6B03211 Бакалавриат

Әскери журналистика

Факультет:Журналистика
Код:6B03211
Білім деңгейіБакалавриат
Шекті балл (ақылы бөлім)80
ФакультетЖурналистика
ID2549

Бағдарлама туралы

Білім беру бағдарламасының мақсаты әскери және қорғаныс тақырыптарын кәсіби жариялауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады. Бағдарлама студенттердің әскери тактиканы, стратегияны, этиканы, сондай-ақ қақтығыстар мен төтенше жағдайлар кезіндегі жұмыс дағдыларын үйренумен қатар, әскери журналистика саласында терең білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Түлектер шынайы және өзекті ақпарат жариялай отырып, әскери құрылымдар мен азаматтық БАҚ-пен тиімді қарым-қатынас жасай алады.

Түлек моделі

1. Командада жұмыс істеу, ұжымдық қарым-қатынаста әлеуметтік-этникалық нормаларды сақтау, азаматтық берік ұстаным мен өз ойларын ашық айту, қорғау және таныту, тұлғалық және кәсіби дамудың перспективалық стратегиясын құру.
2. Ақпараттық мақсаты түрлі аудиторияға бағытталған компьютерлік, фото, аудио - және бейне технологияларды пайдалана отырып, медиа өнімді әзірлеу.
3. Ақпараттық ағындарды талдау, жинақтау және құрылымдау, олардан әскери журналистиканың концептуалды міндеттерін шешуге қажетті өзекті және тиісті ақпаратты таңдау.
4. Әскери басылымдардағы ақпаратқа қойылатын талаптарға сәйкес журналистік мәтіннің ерекшелігін, оның семантикалық және құрылымдық-композициялық ерекшеліктерін талдау (дәлдік, сенімділік, ақпарат көздеріне сілтемелер, фактілер мен бағалаулардың аражігін ажырату, пікірлер мен көзқарастардың плюрализмі және т.б., жарияланымдарды дайындау кезінде аталмыш қағидаларды қолдану.
5. Креативті және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, журнал/газеттерді техникалық әрі көркем безендіру үшін макеттер мен иллюстрациялар жасау.
6. Әскери журналистика құралдарын, сондай-ақ зерттеу, жобалық және кейс-стади әдістерін пайдалана отырып, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайды талдау.
7. Кәсіби қызметте мемлекеттік қауіпсіздік қызмет саласында, кәсіпкерлік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері, экологиялық және философиялық дүниетанымның тарихи дамуы туралы фундаментальды білімді қолдану.
8. Медиа платформалардың концептуалдық және технологиялық ерекшелігіне сәйкес ақпараттың түрі мен сипатына негізделген, жасанды интеллект қолдануымен журналистік мәтінді әзірлеу, редакциялау және рерайт технологияларын қолдану.
9. Әлеуметтік әдістер мен медиа коммуникацияның қазіргі заманғы технологияларын пайдалана отырып, коммуникация арналарына мониторинг жүргізу, логикалық дәлелденген шешімдер қабылдауда зерттеу нәтижелерін түсіндіру.
10. Қоғамдағы құқықтық және этикалық нормалар негізінде әскери мемлекеттік құрылымдармен, медиалық тұлғалармен өзара іс-қимыл механизмдерін әзірлеу.
11. Ақпаратты мақсатты аудиторияға қолжетімді формада, атап айтқанда жасанды интеллектіні пайдалану және ашық көздерден алынған объективті ақпаратты өңдеу арқылы түсіндіру.
12. Ақпарат көзі ретінде сұқбат берушімен өзара іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу, оның іске асырылуын қамтамасыз ету, алынған ақпаратты қажетті мәтін форматында даярлау.

Байланыс

Қабылдау

1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)