6B05110 Бакалавриат

Зоология

Факультет:Биология және биотехнология
Код:6B05110
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)70
ФакультетБиология және биотехнология
ID2433

Бағдарлама туралы

Іргелі және қолданбалы зоология мен жануарлар экологиясы саласында далалық және зертханалық зерттеулердің заманауи әдістерін меңгерген, ғылым, медицина, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау мекемелері, мәдени-ағарту ұйымдары салаларында cұранысқа ие білікті зоолог бакалаврларды даярлау.

Түлек моделі

1. Ғылыми-философиялық мұра, инновациялардың негізгі түрлері, қаржылық сауаттылық, адам өмірінің қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелері туралы білімді қолдану;
2. Жануарлардың тіршілік процестерін түсіну үшін зоология, химия, математика, биохимия, микробиология, цитология, гистология және генетика саласындағы іргелі білімді түсіндіру;
3. Зоологияда жаратылыстану ғылымдарының заңдылықтарын, формулалары мен әдістерін қолдану;
4. Қазіргі фаунаның жағдайын бағалау және бақылау үшін зоология ғылымының бағыттары бойынша білімді пайдалану;
5. Таксондардың географиялық жасын анықтау және олардың таралу карталарын жасау үшін қазіргі тірі және қазба жануарлардың биологиясы мен экологиясын салыстыру;
6. Зоологиялық зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру үшін биологиялық және статистикалық әдістерді қолдана алу;
7.Халықаралық биоэтика талаптары мен қағидаттарына сәйкес жануарлардың ex situ зертханалық, далалық, мониторингтік зерттеулерін жүргізу;
8. Халықаралық биоэтика талаптары мен қағидаттарына сәйкес жануарлардың ex situ зертханалық, далалық, мониторингтік зерттеулерін жүргізу;
9. Бақылаулар, эксперименттер, жаңа түрлер және т. б. бойынша бірегей мәліметтерді қамтитын мәліметтер базасын толықтыру;
10. Әлемдік ғылыми әдебиеттерді талдауды ескере отырып, ғылыми конференцияларда, қоғамдық тыңдауларда зерттеу нәтижелерін ұсыну;
11. Қолданыстағы зоологиялық әдістерді қолдана отырып, коллекциялық, демонстрациялық макро және микропрепараттар жасау;
12. Ғылыми және өндірістік қызметтегі проблемалық жағдайларды шешуде зоологияның қазіргі бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын түсіндіру.

Байланыс

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)