- Негізгі бет
- Бакалавриат
- Білім беру бағдарламалары
- Сандық архивтану және құжаттану
Сандық архивтану және құжаттану
БIЛIКТIЛIГІ
- бiрiншi жоғары бiлiм - әлеуметтік білім бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1Электронды архивтердің есепке алу және ғылыми-анықтамалық аппараты жүйесін құру, архив ісінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, архиваралық, қораралық және қорішілік деңгейде құжаттық ақпаратты іздеуді жүзеге асыру; құжаттардың электронды (виртуалды) көрмелерінің ғылыми тұжырымдамасын әзірлеу, архивтік құжаттардың интернет көрмелерін ұйымдастыру
ON2Электронды құжат айналымы жүйесі шеңберінде құжаттандыруды және құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру кезінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану, қазіргі заманғы ЭҚЖ арқылы автоматтандырылатын міндеттер мен процестердің сыныптарын талдау; негізгі функционалдық кіші жүйелерді және олардың кешенді ЭҚЖ шеңберіндегі өзара іс-қимылын сипаттау; электронды құжат айналымы жүйелерінде жұмыс жүргізу
ON3Архивтік менеджмент пен маркетинг және персоналды басқару саласындағы мәселелерді шешу үшін бағдарламалық жасақтаманы қолдану, ұйымдағы ақпараттық ресурстарды жіктеу, архивтік менеджмент және персоналды басқару саласындағы ұйымдастырушылық және басқарушылық міндеттерді шешу үшін кеңсе бағдарламаларымен жұмыс жасау
ON4Әртүрлі деңгейдегі архивтерді электронды құжаттармен толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; электронды құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, сараптамалық қорытынды жасау
ON5Архивтану, оның ішінде шетелдік архивтану, құжаттану, іс жүргізу, архив ісінің теориясы мен тәжірибесі, археография салаларындағы кәсіби қызметке қажетті іргелі білімдерін көрсету
ON6Архив ісінің ақпараттандыру үдерісін түсіндіру, микрофильмдеу және цифрлау үшін өшіп бара жатқан мәтіндері бар құжаттарды анықтау, қағаз жеткізгіштердегі құжаттарды, фотоқұжаттарды, фоноқұжаттар мен бейнеқұжаттарды цифрлау технологияларын және құрылғыларын таңдауда бағдарлану; ұйымдарда құжаттау процестерін цифрландыру бойынша тәжірибелік міндеттерді шешу
ON7Кәсіби қызметте ақпараттық жүйелер (тілдер және бағдарламалау, компьютерлік графика негіздері) және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар (смарт технологиялар, мобильді қосымшалар) саласындағы базалық білімді пайдалану; деректер базасын құру және Интернет ресурстарын пайдалану; ақпараттарды жасау, өңдеу және қорғау үшін технологияны, бағдарламалық қамтамасыз етуді және форматты таңдау
ON8Ғылыми зерттеулерде технотронды құжаттарды пайдалану; аудиовизуалды және электронды құжаттарға деректанулық талдау жүргізу; электронды жарияланымдарды, деректер базасын және басқа да ғылыми-білім беру ресурстарын құру
ON9Мекеменің электронды архивтер тұжырымдамасын әзірлеу, жобалау және құру; электронды архивтерді тіркеуді жүзеге асыру; тәжірибелік қызметте электронды құжаттарды басқару принциптерін қолдану
ON10Архив ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуде автоматтандырылған жүйелерді енгізу және пайдалану, БҚҚ және архив ісінің қолданбалы міндеттерін шешу үшін Интернет ресурстары мен деректер қорын пайдалану
ON11Кәсіби қызметте философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, мемлекеттік мекемелер тарихын, экология, экономикалық және құқықтық білім негіздерін пайдалану; тиісті коммуникациялық технологиялар мен коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, коммуникативтік үдерісті сауатты құру; іскерлік ауызша және жазбаша тілді логикалық дұрыс, дәлелді және анық құру, дұрыс, адамгершілік-жауапты шешімдерді өз бетінше қабылдау
ON12Электронды құжаттарды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыс түрлерін жүзеге асыру, электронды құжаттардың бар болуын, физикалық және техникалық жай-күйін тексеруді жүргізу, архивтік аутсорсингтің жұмыс істеуін ұйымдастыру, сақтандыру қорын және пайдалану қорын құру
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген