Докторантура
Aударма ісі (шығыс тілдері)

Aударма ісі (шығыс тілдері)

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Осы бағдарламаны аяқтаған докторант төмендегідей құзіреттерді танытуға қабілетті:
1.Зерттеу жүргізуге жеткілікті деңгейде қазіргі заманғы шығыс тілін, сонымен қатар қазақ, орыс және батыс тілдерін қолдану; шет тіліндегі, оның ішінде кәсіби бағыттағы ақпаратты алу және жеткізу кезінде тілдік құралдардың тапшылығын толықтыру;
2. Қазіргі аударма теориясының үрдістерін талдау, әртүрлі теорияларды, тұжырымдамалар мен тәсілдерді сыни тұрғыдан бағалау, теориялық және практикалық маңызы бар өзекті проблематиканы әзірлеу;
3. Аударма саласындағы біліміне сүйене отырып шығыс тіліне қатысты нақты аударма мәселелерін қарастыратын төл зерттеу арқылы аударматануға үлес қосу;
4. Байланыс процесін тиімді құруға, шығыс тілінен және шығыс тіліне екі жақты ауызша және жазбаша аударма тәсілдерін ұтымды қолдану; шет тіліндегі түрлі мәтіндерді аудару, аннотациялау және рефераттау;
5. Аударманың қазіргі заманғы лингвистикалық теориясының ережелерін жазбаша және ауызша аудармада, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарында сыни тұрғыдан қолдану;
6.Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, оның ішінде ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін, статистикалық талдау әдістерін, есептілікті жасау дағдыларын, деректерді ана және шет тілдерінде талдап түсіндіру;
7. Пән саласындағы ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін таңдау, кәсіби қызмет саласында ғылыми болжамдарды ұсыну және оларды қорғауға қабілетті болу;
8.Жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу және оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістерін жетілдіру; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау және оларды нақты білім беру міндеттерін шешуде қолдану;
9.Оқытылатын тіл елінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін анықтау, кәсіби бағдарлы қарым-қатынас жағдайын ескере отырып, осы ерекшелікке сәйкес өзінің сөйлеу тактикасы мен тілдік мінез-құлқын қалыптастыру, лингвомәдени фактілерді дұрыс негіздеу және түсіндіру; стереотиптердің ықпалынан арылу және қарым-қатынастың жалпы және кәсіби ;
10. Қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдау және шешу, ұлттық және шет тілдерінде жобалар мен бағдарламалар жасау;
11.Әр түрлі білім беру мекемелерінде және білім берудің әртүрлі деңгейлерінде оқу процесін ұйымдастыруда жаңа интерактивті және сандық технологияларды қолдану;
12. Таңдалған зерттеу бағыты мен жағдайдың талаптарына сәйкес келетін нақты және қол жеткізуге болатын мақсаттарды, міндеттерді белгілеу;

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Aударма ісі (шығыс тілдері)
Мамандық шифры
8D02301
Факультеті
Шығыстану

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты ғылыми мәтінді дайындау дағдысын және зерттеу аясындағы зерттеу сапасын бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән сөйлеудің ғылыми стилін, ғылыми зерттеулердің семантикалық және құрылымдық компоненттерін, ауызша / жазбаша ғылыми сөйлеуге тән белгілерін, ауызша ғылыми сөйлеудің монологиялық және диалогтық жанрларын; ауызша / жазбаша ғылыми коммуникацияға тән сөйлеу этикетінің формулаларын оқытуға бағытталған.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принциптерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру; ғылыми пікірталастарда өздерінің ғылыми пікірлерін білдіруге және қорғауға қабілетін қалыптастыру. Пән ғылымды белгілі бір қызмет түрі ретінде зерттеуге бағытталған; ғылыми таным ұғымдарын; ғылым әдісі мен әдістемесі туралы ұғымдарды; ғылыми зерттеудің жалпы әдіснамалық принциптерін; әдістеме деңгейлері; әлемнің ғылыми картинасының тұжырымдамаларын оқытуға бағытталған.

Ғылыми-зерттеу мақсатындағы шығыс тілі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – оқытылатын тілдің ғылыми стилінің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін саралауға, ғылыми информацияны топтастыруға, информациялық технологияларды тәжірибе жүзінде қолдануға, ғылыми-зерттеу қорытындыларын шығыс тілінде және ана тілінде ғылыми мақала және баяндама түрінде даярлауға оқытуға бағытталған. Пән ғылыми лексиканы зерттеуге бағытталған (тарихи, филологиялық, әлеуметтік - мәдени); оқытылып жатқан шығыс тіліндегі ғылыми, кәсіби тілге байланысты негізгі грамматикалық мәселелерді шешуге, ғылыми стильдің когнитивті және коммуникативті функциясын, оқытылып жатқан тілдің академиялық және ғылыми стильдерінің ерекшеліктерін оқытуға бағытталған.

Заманауи аударма тұжырымдамалары
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазіргі пәнаралық зерттеулер жағдайында аударма ісінің теориялық тұжырымдамаларына ғылыми және сыни тұрғыдан талдау жасай білуге бағытталған. Пән қазіргі аударма ісінің теориялық және практикалық деңгейлерін зерттеуге; аударманың лингвистикалық және әдеби теориясын; қазіргі заманғы көп салалы зерттеулер констекстіндегі аударма теорияларын; жетекші аударма мектептері мен олардың өкілдерінің әдістемелік ережелері мен тұжырымдамалық идеяларын зерделеуге бағытталған.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Аудармашылық зерттеулердің әдістемесі және компаративистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты –зерттелетін курс аясында түсініктер мен терминологияны құра білу; мәтінді талдау мен аударудың соңғы әдістерінің фундаменталды көзқарастарындағы айырмашылықтарды түсіндіру; салыстырмалы ғалымдар мен теориялық аудармашылардың жағдайын талдау; шығыс тіліндегі әдеби мәтінді әлемдік мәдениет және әдебиет контекстінде талдап, бағалау; салыстырмалы зерттеулер мен аударма зерттеулерінің әдіснамасын қолдана отырып, көркем мәтінді шығыс тілінде түсіндіру. Пән аударма әдістері мен лингвистикалық техниканы зерттеуге бағытталған; көркем аударма тарихын, ұлттық шығыс мәдениетіндегі қазіргі заманғы методологиялық тұжырымдамаларды, аударма және мәдениеттану саласындағы ғылыми терминологияны зерделеуге бағытталған.

Мәдениет және аударма:аударманың тиімді стратегиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – шығыс әдебиеті аясында көркем аударма мәселелерін тұжырымдай білу; зерттелетін курстың тұжырымдамалық негізін зерттеу аясында қолдану; мәдениеттанушылардың, әдебиеттанушылардың және теориялық аудармашылардың қазіргі теориялық ұстанымдарына сыни тұрғыдан баға беру және олардың негізгі еңбектеріне шолу жасау; шығыс тіліндегі көркем мәтінді талдау тәсілдерін дамыту; шығыс тілінен аударғанда аударма стратегиясының негізгі түрлерінің жіктемесін жасау; шығыс тіліндегі кәсіби мәтінді талдау және аудару, мәдениеттану әдіснамасын қолдану, теориялық және практикалық мәселелерді шешуге арналған әдеби зерттеулер жүргізу. Пән шығыс елдерінің мәдениеті мен әдебиетін зерттеуге бағытталған; шығыс мәдениетін салыстырмалы түрде талда.

Мәтін және дискурстың өзекті мәселелері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – дискурс пен мәтін ұғымдарының концептуалды айырмашылығын анықтау қабілетін қалыптастыру; дискурс және мәтін ұғымдарының әр түрлі тәсілдерін сыни тұрғыдан бағалау; коммуникативті оқиға ретінде дискурстың құрылымдық сипаттамасының жүйелік, функционалды және негізгі әдістерін қолдану; дискурстың әртүрлі типтері мен түрлерін талдау; әр түрлі дискурстарды кәсіптік қызметте қолдану; мәтіннің типологиясын түсіндіру. П

Мәтінді салғастырмалы және аудармашылық талдау методологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - қазіргі заманғы аударматанудағы маңызды теориялар мен мәселелерді және әдіснамасын актуализациялау қабілетін қалыптастыру. Мәтіндік әрекеттің белгілі бір түрлерін бөлектеу өлшемдерін түсіндіру, мәтіндік линвистикалық зерттеулер саласындағы жетекші бағытарды және олардың әдіснамалық айырмашылықтарын талдау және бағалау, болашақ кәсіби қызметтің қажеттіліктеріне сәйкес мәтінді лингвистикалық өңдеудің заманауи әдістерін қолдану. Пән аударма процестерін зерттеуге, аударма жасаудың алдында анализ жасауға үйретуге бағытталған. Аударманың прагматикалық, шартты және лингвистикалық мәселелері және оларды шешу әдістерін пайдалануды үйретуге бағытталған.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген