- Негізгі бет
- Бакалавриат
- Білім беру бағдарламалары
- Халықаралық құқық
Халықаралық құқық
БIЛIКТIЛIГІ
- бiрiншi жоғары бiлiм - құқық бакалавры
- бiрiншi жоғары қысқартылған бiлiм - құқық бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер келесідей іс әрекетерге мүмкін болады:
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының халықаралық құқыққа сәйкестігін бағалау; Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі нормативтік құқықтық актілерінің сараптама бағасын және құрастыруын жүзеге асыру.
2. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық құқық нормаларын және ішкі заңнамасын нақты жағдайларға қолдану; сыртқы сауда мәмілелерін жасау үшін серіктестермен келіссөздер жүргізу.
3. Тарихи және заң тұрғысынан адам құқықтарына қатысты халықаралық-құқықтық нормаларды талдап, оларды мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарда, құқық қорғау және сот органдарында сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету.
4. Сот, прокурорлық-тергеу, адвокаттық және нотариаттық іс-әрекеттерді реттейтін құқықтық нормаларды қолдану, құқықтық және іс жүргізу құжаттарын ресімдеу, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде жария сөйлеу негіздеріне ие болу..
5. Сыртқы саясатты және халықаралық құқықтық ақпаратты жүйелеуге және жинақтауға, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігі, экономика мен бизнесті құқықтық реттеу туралы анықтамалық және аналитикалық шолулар дайындау; дипломатия және халықаралық қауіпсіздік.
6. Білікті заңи қорытындылар мен кеңестер беру; халықаралық құқық пен ҚР заңнамасына дәл сейкес заңи іс-әрекеттерді жүзеге асыру; заңи, халықаралық-құқықтық және сыртқысаяси құжаттардың жобасын дайындау.
7. Қылмыстарға жол бермеу, оларды жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау және жою; заңсыз мінез-құлықты бағалау және қудалау; ашу, тергеу, қылмысты квалификациялау.
8. Шетел тілін кәсіби деңгейде ауызша және жазбаша түрде игеру, оны кәсіби қызметте қолдану; ақпарат алу, деректерді есептеу, есеп беру, іскерлік хат алмасу үшін қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
9. Ақпараттық технологияларды пайдалануды қоса алғанда, зерттеу жүргізу; алынған нәтижелерді бағалау; ауызша және жазбаша түрдегі ғылыми қызметтің нәтижелерін ұсыну; ғылыми эсселер, баяндамалар, ғылыми мақалалар, дипломдық жұмыстарды жазу, ғылыми жобаларға қатысу.
10. Халықаралық заңгердің кәсіби қызметін жүзеге асыруды тиімді түрде ұйымдастыру, үнемі өз квалификациясын көтеру және магистратурада оқуды жалғастыруға дайын болуы.
11. Әлемнің тарихи-құқықтық, философиялық, діни көрінісінің әмбебап, жүйелік талдауын жүзеге асыру, ғылыми мәселені жүргізудің ғылыми пайымдаулар қабілеттілігін көрсету.
12. Өзінің көзқарасың қалыптастыра алу; топта жұмыс істей білу; отансүйгіштік, әділдік, құқықтық мәдениет, азаматтық және төзімділік қағидаттарына негізделген жеке қарым-қатынас дағдыларын игеру.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген