- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Философия
Философия
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1. қазіргі заманғы үрдістерді, даму бағыттары мен заңдылықтарын, сондай-ақ жаһандану мен интернационалдандыру ахуалындағы әлемдік және отандық философияның жетістіктерін жүйелі түсіну негізінде заманауи рухани үдерістерге сыни талдау жүргізу;
ON2. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру философиясы саласындағы студенттерге бағдарланған оқыту, бағалау және заманауи тәсілдемелерді ескере отырып оқу сабақтарын өткізу;
ON3. білім беру, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, философиялық пәндер бойынша оқу және ғылыми-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
ON4. ғылым этикасы қағидалары және эксперименттік ғылыми қызмет технологияларын, іргелі және қолданбалы әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ұйымдастыру әдістерін меңгеру негізінде жоғары сапалы және нәтижелі ғылыми әзірлемелерді жүргізу;
ON5. қазіргі заманғы философия саласындағы, оның ішінде пәнаралық, халықаралық (зерттеу нәтижелерін кейіннен коммерцияландырумен) ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастауға, басқаруға және/немесе іске асыруға қатысу;
ON6. ғылыми білімнің аталған саласындағы эксперттік бағалау (peer-review) талаптарына сәйкес келетін, ғылыми саланың дамуына үлес қосатын және ғылыми басылымдарда жариялануға лайық сапалы бірегей ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы жаңа ғылыми идеялар мен ой-тұжырымдарды қорыту;
ON7. ғылыми қызметтің нысаналы бағыттары мен коммуникациялық практикалардағы трендтерді анықтауға негізделген ғылыми коммуникация саясатын іске асыру аясында аналитикалық-болжамдық қызметті жүргізу;
ON8. зерттеу нәтижелерін практикада іске асыру үшін ішкі және сыртқы ғылыми мектептермен/орталықтармен ынтымақтастық орнату;
ON9. кәсіби қызметте мәдениет пен қоғамдағы рухани байланыстардың рөлін және адам мен әлеуметтік әлемнің рухани ортақтастығын жүйелі түсінуді, қазақстандық руханилық пен мәдениеттегі философиялық дискурсты ашып көрсететін теориялық және әдіснамалық қағидаларды қолдану;
ON10. қазіргі заманғы философия саласындағы терең білімді кәсіби қызметте түсіндіру және шығармашылық тұрғыда пайдалану, түрлі әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді сипаттау, талдау, болжау әрі олардың сапалық және сандық талдауы негізінде кәсіби мәселелерді шешу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген