6B05205 Бакалавриат

География

Факультет:География және табиғатты пайдалану
Код:6B05205
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетГеография және табиғатты пайдалану
ID1628

Бағдарлама туралы

География ғылымының проблемаларын бағалауға және талдауға, білімнің жаңа объектілерін игеруге, сондай-ақ, географиялық проблемалар саласында жаңа білім қалыптастыруға, өндірістік міндеттерді тұжырымдауға және оларды зерттеудің инновациялық әдістері арқылы жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау. Бағдарлама ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік органдарда және қызметі географиялық зерттеулермен байланысты жеке компанияларда географ-зерттеушінің кәсіби функцияларын орындай алатын білікті жұмысшыларды даярлауға арналған.

Түлек моделі

1. Қазіргі қоғамның әлеуметтік-гуманитарлық даму заңдылықтарын түсіну;
2. География ғылымының қазіргі жағдайын, проблемалары мен даму перспективаларын бағалау;
3. Жер беті рельефінің даму тарихын, құрылымын, пайда болу ерекшеліктерін және қазіргі динамикасын түсіну;
4. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму міндеттерін шешуде географияның заманауи әдістерін қолдану;
5. ГАЖ технологияларының көмегімен географиялық ақпаратты өңдеудің заманауи инновациялық әдістерін қолдану;
6. Зерттеудің статистикалық, математикалық, картографиялық әдістерін пайдалана отырып, географиялық зерттеулер жүргізу;
7. Шаруашылық пен халықтың кеңістіктік құрылымдарының қалыптасу заңдылықтарын талдау;
8. Әртүрлі деңгейдегі табиғи-шаруашылық және аумақтық, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің дамуын, қоршаған орта мен халықтың өзара іс-қимылын бағалау;
9. ГАЖ технологияларын және жиналған геодеректер базасын пайдалана отырып, Қазақстан өңірлерінің тақырыптық карталарын жасау;
10. Әлеуметтік-экономикалық, саяси, физикалық-географиялық және геоморфологиялық процестердің қазіргі жағдайына аналитикалық шолу жасау;
11. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылау үшін ұсыну және өз көзқарасын дәлелдеу;
12. Еңбек нарығы сұраныстарының біліктілік талаптарына сәйкес болу; қойылған міндеттерге, проблемалық жағдайларға және т. б. байланысты қызметтің ерекше түрлерін орындай білу.

Байланыс

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 321, 217, 102. ауд.
Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1488; 1970
E-mail: gulnara.nyusupova@kaznu.edu.kz

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)