8D01101 Докторантура

Педагогика және психология

Факультет:Философия және саясаттану
Код:8D01101
Білім деңгейіДокторантура
Шекті балл (ақылы бөлім)75
ФакультетФилософия және саясаттану
ID1388

Бағдарлама туралы

Психологиялық-педагогикалық ғылымдар әдіснамасының негіздерін және цифрлық технологияларды терең меңгерген, жаңа концептуалды білімдер жасауға қабілетті, халықаралық деңгейдегі жұмыс тілін қолдана отырып, ғылыми талқылау арқылы оларды мамандарға дәлелді таныстыра алатын, зерттеушілік және инновациялық психологиялық-педагогикалық іс-әрекетке икемді , жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау.

Түлек моделі

1.Тұжырымдамалық тұрғыдан ойлау, педагогика мен психологияның өзек- ті бағыттары бойынша жаңа ғылыми жобалардың құрылымы мен мазмұнын әзірлеу, әдістемелік аппаратты жобалау, зерттеу жобасын, педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістерін пайдалана отырып, сапалық және сандық мәліметтерді талдау жасау;
2.Мектеп пен ЖОО арналған білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құжаттамасын, жалпы білім беру мазмұнын тұтастықта жобалау, Қазақстандағы орта және жоғары білім беруді реформалаудың кейбір мәселелерін бағалау және орта және жоғары мектептерді реформалауды тереңдету бойынша өз ұсыныстарын беру,
3.Тұлғаның рухани, әлеуметтік және жеке өмірі контекстінде проблемаларын анықтай отырып, тұлғаның өмірлік мәселелерін шешуге араласу мүмкіндіктерін, білім беру ұйымының психологиялық қызметтерінің қызметін бағалай отырып, білім беруге араласу үшін заманауи психологиялық теорияларды қолдану;
4.Салыстырмалы білім беру саясатының өзекті мәселелерін талдау және оларды шешу үшін әлем елдеріндегі білім беруді дамытудың тарихи және салыстырмалы талдауы негізінде ғылыми ұсыныстар беру;
5.Білім беру саласындағы технологиялар мен тестілеу карталарын, білім беру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етуге, білім беру сапасын арттыруға бағытталған шешімдерді дайындау жөніндегі қызметті жобалау;
6.Квалиметриялық бағалауды қолдануды жоспарлау және квалиметриялық құзыреттіліктерді меңгеру; өзінің қызметтік жұмысы аясында басқару функцияларын кәсіби деңгейде жүзеге асыру және кәсіби мәселелерді білім беру ұйымдарының мүддесіне сәйкес шешу, басқарушылық - аналитикалық құзыреттіліктерді меңгеру,
7.Студенттік орталықтандырылған оқыту мен бағалауды жүзеге асыра отырып, магистратура мен докторантурада оқу сабақтарын ұйымдастыру, оны өзінің кәсіби қызметтің кең саласында шығармашылықпен жүзеге асыру, өзін және басқаларды кәсіби міндеттерін орындауға ынталандыру, өз ісіне жауапкершілікпен қарау, азаматтық және кәсіби борыш сезімін дамыту;
8.Инновациялық ғылыми-білім беру қызметінің стратегиялары мен технологияларын қолдана отырып, Цифрлық ұрпақ оқушыларын оқыту және дамыту үшін Smart -, цифрлық технологиялар мен нейроғылым мүмкіндіктерін сыни тұрғыдан бағалау;
9.Психологиялық-педагогикалық ақпаратты талдау және жинақтау, студенттерді дамытуға ынталандыру арқылы білім алушылардың зерттеу дағдыларын диагностикалауды жүргізу;
10.Дәстүрлер мен қоғамдық нормаларға негізделген білім мен ғылымның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсінуді көрсету, іскерлік және ғылыми-білім беру этикасының нормаларын сақтай отырып, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, нәсілдік, этикалық және кәсіби топтардағы адамдармен, барлық жастағы және өмір салтындағы адамдармен өзара іс-қимылдың барабар әдістерін қолдана отырып, олардың кәсіби қызметіне негізделу;

Байланыс

Мурзагулова Мейрамгуль Дауренбековна
+7-707-744-7159

Қабылдау

1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)