6B05404 Бакалавриат

Есептеу ғылымдары және статистика

Факультет:Механика-математика
Код:6B05404
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)95
ФакультетМеханика-математика
ID2209

Бағдарлама туралы

Білім беру бағдарламасы білім алушыларда есептеу ғылымдары мен статистика саласында өзекті білім мен құзыреттілікті қалыптастыруға, есептеу және статистикалық деректер негізінде нақты процестердің математикалық және компьютерлік модельдерін жасауға, оларды зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін таңдауға, оқытылатын ғылым салаларында кәсіби қызмет міндеттерін шешу үшін қосымшалар мен бағдарламалық өнімдерді жасауға, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру дағдыларын және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға бағытталған.

Түлек моделі

1.Математикалық сауаттылықты, логикалық ойлауды және математика әдістерінің негізгі ұғымдары мен идеяларын білуді көрсету ;
2.Ғылыми-экономикалық саладағы білімдерді кәсіби және әлеуметтік ортада ғылыми-зерттеу, қаржылық, кәсіпкерлік және қолданбалы мәселелерді шешу үшін пайдалану.
3.Зерттелетін мәселенің деректеріне сәйкес статистикалық гипотезаларды талдау қабілетін көрсету.
4.Қазіргі уақытта күрделі математикалық модельдер мен есептерді шешудің негізгі құралы ретінде есептеу математикасы мен статистика әдістерін меңгеру.
5.Қазіргі қоғамдағы жауапты және кәсіби қызмет үшін әлеуметтік және гуманитарлық білімдерді қолдану.
6.Пәндік саладағы есептерді шешу әдістерін іске асыру үшін бағдарламалау құралдарын пайдалану.
7.Есептеу ғылымдары мен статистика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу немесе конференцияларда баяндама жасау арқылы қорытындылау.
8.Есептеу және статистикалық деректерге, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктеріне сүйене отырып, нақты үдерістердің компьютерлік модельдерін құру.
9.Математикалық әдістердің құралдары мен принциптері негізінде зерттелетін объектінің математикалық модельдерін құру.
10.Әр түрлі сипаттағы статистикалық деректерге сандық бағалау әдістерін қолдану.
11.Зертханалық және сандық эксперименттер жүргізу кезінде нәтижелердің дәлдігі мен дұрыстығын бағалау.
12.Математикалық және статистикалық мәселелер бойынша шешімдерді топпен жұмыс істеу барысында дәлелдеп көрсету.

Байланыс

Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 5 қабат, 506 кабинет.

Кафедра телефоны: 8 (727) 221-15-73

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама

🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!