6B07111 Бакалавриат

Ғарыштық техника және технологиялар

Факультет:Механика-математика
Код:6B07111
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетМеханика-математика
ID1700

Бағдарлама туралы

Математика, жаратылыстану ғылымдары, техника, компьютерлік технологиялар саласында іргелі білімі бар және оларды деректерді талдау мен өңдеу, ғарыш аппараттарын жобалау және пайдалану үшін қолдана алатын ғарыш техникасы және технологиялары саласында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды сапалы дайындау.

Түлек моделі

1.Математика, физика, механика салаларының іргелі білімдерін көрсету; ракета жасау негіздерін білу; ғарыштық жүйелердің негізгі түсініктері мен қағидаларын білу;
2.Заманауи бағдарламалау тілдері мен қолданбалы бағдарламалық пакеттерді қолдана отырып, ғарыштық техника және технологиялар саласында инженерлік есептерді шешу үшін математикалық мәдениетті, компьютерлік сауаттылықты меңгеру;
3.Математика, механика және заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып, күрделі инженерлік есептерді анықтау, қою және шешу;
4.Ғарыштық техника және технологиялар саласында ғылыми-техникалық әдебиеттерге шолу жасау, ақпарат көздерін талдау, зерттеудің түйінді жерлерін анықтау;
5.Заманауи ғарыштық техника және технологиялар саласындағы ғылыми және қолданбалы есептерді шешуге теориялық және сандық әдістерді пайдалану;;
6.Ғарыш аппаратының қозғалысын басқару есертерін шешу үшін қолданылатын математикалық модельдерді және зерттеу әдістерін таңдауды негіздеу;
7.ғарыш аппаратының жекелеген сегменттерін, ғарыш аппараттарын, және олардың қызметтік жүйелерін жобалау;
8.Ғарыш аппараттарын және олардың құраушыларын 3D және имитациялық модельдеу үшін, сонымен қатар серіктік деректерді өңдеу үшін заманауи бағдарламалық пакеттерді пайдалану;
9.Зерттеу нәтижелерін талдау және түсіндіру, және олардың негізінде дәлелді қорытыдылар жасау;
10.Ғылыми және ғарыштық деректерді өңдеу және алынған нәтижелерді қолданып, негізделген қорытындылар жасау, жаңа идеялар ұсыну;;
11.Зерттеу жұмыстарының нәтижесін жалпыландыру, берілген тақырып бойынша баяндамалар жасау, зерттеу нәтижелерімен таныстыру;;
12.Техникалық, іскер, қоғамдық және де басқа мәнмәтіндерді түсіну, денсаулықты сақтау және нығайтуды, қаржылық сауаттылық негіздерін білу, психофизикалық мүмкіндіктерді және қасиеттерді дамытуды, жетілдіруді, көшбасшылық қасиеттерді дамытуды, командада жұмыс істеуді, жауапкершілікті өзіне алуды қамтамасыз ететін практикалық икемділікті және дағдыларды өмірде қолдану.

Байланыс

Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 1 - қабат, 112 кабинет
Телефоны: Анықтама: 8 (727) 377-33-33 , Кафедраның ішкі номері (15-80).

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік(grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек(ақылы оқуға)