анықтау; құқық бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыру, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою.
9.Прокурорлық қадағалауды, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға, тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргізуге; қылмыстың фактілері мен мән-жайларын белгілеуге, қылмыстық процеске қатысатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге; қылмыстық іс бойынша процестік шешімдер қабылдау; хаттамалар мен өзге де процестік құжаттарды жасау.
10.Қылмыстарды тергеудің техникалық-криминалистикалық құралдары мен әдістерін қолдану, қылмыстарды ашу және тергеу әдістерін меңгеру; материалдарды дайындау және қолжазба, фототехникалық, трассологиялық, баллистикалық, фоноскопиялық және басқа да сот сараптамаларының түрлерін тағайындау; сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
11.Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; заңнамадағы олқылықтарды анықтау және заңнамалық техниканы меңгеру негізінде оны жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу; бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қорғаудың сот және соттан тыс рәсімдеріне қатысты білімді практикада қолдану; азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын қолдану; цифрлық кеңістікте адам құқықтарын қорғауды реттейтін ұлттық және халықаралық нормативтік құқықтық актілерді, жасанды интеллектті пайдаланудың құқықтық тәсілдерін түсіну және қолдану; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда, алдын алуда және талдауда АИ рөлін бағалау
12.Мемлекет пен құқықтың мәнін, нысаны мен функцияларын түсіндіру; қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің дамуының негізгі кезеңдерін анықтау; философияның, әлеуметтанудың, саясаттанудың, мәдениеттанудың, психологияның маңыздылығын, қоғамның әлеуметтік-этикалық, инклюзивті ерекшеліктері мен құндылықтарын түсіндіру; денсаулықты сақтау және нығайту дағдыларын меңгеру; тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтарын анықтау; Әл-Фараби, Абай ғылыми және философиялық мұраларының маңызын бағалау.

Байланыс

Ахатов Уәлихан Ақыпбекұлы-деканның оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, з.ғ. к., профессордың м. а. - +77045753079
Ибраева Алуа Саламатқызы-з.ғ. д., профессор - +77015556466
Жәнібеков Ақынқожа Каленұлы-PhD, қауымдастырылған профессор - +77787778480
Ермұхаметова Сәуле Раиымқызы-з.ғ. к., доцент - +77755056937
Ережепқызы Роза - философия докторы (PhD), аға оқытушы - +77772199979

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама

🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!