6B05405 Бакалавриат

Қолданбалы математика

Факультет:Механика-математика
Код:6B05405
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)95
ФакультетМеханика-математика
ID2441

Бағдарлама туралы

Бағдарлама компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, математика, физика, ақпараттық технологиялардың соңғы жетістіктеріне негізделген заманауи ғылым мен техниканың ғылыми және практикалық мәселелерін шешуге қабілетті, қолданбалы математика саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Студенттер терең математикалық білім алады, сонымен қатар заманауи ақпараттық технологияларды меңгереді. Студенттер заманауи бағдарламалау тілдері мен технологияларын қолдана отырып, ғылыми және инженерлік есептерді шешу үшін математикалық модельдерді жобалауды, зерттеуді, түсіндіруді және оңтайландыруды үйренеді. Оқытудың келесі бағыттары қарастырылған:
– Жаратылыстану ғылымдарының есептерін модельдеудің математикалық және компьютерлік әдістері;
– Математикалық модельдеу, басқару және ақпаратты өңдеу.

Түлек моделі

1.Математикалық сауаттылықты, логикалық ойлауды және математика әдістерінің негізгі ұғымдары мен идеяларын білуді көрсету;
2.Зерттелетін процестердің математикалық үлгілерін және оларды шешу әдістерін жасауда іргелі математика және жаратылыстану ғылымдарының білімін қолдану;
3.Заманауи бағдарламалау тілдері мен технологияларын, жасанды интеллект әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, ғылыми және инженерлік есептерді шешудің математикалық модельдерін зерттеу;
4.Зерттеу есебін шешу үшін математикалық әдістер мен модельдерді орынды таңдап, нақтылай және қолдана білу;
5.Математикалық модельдер негізінде құрылған қолданбалы есептерді шешу үшін есептеу эксперименттерін жүргізуде тиімді сандық әдістер мен алгоритмдерді бағдарламалық пакеттер түрінде қолдану;
6.Есептеу эксперименттерінің деректерін талдау және визуализациялау арқылы зерттелетін құбылыстың пәндік саласы бойынша нақты ұсыныстарды тұжырымдау арқылы физикалық, математикалық және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін зерделеу;
7.Бағдарламалау тілдерін, алгоритмдерді, деректер құрылымын және олардың күрделілігін, еңбек сыйымдылығын және сапасын бағалауды, сондай-ақ жасанды интеллект әдістерін білуді қоса алғанда, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің іргелі принциптерін қолдану;
8.Басқарудың теориялық тұжырымдамаларын практикалық есептерді шешу үшін қолдану;
9.Ресурсты көп қажет ететін есептерді шешу және үлкен деректерді өңдеу үшін интеллектуалды талдаудың заманауи әдістерін, параллельді және бөшектеп есептеу технологияларын қолдану;
10.Әлеуметтік, этникалық, діни және мәдени ерекшеліктерді шыдамдылықпен қабылдай отырып, өзінің қызметін, ұжым қызметін сыни тұрғыдан бағалай отырып, топта жұмыс жасау;

Байланыс

Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 3 қабат, 318 кабинет

Кафедра телефоны: 8 (727) 221-15-89

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама

🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!