- Негізгі бет
- Бакалавриат
- Білім беру бағдарламалары
- Археология
Археология
БIЛIКТIЛIГІ
- бiрiншi жоғары бiлiм - гуманитарлық білім бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Заманауи зерттеу әдістерін сипаттау және талдау мақсатында археология мәселелері бойынша пәнаралық әдістерді зерттеу процесіне интеграциялау; қоғамдағы ғылым мәселелерін шешу үшін әлеуметтік өзара ынтымақтастыққа, әріптестікке, қоғамдағы сыпайы және толерантты өзара қарым-қатынасқа дайын болу; Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстаным таныту;
2. Археологиядағы трасологиялық, геологиялық, геодезиялық, топографиялық, археогенетикалық, зооархеологиялық, сандық әдістерді сипаттау; археологиялық зерттеудегі социологиялық, саяси, экологиялық процестердің рөлін түсіндіру.
3. Зертханалық-камералдық жұмыстарды жүргізу кезінде пәнаралық зерттеулер және жасанды интеллект әдістерін пайдалану
4. Археологиялық зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау; археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін, қалыптасу процесі және ыдырау немесе өркендеу себептерін түсіндіру
5. Идеялық-тақырыптық мазмұн тұрғысынан әдебиеттерге кешенді талдау жүргізу, шетелдік ғалымдардың ғылыми әдебиеттерін пайдалану және салыстырмалы талдау жасау
6. Шетелдік археологиялық мектептер туралы ой қалыптастыру, шетелдік мемлекеттердегі археологиялық ғылымның даму тарихын жүйелі бағалай алу
7. Зертханалық-камералдық жұмыстарды жүргізе алу; археологиялық қазба жұмыстар кезінде табылған керамика фрагменттеріне трасологиялық сараптама жасай алу
8. Түрі, құрылысы, кезеңдік ерекшеліктері негізінде ғұрыптық жерлеу ескерткіштерін талдауды жүзеге асыру; тұрмыстық, әскери заттар, жерлеу-ғұрыптық рәсімдер негізінде ескерткіштердің мәдени тиесілігін анықтау
9. Шетелдік ғылыми әдебиеттерді сараптау қабілеттерін көрсете алу, теориялық, процессуалдық, постпроцессуалдық археологияның қалыптасу кезеңін сараптау
10. Далалық зерттеу жұмыстары кезінде археологиялық барлау немесе қазба жұмыстарын жүргізу әдістері бойынша білімді пайдалану; археологиялық табылымдарды негіздей отырып, адамның шығу тегі туралы негізгі теорияларды сипаттау
11. Еуропа және Азия елдерінде қолданылатын археологиялық қазба жүргізу әдістерін жіктеу, қазба жүргізу әдістері және археологиялық ескерткіштерді реставрациялау мен консервациялау тәсілдерін саралау
12. Ежелгі және ортағасырлық тайпалардың рухани және материалдық мәдениетіне қатысты ғылыми пікірталас жүргізе алу, ғылыми ойлау қабілеттерін көрсету
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген