6B07113 Бакалавриат

Интеллектуалды басқару жүйелері

Факультет:Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
Код:6B07113
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетАқпараттық технологиялар және жасанды интеллект
ID1956

Бағдарлама туралы

«6B07113 - Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты - қазіргі заманғы интеллектуалды IoT құрылғыларын жобалау, енгізу және пайдалану, IoT құрылғыларына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және қызмет көрсету, өнеркәсіпте, шағын және орта өнеркәсіпте қолданыстағы автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару және интеллектуалдау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау болып табылады.

Түлек моделі

1.Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы әлеуметтік, саяси, мәдени және қаржылық институттардың рөлін талдау, қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты үдерістерді сыни тұрғыда бағалау, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдерін жаһандық және еуразиялық тарихи үдерістер аясында сипаттау.
2.Топта тиімді жұмыс жасау, әлеуметтік және мәдени әралуандылықты құрметпен қабылдау, өз және команданың қызметін сыни бағалау, өз-өзін реттеу, төзімділік, жауапкершілік дағдыларын көрсету, пәнаралық және мәдениетаралық ортада шетел тілін еркін қолдану үшін жоғары коммуникативтік құзыреттілікке ие болу.
3.IoT құрылғыларына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау, қолданушы интерфейсін, қолданбалардың бизнес-логикасын және машиналар арасындағы өзара әрекеттесуді бағдарламалау.
4.IoT құрылғыларын басқару, талдау және мониторинг жүргізу, бекітілген нормативтік құжаттар, метрологиялық сипаттамалар мен жұмыс режимдеріне сәйкес бақылау жүзеге асыру.
5.Өндірістік-технологиялық процестерді басқару міндеттерін зерттеу, жасанды интеллект әдістерін қолдану арқылы шешім қабылдау, интеллектуалды басқару жүйелерін сынау, енгізу және сүйемелдеу.
6.Жоғары математика, автоматты басқару, электротехника және автоматты реттеу жүйелерінің ұғымдық аппараты, әдістері мен құралдарын өлшеу құралдарының деректер ағынын талдау және синтездеу үшін қолдану.
7.Техникалық нысандардың цифрлық жүйелері мен цифрлық егіздерін жобалау және әзірлеу, оның ішінде модельдеу, схемотехникалық жобалау, бағдарламалық жүзеге асыру және верификациялау.
8.Үлкен деректерді талдау, оларды сақтау, өңдеу және талдау үшін бағдарламалық құралдарды жобалау және әзірлеу, заманауи қолданба архитектураларын қолдау үшін бұлттық платформаларды пайдалану.
9.Жаңа технологияларды, соның ішінде цифрлық егіздер мен CAD/EDA құралдарын қолданыстағы IoT жүйелерімен және интеллектуалды басқару платформаларымен біріктіруге арналған инновациялық шешімдерді әзірлеу.
10.Пәндік саланы талдау, деректерді өңдеу және жүйелерді басқару үшін тиімді алгоритмдерді жобалау және әзірлеу, тиімді бағдарламалық шешімдер жасау үшін заманауи құралдар мен әзірлеу орталарын пайдалану, нақты мәселелерге сәйкес келетін алгоритмдер мен деректер құрылымдарын таңдау.
11.Желілік жабдықты орнату, қызмет көрсету және мониторинг жүргізу, деректер алмасу протоколдарын, желілік қосылым орнату әдістері мен ережелерін, негізгі желілік қызметтер мен ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын қолдану.
12.Индустрия 4.0 жағдайында өндірістік процестерді автоматтандыру мен сапаны бақылауға арналған кешенді цифрлық шешімдерді әзірлеу, енгізу және бағалау, заманауи сенсорлық технологиялар, жасанды интеллект және сапаны статистикалық басқару әдістерін халықаралық стандарттар мен кәсіби стандарттарға сәйкес қолдану.

Байланыс

Амирханова Гульшат Аманжоловна
Лауазымы: кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, аға оқытушы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71
тел:+77076368078

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік(grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек(ақылы оқуға)