6B10105 Бакалавриат

Қоғамдық денсаулық

Факультет:Медицина және денсаулық сақтау
Код:6B10105
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)75
ФакультетМедицина және денсаулық сақтау
ID2346

Бағдарлама туралы

Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалауды жүзеге асыруға және халық денсаулығының алдын алу мен қорғау жөніндегі тиімді іс-шараларды жүргізуге қабілетті Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы білікті мамандарды даярлау

Түлек моделі

1.Қоғамдық денсаулық саласындағы мәселелерді шешу үшін қоғамдық және биомедициналық ғылымдар саласында алған білімдерін пайдаланады
2.Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес өзінің кәсіби қызметін ұйымдастырады
3.Халықтың денсаулық жағдайына мінез-құлық, әлеуметтік және экологиялық детерминанттардың әсерін талдайды
4.Инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың деректерін есепке алу және статистикалық өңдеу әдіснамасын қолданады
5.Халықтың сырқаттанушылығы мен әртүрлі ішкі және сыртқы факторлардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтайды және растайды
6.Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің көрсеткіштерін және халық денсаулығының демографиялық көрсеткіштерін талдайды.
7.Халықтың денсаулық жағдайы және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы дәрежесі туралы деректерді мониторингілеуді, талдауды және бағалауды жүзеге асырады
8.Халықтың денсаулығын ілгерілету және қорғау, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және басқарады, олардың тиімділігін бағалайды.
9.Қоғамдық денсаулық сақтаудың әртүрлі деңгейлерінде халықтың денсаулығын қорғау үшін басқарушылық шешімдерді әзірлеуге қатысу кезінде сыни ойлау дағдыларын қолданады
10.Төтенше жағдайлар кезінде инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалауды және шекараларды аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастырады
11.Жаңа технологияларды пайдалана отырып, қоғамдық денсаулық проблемаларын тиімді шешу үшін мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, Халықпен, БАҚ-пен тиімді жеке және сектораралық өзара іс-қимылды құрады
12.Кәсіби этиканың жоғары стандарттарын көрсетеді және өз қызметінде этикалық қағидаларды сақтайды

Байланыс

Мамырбекова Салтанат Апбасовна, +770073049200, ішкі номері 1623

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама

🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!