- Негізгі бет
- Бакалавриат
- Білім беру бағдарламалары
- Аймақтану
Аймақтану
БIЛIКТIЛIГІ
- бiрiншi жоғары бiлiм - әлеуметтік білім бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1. әлемдік-тарихи үдерістер мен халықаралық қатынастардың және әлем елдерінің тарихи дамуының негізгі тенденциялары мен заңдылықтарын, олардың сыртқы саяси бағыттарының даму заңдылықтарына, сыртқы саясатының қалыптасуына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды, аймақтанудың тұжырымдамалық негіздерін, халықаралық қатынастардың теориялары, ғылыми концепциялары мен парадигмаларын сараптайды және ғылыми-зерттеу орталықтары мен оқытушылық қызметте пайдалануға қабілетті болады.
2. Ақпараттық-сараптамалық қызметте пайдалану үшін дүниежүзі тарихының біртұтастығын және жүйелілігін сипаттайтын негізгі фактілер, үдерістер мен құбылыстарды, жаһандану үдерістерінің қарқынын және оның халықаралық қатынастарға ықпалын, халықаралық қатынастардағы негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, экологиялық, мәдени ерекшеліктерін, аймақтардың геосаяси даму ерекшеліктерін өздігінен сараптауға қабілетті болады.
3. Еліміздегі ғылыми-зерттеу институттары мен Орталықтары үшін мемлекеттердің сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардың, халықаралық алаңдағы оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарының өзара байланысын сараптауға, халықаралық қатынастар, экология, геосаясат, геоэкономика теориясы мен ғылыми тұжырымдамалар негізінде аймақтық үдерістерді сараптауға, Қазақстанның, сондай-ақ мамандану аймағы елдерінің мүдделері мен ұстанымдарын қозғайтын маңызды халықаралық мәселелерге талдау, болжау жасауға қабілетті болады.
4. Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің сыртқы және қауіпсіздік саясатының негізгі бағыттарын, мемлекеттердің сыртқы саясаттарындағы геосаяси факторлардың өзара әрекеттесу заңдылықтарын, дипломатиялық және консулдық қатынастардың субъектілері мен объектілерін және заманауи дипломатиялық практиканың нысандары мен әдістерін, халықаралық қатынастар теориясының негізін, заңдылықтары мен табиғатын сараптайды және ҚР СІМ, мемлекеттік ведомстволар, шет елдердегi Қазақстан өкiлеттiгi қызметінде пайдалануға қабілетті болады.
5. шетел тілінде мамандық бойынша мәтіндерді сараптауға, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша шетел тілінде пікірсайысқа қатысуға, өз көзқарастарын жазбаша негізде дәлелді баяндауға және шетел тілінде қоғамдық-саяси және сауда-экономикалық бағыттағы ғылыми және ақпараттық талдау басылымдарының жинағын, дипломатиялық құжаттарды еліміздің СІМ мен басқа да мекемелері үшін дайындауға қабілетті болады.
6. ҚР СІМ-де, халықаралық және қоғамдық ұйымдарда кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде іс қағаздарын жүргізу, ақпараттық құжаттар дайындау, дипломатиялық қызмет негіздері, мемлекеттік протокол, келіссөздер жүргізу теориясын практикада қолдану үшін іскерлік қарым-қатынас өнері дағдыларын меңгереді.
7. қауіпсіздік, интеграция және қақтығыстар теориясы негізінде әлемнің түрлі өңірлеріндегі аймақтық және ғаламдық, ақпараттық қауіпсіздік, экономикалық, экологиялық мәселелерді сараптауға дағдыланады және білімін мемлекеттік құрылымдар мен ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарда қызметте пайдалануға қабілетті болады.
8. Кәсіби деңгейде ауызша және жазбаша түрде шет тілін меңгере отырып, оқыған шеттіліндегі БАҚ материалдарын, кəсіби байланыс саласы шеңберінде шет тіліндегі баспа жəне дыбыс мәтіндерінің түпнұсқаларын түсіндіре отырып, кәсіби қарым-қатынас саласында өз көзқарастарын дәйекті түрде ұсынады және алған білімін мәдени-ағартушылық, орта кәсіби білім жүйесінің мекемелері мен аудармашы қызметте пайдаланады.
9. Мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздік мәселесін, ҚР сыртқы саясатының стратегиялық бағыты мен нормативтік-құқықтық актілерін, халықаралық қатынастар теориясының даму үрдісін, қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі мәселелерін,әлемдік саяси үрдістің негізгі сипаттамаларын, халықаралық қатынастардағы қақтығыстардың әсерін меңгерген дипломатия мен шетел тілдерінің әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, сараптайды және және мемлекеттік ведомстволар, халықаралық байланыстарды қолдайтын немесе халықаралық мәселелермен айналысатын және қоғамдық бірлестіктерде қызметте пайдалануға қабілетті болады.
10. Аймақтану сипатындағы ақпараттарды, ақпараттық қауіпсіздіктің өзгеру заңдылығы мен мәселесін сараптауға және жүйелеуге, жаһандық саяси үдерістердің дамуының негізгі оң және теріс жақтарын бағалауға, аймақтық қақтығыстарды реттеу жобаларын дайындау барысында дипломатиялық, саяси-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық және күш қолдану әдістерін пайдалануға қабілетті болады.
11. Әлем және мамандану аймағы елдерінің физикалық-географиялық, тарихи, саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, демографиялық, лингвистикалық, экологиялық, мәдени, діни және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып кешенді сипаттамасын жасауға және мамандану аймағы елдері мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын саралауға қабілетті болады.
12. Халықаралық ұйымдар мен еліміздің мемлекеттік құрылымдарының мүддесіне сай сыртқы саясат және халықаралық саяси талдау дағдыларын меңгере отырып, шет тілдерінде дипломатиялық протокол, іскерлік келіссөздер жүргізу әдістерін пайдалана отырып, халықаралық кездесулер, конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер өткізуге қабілетті болады.
13. Әлемдік және ұлттық философияның, мәдениеттің дамуы туралы, қоршаған ортаны қорғау, адам тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы объективті білім қалыптастыру
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген