Тарих
БIЛIКТIЛIГІ
- бiрiншi жоғары бiлiм - білім бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON 1 Тұтас азаматтық қоғамды дамыту үшін адамгершілік және азаматтық, құқықтық, экологиялық ұстанымды көрсете отырып, гуманитарлық білімді, мәдениетті, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруда ұлттық сананы, ұлттық бірегейлікті дүниетанымдық негіздердің, этнопедагогикалық білімнің, философиялық идеялардың құрамдас бөлігі ретінде қабылдаудың маңыздылығын негіздеу.
ON 2 Тарих ғылымының, тарихнама мен деректанудың жетістіктері, принциптері, заңдылықтары негізінде ежелгі, ортағасырлық, жаңа, қазіргі заман тарихының тарихи үрдістерін синтездеу.
ON 3 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мен бақылаудың түрлі құралдарын пайдалана отырып, Қазақстанның ежелгі, ортағасырлар, жаңа, қазіргі заман тарихы мен дүниежүзілік тарих бойынша тарихи құбылыстады, оқиғалар фактілерін талдау барысында оқытудың дамушы технологияларын түсіндіру және оларды құқық және дінтану негіздері сабақтарында қолдану.
ON 4 Тарихи дереккөздер мен ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде және тарихтың дәуірлерге бөлінуін ескере отырып, дүниежүзілік тарих, Қазақстан тарихы бойынша әлеуметтік-мәдени үдерістерді түсіндіру үшін тарихи ақпаратты жүйелеу.
ON 5 Ғылыми қағидаттар мен мамандандырылған, жалпы ғылыми әдістер, тарихнама және деректану негізінде себеп-салдарлық байланыстарды айқындай отырып, Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарихтың процестері мен фактологиясын, әлеуметтік құбылыстарды талқылау.
ON 6 Тарих пәні мұғалімінің басқару, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, зерттеу және тәрбие қызметін жетілдіруге бағытталған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларымен сәйкес тұтас педагогикалық үдеріс пен ғылыми-әдістемелік жұмысты жобалау.
ON 7 Жоғары мектептің дидактикасы, менеджмент пен тәрбие теориясы білімі, діни білім беруді дамытудың ерекшеліктері негізінде тарих мұғалімінің басқарушылық қызметін көрсету, жалпы білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқытудың жаңа тәсілдерін, технологиялары мен әдістерін іздестіру және таңдау.
ON 8 Білім алушының жеке және жас ерекшеліктері мен инклюзивті қажеттіліктерін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу.
ON 9 Білім беру саласында мәдени-демалыс жұмысын және тьюторлық қызметті ұйымдастыру.
ON 10 Инклюзивті білім беру ортасына жағдай жасау және оларды мектептер, колледждер қызметінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін кәсіпкерлік, құқықтық дағдыларды қолдана, әлеуметтік өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа қабілеттілігін көрсете отырып инновациялық, түзеу-дамыту бағдарламаларын әзірлеудің маңыздылығын негіздеу.
ON 11 Жаңа технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың ғылыми жобалар мен дипломдық жұмыстарға қатысу нәтижелерін қорытындылау және тарихи-педагогикалық зерттеулер жүргізу.
ON 12 Болашақ тарих мұғалімінің коммуникативтілігін, стреске төзімділігін, сыни ойлауын және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырудың тәжірибеге бағытталған бағытын болжау, олардың теориялық білімдерін игеруін, коммуникативті дағдылар мен педагогикалық құзыреттіліктерді, білім беру сапасын басқаруда сындарлы шешімдер қабылдау үшін оқыту тәжірибесін қалыптастыру.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген