Докторантура
Шетел филологиясы (батыс тілдері)

Шетел филологиясы (батыс тілдері)

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ОН1 Әдістеме тарихында және қазіргі әдебиеттанудағы терең білім көрсете отырып, сол әдістерді ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалану.
ОН2 Қазіргі шетелдік филологияның теориялық-әдістемелік принциптерін, метатілін және метасөздігін филологиялық бағыттар арқылы тұжырымдамаларын филологияның ғылыми мектептері негізінде талдау жасау.
ОН 3 Академилық рефераттарды құрастыру және жазу, ғылыми мақалаларға аннотация, проекттер мен диссертацияларға аннотация жасау зерттеу жұмыстарын лингвистикалық және әдебиеттік талдау және орындау жетекшілігін тәжірибеде қолдана алу.
ОН4 Білім беруді интернационалдандыру жағдайында мәдени айырмашылықтарды, шетел тілі мен әдебиетін оқытудың әдістері мен стратегияларын ескере отырып, жоғары оқу орындарында тілді/әдебиетті оқыту саласында жүйелі түсінікті көрсету.
ОН5 Заманауи компьютерлік технологияларды, лексикографиялық дереккөздерді, лингвистикалық/әдеби зерттеулерді іс жүзінде ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын пайдалана отырып, шетелдік филология саласында ғылыми еңбекті құру, сондай-ақ оның бағалауы және маңыздылығын анықтау.
ОН 6.Білім беру, мәдениет, басқару ұйымдарында, мәдениетаралық коммуникацияның және әлеуметтік-гуманитарлық және тағы басқа да салаларында филологиялық білімді пайдаланумен байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыру.
ОН 7 Мәтіннің әртүрлі деңгейлерінде ұқсас емес тіл мәдениеттерінде жасалған шығармаларды салыстырмалы талдауды, тәуелсіз зерттеулерді жүзеге асыру.
ОН 8 Өзінің құзыретіндегі саласының тақырыбы бойынша кең ғылыми қоғамдастықпен және қоғаммен қарым-қатынас жасау.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Шетел филологиясы (батыс тілдері)
Мамандық шифры
8D02306
Факультеті
Филология

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - академиялық және ғылыми-зерттеу мәтіндерін, рефераттар, аннотациялар, шолулар, әдебиеттерге шолу, ғылыми конференцияға рефераттар, ғылыми мақалалар жазу қабілетін қалыптастыру Оқытылады: Академиялық жазудың негізгі тұжырымдамалары мен түрлері, академиялық жазудағы парафразалар мен дәйексөздер, дискурсивті очерктер, баяндаманың құрылымы, мақалалар мен тезистер зерттелуі.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - көркем мәтінді және оның құрылымын, мәтін ішіндегі элементтердің алмастырылуы, үйлесімділігі, реттілігі тұрғысынан талдау және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Оқытылады: көркем мәтін ұғымы, синтагматикалық және прагматикалық принциптер, көркем мәтінді талдау, мәтін ішіндегі фразааралық байланыстардың түрлері, интерпретация түрлері, композициялық сөйлеу формалары.

Лингводидактиканың өзекті тенденциялары
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – лингводидактиканың өзекті тенденцияларын білу ережелерінің жиынтығы ретінде әдістеменің мәнін дәлелдеу қабілетін қалыптастыру.Зерттелетін болады: лингводидактиканың заманауи теорияларын қолдана отырып, филология ғылымының дамуының негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын, шетелдік филологияның негізгі принциптері мен парадигмалары, лингводидактикадағы ғылыми теориялар мен тұжырымдамаларды жүйелеу.

Шет тілдік филологиялық зерттеудің ғылыми парадигмасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – филологияның негізгі парадигмалары мен ғылым мәселелерін дәлелді әрі кеңейтілген анализ жасау қабілеттерін қалыптастыру. Зерттелетін болады: тіл мен ойдың өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтары, тіл мен қоғам, тіл мен мәдениет, филологияның негізгі әдістері және жалпы ғылыми парадигмалары, ғылыми идеялары мен концепцияларының нақты және теориялық білім жинақы және сыни тұрғыдан түсіндірілу.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Англистиканың өзекті мәселелері (ХХ – ХХІ ғғ.)
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қазіргі англистиканың өзекті мәселелері туралы тұтас түсінік қалыптастыру, сондай-ақ осы салада алынған білімді өз бетінше зерттеу және оқытушылық жұмыста қолдану дағдыларын дамыту. Зерттелетін болады: зерттеудің когнитивті парадигмасындағы қазіргі англистика, қазіргі ағылшын мәтіні мен дискурсының өзекті мәселелері, дискурстың типологиясы мен құрылымы.

Әдебиеттанудағы компаративизм
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазіргі әдебиеттанудың теориялық және әдіснамалық бағыттарын, компаративистиканың негізгі өкілдерінің іргелі жұмыстарын талдау қабілетін қалыптастыру. Зерттелетін болады: Қазіргі әдебиеттанудың әдіснамасы; поэтикадағы әдеби шығармалардың бейнелеу құралдарының жүйесі ғылыми бағыттың негізінде, әдебиеттанудағы салыстырмалы тарихи әдіс, психопоэтика, мифопоэтика, әдеби қызмет түрлері, әдеби шығарманы түсіндіру.

Көркем мәтіннің синтагматикалық және парадигматикалық ерекшеліктері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - көркем мәтінді және оның құрылымын, мәтін ішіндегі элементтердің алмастырылуы, үйлесімділігі, реттілігі тұрғысынан талдау және түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Зерттелетін болады: көркем мәтін ұғымы, синтагматикалық және прагматикалық принциптер, көркем мәтінді талдау, мәтін ішіндегі фразааралық байланыстардың түрлері, интерпретация түрлері, композициялық сөйлеу формалары.

Қазіргі линвгистикадағы макроәлеуметтік лингвистикалық зерттеулер
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – макросоциолингвистиканың тілдік құбылыстары мен лингвистикалық бірліктердің әлеуметтік факторлардың шарттылығын зерттейтін тіл білімінің саласы ретінде жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру. Зерттелетін болды:тілдік қатынастар мен үдерістер, әлеуметтік белгілерге сәйкес ерекшеленетін (жасына, білім деңгейіне байланысты және т.б) ірі әлеуметтік бірлестіктерде – мемлекеттерде, аймақтарда, үлкен әлеуметтік топтарда болып жатқан жағдайлар.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген