Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетГеография және табиғатты пайдалану
ID1629
Бағдарлама туралы
Су объектілерінің мониторингін ұйымдастыру, гидротехникалық инженерлік құрылыстарды, ауыл шаруашылығы мелиоративтік жүйелерін, коммуналдық қызметтер мен қауіпті гидрологиялық құбылыстардың салдарын болдырмау және оларға қарсы күрес мәселелерімен айналысатын қызметтерді жобалау және пайдалану үшін су ресурстары мен гидрология саласындағы бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау.
Түлек моделі
1. Елдер мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауға жеткілікті теориялық дайындыққа ие бола отырып, командада және кәсіби қызмет шеңберінде жұмыс істеу арқылы табиғи және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы білімге сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен процестерді талдау.
2. Күтілетін апатты гидрологиялық құбылыс туралы, су ресурстарының жай-күйі, табиғи және жасанды су қоймалары суларының режимі мен сапасы туралы, олардың әлеуетін бағалай отырып сапалы болжам жасау.
3. Іргелі заңдарды, физика-математика ғылымдарының теорияларын, сондай-ақ физика-математика ғылымдарының әртүрлі салаларының типтік есептерін шешу үшін өзінің кәсіби қызметінде физика-математикалық зерттеу әдістерін қолдану.
4. Гидрологиялық желінің жұмыс жоспарларының сапалы орындалуын қамтамасыз ету және мамандарға, сондай-ақ маман емес адамдарға ұсынылатын кәсіби ақпаратты рәсімдеу бойынша мәселелерді шешу.
5. Су объектілерінің режимін талдау, гидрологиялық сипаттамаларды есептеу, жасанды интеллект және ГАЖ технологияларын қолдана отырып гидрологиялық процестерді модельдеу және болжау кезінде алған білімдерін біріктіру.
6. Жер туралы сабақтас ғылымдардағы Гидрологияның міндеттерін, Су шаруашылығы іс-шараларын шешуде шаруашылық қызметтің әртүрлі салаларындағы гидрометеорологиялық ақпараттың маңыздылығын негіздеу.
7. Гидрология ғылымының дамуының қазіргі тұжырымдамасы негізінде гидросферада болатын процестердің заңдылықтарын түсіндіру.
8. Далалық және экспедициялық су-теңдестік зерттеулердің негізгі түрлерін, далалық материалдарды өңдеуді, су-теңдестік бақылауларды ұйымдастыруды жүргізу.
9. Нормативтік құжаттарға сәйкес су шаруашылығы объектілерін жобалау және пайдалану кезінде гидротехникалық құрылыстарды негіздеу үшін гидравликалық есептер жүргізу.
10. ГТИ жобалау және апатсыз пайдалану үшін турбулентті ағынның тасымалдау қабілетін, арналық турбуленттіліктің негізгі сипаттамаларын, шөгінділер мен түптік шөгінділердің механикалық және гидравликалық қасиеттерін анықтау.
11. Шаруашылық қызметті жоспарлау, су ресурстарын бағалау, су шаруашылығы қызметін негіздеу үшін бақылаудың сенімді материалдарының болуы жағдайында және олар болмаған кезде өзен ағындысын есептеу әдістерін пайдалану.
12. Болашақта алдын алу мақсатында су объектілеріндегі қауіпті гидрологиялық құбылыстардың сипаттамаларын машиналық оқыту әдістері арқылы бағалау.

Байланыс
Кафедра мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, ГУК-6 корпусы, 229, 231 каб.
Кафедра телефоны: +7 (727) 377-33-30 (16-01, 12-25)
Мусина Айнур Каировна
e-mail: mussina.ainurk@gmail.com
Қабылдау
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)