- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Шетел филологиясы (шығыс тілдері)
Шетел филологиясы (шығыс тілдері)
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін докторанттар келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі :
ON1) Шығыс филологиясы және аударма ісі саласындағы заманауи және дәстүрлі теориялық концепцияларға талдау жасау;
ON2) Заманауи теориялар мен талдау әдістеріне негізделе отырып, академиялық тұтастықпен сипатталатын жеке дара дербес ғылыми зерттеу жүргізу;
ON3) Шығыс филологиясының, аударма және аударматану концепциялар әдіснамасының теориялық қағидаттарын қолдана отырып, когнитивтік-категориялық аппаратпен еркін жұмыс істеу;
ON4) Теориялық позицияларды таңдау барысында компаративистиканың ғылыми теориялары мен ең жаңа бағыттарының концепцияларына қатысты білімді қолдану мақсатында оларды жүйелеу және интерпретациялау;
ON5) Мәтінмен, мәтіндік корпустармен жұмыс жасауда ЖИ және компьютерлік бағдарламаларды қолдану;
ON6) Шығыс филологиясының мәселелері бойынша зерттеу жүргізу барысында заманауи зерттеу жолдарын талдау және оларды зерттеу үдерісіне сай бейімдеу үшін пәнаралық білімдерді интеграциялау;
ON7) Сыни пайым елегінен өткізілген білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін қолдана отырып, жоғары оқу орындарында әдеби және лингвистикалық пәндер бойынша сабақ өткізу және аудиториядан тыс жұмыс жүргізу үшін оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеп жасау;
ON8) Шығыс филологиясы саласында және лингвистикалық корпус, сөздіктер дайындауда заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жаңалығы бар нәтижелерге жеткізетін ғылыми-зерттеу үдерісін ұйымдастыру және нәтижелерді ғылыми ортада апробациядан өткізу;
ON9) Көркем әдебиетті және медиамәтіндерді талдау жұмысында филологиялық зерттеудің заманауи әдістері мен тәсілдерін әдебиеттану, лингвистика және текстология саласындағы теориялық біліммен синтездеу;
ON10) Зерттелуші шығыс қауымдастықтарының ұлттық-мәдени бірегейлігінің трансляторы болу функциясы қамтылған бағдарламаларды модельдеу және жасау;
ON11) Шығыс филологиясы саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерге, парадигмаларға, теорияларға сай өз теориялық және қолданбалы зерттеулеріне, ғылыми өніміне, концепцияларына сыни тұрғыда баға беру;
ON12) Қоғамда сыпайы және толерантты өзара әрекеттесуге, ғылым проблемаларын шешу үшін әлеуметтік қарым-қатынас және ынтымақтастық орнатуға дайын болу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген