- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Туризм және қонақжайлық
Туризм және қонақжайлық
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1. Инновациялық тәсілдер мен зерттеу әдістерін қолдану, жетілдіру және дамыту арқылы туризм және мемлекеттік саладағы зерттеулердің қазіргі жай-күйі мен даму үрдістерін бағалаудың ғылыми негіздерін талдау;
2. Түрлі ғылыми құралдарды, соның ішінде маркетингтік технологияларды қолдана отырып, туризм мен қонақжайлылық нарығының компоненттерін бағалау;
3. Аумақтардың туристік әлеуетін бағалаудың бірегей критерийлері мен кешенді әдістерін синтездеу, ақпарат трансферін, идеяларды жинақтауды, қызмет мониторингін, жария ғылыми пікірталастарды жүзеге асыра отырып, зерттеу тобында тиімді өзара іс-қимыл жасау;
4. Туризм және қонақжайлылық саласындағы бағдарламаларды, бағалау құралдарын, технологиялар мен әдістерді, сондай-ақ стратегиялық және тактикалық жоспарлаудың басқа тетіктерін әзірлеудің әдістемелік тәсілдері мен тәсілдерін генерациялау;
5. Туризм және қонақжайлылық саласы үшін ең тиімді шешімдерді жасай отырып, жаңа идеяларды, ғылыми және педагогикалық құралдарды бағалауды, сыни талдауды және синтездеуді автономды режимде орындау;
6. Қонақжайлылық саласындағы басымдықтардың тұрақтылығын ескере отырып, ұлттық туристік өнімді құру мен жылжытудың технологиялық процестерін бейімдеу, жетілдіру және инновацияларды енгізу жолымен түрлендіру;
7. Туризм және қонақжайлылық саласындағы үздік әлемдік тәжірибе негізінде кәсіби арнаулы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіруге бағытталған нормативтік, жоспарлау, оқу-әдістемелік және өзге де құжаттарды дербес және шығармашылық топтар құрамында құрастыру;
8. Туризм және қонақжайлылық саласындағы өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби қызметті тиімді және негізделген бағалау және шешімдер қабылдау үшін жұмыс жағдайлары мен процестерін талдау;
9. Қонақжайлық индустриясы саласындағы ғылыми және қолданбалы жобаларды сараптамалық бағалауды қоса алғанда, туристік өнімді әзірлеу, ілгерілету және іске асыру процесін жобалау;
10. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, ғылыми, білім беру, кәсіби-практикалық қызмет нәтижелерін баяндамалар, есептер, тезистер, ғылыми мақалалар және т. б. түрінде көптілді ортадағы кәсіби емес аудиториямен және мамандардың кең ауқымымен таныстыру;
11. Туристік-рекреациялық ресурстарды бағалаудың, туризмді аумақтық ұйымдастырудың, оның елдік және өңірлік деңгейлерде дамуын жоспарлау мен болжаудың ғылыми негізделген әдістерін енгізу;
12. Креативті шешімдерді, оның ішінде БАҚ, Медиа, шет тілін меңгерудің озық технологияларын пайдалана отырып, кәсіби қоғамдастықпен коммуникация, бұқаралық және мамандандырылған ғылыми басылымдарда (негізінен рейтингтік, жоғары импакт-факторы бар) жарияланымдар арқылы ілгерілету.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген