- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Вирусология
Вирусология
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1) адамдар және қоршаған ортаның биоқауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған Қазақстандық және Халықаралық заңнама саласындағы білімді пайдалана отырып, әртүрлі биообъектілер мен биоматериалдарға төнетін биологиялық кауіптің алдын алу үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алуда құжаттар әзірлейді;
2) вирустардың әртүрлі модельді биообъектілерге: жануарлар, өсімдіктер мен микробтық клеткаларға әсер ету механизмі жайындағы жаңа мәлеметтерді нуклеин қышқылдарын молекулалық гибридизациясы, клеткалар линиясы, оқшауланған вирустарды типтеу әдістері арқылы алады;
3) іргелі және қолданбалы зерттеулер үшін вирустардың идентификациясын жүргізеді;
4) эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігін есептеу үшін инфекциялық қоздырғыштың қоршаған ортаға таралуының ықтимал салдарын болжау үлгілерін құру негізінде вирусологиялық қауіптерді анықтау, бақылау және зерттеу мақсатында биологиялық қауіпсіздік деңгейлерін басқару жүйелерін құрады;
5) қазіргі заманғы теориялар мен вирусологиялық талдаудың молекулярлық әдістеріне негізделген инновациялық жобаларды басқаруды пайдалана отырып, биологиялық, медициналық, экологиялық және ауылшаруашылық сипаттағы мемлекеттік ұйымдар, фирмалар, кәсіпорындар, компаниялар мен институттар үшін вирусология саласындағы ғылыми зерттеулердің стратегиялары мен бағдарламаларын дайындайды;
6) биомедицина, ауыл шаруашылығы, экология, тағам салаларындағы өзекті мәселелерді шешу үшін вирустық инфекциялардың зертханалық диагностикалау әдістерін, ОМИК-технологиялары, иммундық жауаптар негізінде вирустық маркелардың идентификациялаудың жаңа әдістерін, технологияларын және инновациялық өнімдерді әзірлейді;
7) вирусология саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикада қолданады, енгізу актілерін, қорытындылар, патенттер алады және оларды цитирование индексі жоғары басылымдарда жариялайды;
8) ЖОО – да вирусология саласындағы практикаға бағытталған, инновациялық педагогикалық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, пәнді әдістемелік қамтамасыз ету және оқу-әдістемелік құралдарын әзірлей отырып білім береді.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген