6B07302 Бакалавриат

Геоинформатика

Факультет:География және табиғатты пайдалану
Код:6B07302
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетГеография және табиғатты пайдалану
ID1625

Бағдарлама туралы

Геоинформатика және Жерді қашықтықтан зерделеу саласындағы мамандарды мамандандырылған ҒЗИ, ғылыми-өндірістік ұйымдар мен қауымдастықтар, ұлттық және өңірлік жер комитеттері, мемлекеттік басқару органдары мен бейінді министрліктер үшін сапалы даярлау.

Түлек моделі

1. ГАЖ және картографиялық мәліметтер базасы негізінде географиялық ақпаратты картографиялаудың теориялық принциптерін анықтау.
2. Векторлық графикамен, растрлық графикалық редакторлармен жұмыс істеуге арналған программалық құралдардың түрлерін жіктеу.
3. Кеңістіктік объектілерді, процестер мен құбылыстарды модельдеу, әр түрлі типтегі және мақсаттағы кеңістіктік деректер базасын, ГАЖ-ны жүргізу және жаңарту бойынша топтың қызметін бақылау және реттеу, топографиялық карталарды цифрлық түрде құрастыру, нормативтік құжаттарды әзірлеу және енгізу кезінде жобалау, шешімдер қабылдау және көзқарастарды үйлестіру.
4. Ғарыштық және аэрофотограмметриялық түсірілім материалдарын өңдеу кезінде талдаулар мен шешімдерді қолдану, аэроғарыштық түсіру жұмыстарын жобалау және жоспарлау, жүктелген міндеттерді шешу үшін ең оңтайлы түсіру параметрлерін анықтау, аэрофототүсірілімдерді және аэрофототүсірілім материалдарын кейінгі өңдеуді жүзеге асыру, аэрофотосуреттер мен олардың сыртқы элементтерін алу.
5. HTML гипермәтіндік белгілеу тіліне негізделген Web-парақшаны жасау, Javascript көмегімен Web-сайт жасау, LAN және WAN желілерін құру әдістерін қолдану.
6. Заманауи геодезиялық жабдықтарды пайдалану және инновациялық лазерлік әдістерді өндіріске енгізу .
7. Жалпы географиялық және тақырыптық бағыттағы карталарды жобалау және құрастыру үшін 3D виртуалды карталарын қолдану.
8. Өндіріске заманауи технологияларды және геодезиялық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша шешімдерді талдау, графикалық кескіндерді өңдеу кезінде жобалау және шешімдер қабылдау, сондай-ақ нәтижелерін құрастыру және ұсыну, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды пайдалану, картографиялық материалдарды жариялым жасау технологиялары мен ерекшеліктерін білу.
9. Географиялық мәліметтер қорын әзірлеу және толықтыру, ақпаратты тиімді қабылдау үшін үлкен маңызы бар картографиялық кескіндердің графикалық нұсқасын құрастыру.
10. Бағдарламалау тілдерінің жалпы түсініктерін сипаттау (C++, Python, R), кеңістіктік деректерді өңдеу, геоөңдеу қолданбалары үшін бағдарламалау тілдерін қолдану, сонымен қатар дұрыс және ыңғайлы веб-сайт құрылымын жасау және ресурс қолданушыларына кері байланыс беру.
11. Қолданбаларды масштабтау, контекстік жарнаманы жүргізу, сондай-ақ ақпаратты талдау және сайтқа техникалық жақсартуларды жүргізу, тұжырымдамалары және мазмұны ұқсас сайттарды бақылау мүмкіндігін қосу.
12. Сыбайлас жемқорлық жағдайларын моральдық-этикалық нормаларға сәйкес бағалау үшін заңнамалық және құқықтық негіздерді пайдалану, индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған экономикалық ойлау тәсілін меңгеру, әл-Фараби мен Абай идеяларының қоғамдық сананы жаңғыртуда даму процестеріне әсер ету сипатын көрсету.

Байланыс

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 315, 313, 303, 112 ауд.
Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1274; 1349; 1224; 1481
E-mail:Turapovarahat@gmail.com

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)