Механика
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1.Наноматериалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін, турбулентті ағындарды, сұйықтықтар мен газдар динамикасының есептерін жоғары өнімді есептеулерді, параллельді есептеулер мен жасанды интеллект әдістерін қолдана отырып жоғары дәлдікпен модельдеу;
2.Теориялық және аспан механикасы есептерін шешудің қазіргі заманғы аналитикалық және сандық әдістерін талдап, нақты физикалық есептің шектеулерін ескере отырып, тиісті әдістерді таңдау;
3.Пластикалық және жылжымалылық теориясының есептерін, деформацияланатын қатты дене механикасының нақты есептерін, жер асты құрылымдарының механикасы, морт қирау механикасы және композиттер механикасы есептерін шешу үшін аналитикалық және сандық әдістерді қолдану;
4.Орнықтылық және орнықсыздық жағдайларын ажырата білу, хаостың туындауын, хаостың ошақтарын және олардың шекараларын анықтай білу, механиканың нақты бағыттарындағы мәселелерді шешу үшін осы білімдерін қолдану;
5.COMSOL Multiphysics бағдарламалық жасақтамасын пайдалана отырып, химиялық реакцияларды ескере отырып, жылу және масса алмасу процестері мен күрделі физикалық құбылыстарды зерттеу.
6.Интеллектуалды мехатрондық жүйелерді модельдеу, есептеу және басқарудың заманауи әдістерін, сондай-ақ жасанды интеллект алгоритмдерін қолдана отырып, атқарушы механизмдер мен роботтарды жобалау;
7.Практикалық ұсыныстарды әзірлеу үшін деректерді өңдеу мен визуализацияның заманауи әдістерін қолдана отырып, механиканың әртүрлі салаларындағы ғылыми деректерді түсіндіру;
8.Ұлттық және халықаралық деректер базасымен жұмыс істей отырып, ғылыми зерттеу әдістемесін қолданып, ғылыми зерттеулердің этикалық нормаларын және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтай отырып таңдалған ғылыми тақырып бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға/жобаларға қатысу, ғылыми өнімділік пен жариялау белсенділігін арттыру, білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту;
9.Оқу процесі барысында әзірленген оқу-әдістемелік материалдарды, оқытудың инновациялық (соның ішінде цифрлық) технологияларын, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын дамыту мен жетілдіру тетіктерін пайдалана отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтай отырып оқу сабақтары кезінде пәндік саладағы психологиялық-педагогикалық білім мен білімнің интеграциясын қамтамасыз ететін ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізу;
10.Студенттердің азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыруға, жаһандық және ұлттық құндылықтарды, академиялық адалдық пен педагогикалық менеджмент принциптерін насихаттауға ықпал ететін жоғары кәсіптік оқу орнының саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасы мен ұйымдастыру мәдениетін қалыптастыру.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген