- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Музей ісі және ескерткіштерді қорғау
Музей ісі және ескерткіштерді қорғау
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
OН1 музейлік құжаттама мен музейлік коммуникация барысындағы музейлік практикалық қызметке бағытталған өңдеуді қамтамасыз ететін технологиялық әдістемені әзірлеу;музейдің тұжырымдамалық үлгілі міндеттерін келесі ұғымдар арқылы зерттеуді жүзеге асыру: ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелері, коммуникативті жүйе, мәдени үлгі. Мәдениеттің қазіргі заманғы жетістіктеріне сай, музейлік заттарды саралау барысында музейтанулық және ескерткіштанулық ғылыми зерттеу жүргізу, олардың әлеуеттік ортасын, қатынасын, сондай ақ тарихи динамикадағы музейлік үдерістерді тану;
OН2 музейлік экспонациялау ісінде коммуникациялық тәсілдер мен жаңа үрдістер негізінде музей мекемелері мен музейлік қызметтің жекелеген бағыттарын дамытудың тұжырымдамаларын құру үшін музейлік саясаттың басымдықтары мен тұғырнамаларын дайындау; ҚР аумағында музейлік материалдарды жинау үшін ғылыми зерттеу экспедицияларын жүргізу және ұйымдастыру; қазіргі заманғы зерттеушілік танымдарды саралауда музейтану және ескерткіштану мәселесі бойынша ғылыми зерттеу үдерістерін пәнаралық білімде интеграциялау;
OН3 музейлік мекеменің мақсаттарына, міндеттеріне, профиліне қарай ғылыми жұмыстың бағыттарын ұйымдастыру және жоспарлау; зерттеу кезінде ғылыми критерийлер мен тұғырнамаларды қолдану, түрлі конференцияларда ғылыми ізденістердің тұсаукесерін жасау, тарихи-мәдени мұраны сақтау, зерттеу және таныту тұрғысындағы пәнаралық зерттеу бағдарламаларын іске асыру; жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша есеп жүргізу және ғылыми жобалар бойынша қорытынды жасай білу;
OН4 аймақтағы жаратылыстық-тарихи (табиғи), тарихи үдерістерді құжаттау мақсатында қор жинағына материалдар іріктеудің мәдени-білім беру қызметінің үлгілері мен әдістерін, жинақтаудың ғылыми тұжырымдамасының үлгілері мен әдістерін әзірлеу; музейтану, музей ісі және мәдениет саласындағы теориялық және эксперименталдық зерттеулер әдістемесін меңгеру; профильдеуші кадрларды дайындау кезінде музейтану және ескерткіштану зерттеулерінің теориялық негіздері мен әдістерін қолдану; музейтанулық және ескерткіштанулық мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру; ғылыми және білім беру бағыты мақсатында аудио және видеоматериалдарды жасау және қалыптастыру;
OН5 музей қорларын есепке алу, сақтау, ғылыми өңдеу, консервациялау және қалпына келтіру бойынша музей қызметі туралы жүйелі түсінік беретін қор жұмысыың ғылыми тұжырымдамасын жасау; археология және этнология материалдарына, мәдениет, сәулеттік және тарихи ескерткіштер мәселесіне сараптау жасау, ғылыми болжамдар жасай білу;
OН6 пәнаралық зерттеулер негізінде жіне мақсатты, жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде мәдени құндылықтардың түпнұсқалығы, атрибуциясы, сәйкестілігі, бірегейлігі жөнінде дәйекті сараптамалық қорытындылар (түсініктемелер) беру;
OН7 келушілермен жан жақты жұмыс тәжірибесін жүргізудегі, олардың аудиториясының қызығушылықтары мен талаптарын қанағаттандыруда ғылыми коммуникацияның қазіргі заманғы озық технологиясын қолдана отырып, музейлер және тарихи мәдени, табиғи қорықтардың маркетингтік моделін қалыптастыру;
OН8 музейлер, мәдени мекемелер және тарихи мәдени және табиғи қорықтардың фандрайзингтік жүйесін, қарқынды даму жоспарын, макро- және микрросегиментациялық стратегия негізіндегі музейлік менеджмент тұжырымдамасын жасай білу, финанстық ресурстарды бағалай білу. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, виртуальды экскурсияны жасап және тарата алады;
OН9 музейлік, тарихи мәдени ескерткіштерді цифрландыру, жасанды интеллект тұжырымнамасын жасау, оларды виртуалды алаңда, мобильдік қондырғыларда, музейлердің виртуалды кеңістіктерінде, модельдерді көрсетудің 3D сервистерінде тарата білу; ақпараттың күні бойына қолжетімділігін қамтамасыз ететін компьютерлендірілген жүйені тарата білу, музей және мәдени мекемелерде цифрлық маркетингті қолдану;
OН10 тарихи нақты кезеңдерде, оның ішінде қазіргі кезде мәдени және табиғи мұраны сақтау мен игеру ерекшеліктерін талдау; мәдени және табиғи мұраны сақтау мәселелері жөніндегі жобалардың тұсаукесерін жасау.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген