Докторантура
Биология

Биология

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - Философия докторы (PhD)

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Зерттеу әдістерін ұйымдастырудағы жүйелілік принципін және ғылыми қызығушылықтары мен ғылыми ақпараттың өзектілігін кешенді бағалауды түсіну;
2. Ғылыми-зерттеу жобасының этикалық тәуекел ықтималдығын ескере отырып жоспарлау, түзету, іске асыру әдістерін талдау және оларды қолданудың тиімділігіне сараптама жасау;
3. Жобаның ұсынылған мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асуын бағалау және логикаға құрылған аргументтерді құру мақсатында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, элементтерін қорытындылау;
4. Зерттеу контекстін әзірлеу және оларды қолдану кезінде күрделі идеяларды жылжыту үшін қажетті көшбасшылық дағдыларға ие болу;
5. Тиісті ғылыми саланың дамуына ықпал ете отырып, ұлттық немесе халықаралық деңгейде мақалалар жариялау және ұсыну үшін түпнұсқадағы зерттеулер жасауға үлес қосу;
6. Ғылым мен білімнің дамуына ықпал ететін қоғам мен тұтастай елдің дамуы үшін өзге де процестерді және сандық технологияны әзірлеу және енгізу кезіндегі сыни ойлау мен талдау принциптерін пайдалана отырып, күрделі идеяларды, жаңа өнімдерді дамыту;
7. Ғылыми және педагогикалық қоғамдастықпен өзара тиімді серіктестік, адал және ашық қарым-қатынас құру үшін кәсіби, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастарды құру;
8. Жаңашыл мұғалімнің негізгі құндылықтарын: кәсіпқойлық, инновация, шығармашыл, меритократия, академиялық және өзін-өзі мәдени дамытуды жетілдіру үшін парасаттылығы, қоғам мен тұтастай елдің дамуына ықпал етуін жеке мысалмен насихаттау;
9. Жаңа өнімдер мен технологияларды әзірлеу оларды одан әрі қолдану үшін пайымдауларды, әлеуметтік-этикалық және философиялық құндылықтарды ескере отырып, қорытындыларды қалыптастыру үшін ғылыми тұжырымдарды, оқиғаларды, құбылыстарды, фактілер мен ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру;
10. Өзінің ғылыми-зерттеу жобасындағы процестерді құзыреттілікпен басқару және кәсіби мүдделерңмен тақырыбы бойынша мәртебесі тең, сондай-ақ жоғары тұрған ішкі және сыртқы стейкхолдерлермен дұрыс қарым-қатынас жүргізу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Биология
Мамандық шифры
8D01504
Факультеті
Биология және биотехнология

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының табысты болуы үшін әдебиеттен, ақпараттық базалардан, электронды дереккөздерден ғылыми ақпаратты өз бетінше алу, талдау мүмкіндігі бар қолданбалы қабілеттері қалыптасады. Сондай-ақ академиялық мәтіндерді құрумен және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жазбаша ұсынуды үйренеді.

Биологиялық білім ғылыми зерттеулердің жаһандануына қосқан үлесі
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: оқу форматында жаһандану жағдайында биологиялық пәндерге білім берудің мақсаттары, мотивациялық құндылықтары мен нәтижелерін қалыптастыру: халықаралық ұтқырлық, қашықтықтан оқыту курстары, білім беру платформаларына қол жеткізу, мәдени әртүрлілік, білім мен жетістіктерді бағалау, елдегі және шетелдегі кәсіби қауымдастықтар арқылы педагог зерттеушінің құзыреттілігін қалыптастыру

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: табиғатты тану әдістерін, белгілі бір реттілігі бар болып табылатын, іс-әрекеттердің, әдістердің, операциялардың объективті шындық тетіктерін, сондай-ақ зерттеу әдістері мен әдістемелердің жиынтығын, оларды қолдану тәртібіне негізделген қорытындылар мен алынған нәтижелерден түйін шығару арқылы түсіндіру.

Өмір туралы жаратылыстану ғылымдарындағы философиялық аспектілер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: өркениетті даму жүйесіндегі жаратылыстану ғылымдарының дамуы туралы, ғылымның ұтымды бағыттары туралы, мәдениеттер диалогы аясында ғылыми-техникалық дамудың дүниетанымдық мәселелерінің келешегі туралы, адамзаттың өмір сүру мәселелері және өмір туралы ғылым прогресінің бөлігі ретіндегі адамның құндылық әрекетінің бағдарлы түрде өзгеруі туралы тұтас түсінік қалыптастыру

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Биологиялық білім берудің нейротехнологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: биологиялық білім беру саласында нейротехнологияларды қолдану, білімді берудегі нейротехнологиялардың қазіргі заманғы рөлімен байланысты іргелі проблемаларды талдаудың маңыздылығы, сондай-ақ нейротехнологияларды қолдануда әдістемелік тәсілдердің қажеттілігі мен пайдалылығына ғылыми дәлелдер іздеу туралы тұтас түсінік қалыптастыру, мидың когнитивті функцияларын зерттеуде және нейротехнологияларды қолдануда этикалық нормаларды биологиялық білім беру салаларында анықтау

Зерттеу жобаларын іздеу, талдау және модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: зерттеуді және практикалық тапсырмаларды шешуде жаңа идеяларды шығармашылық процестің бір бөлігі ретінде қалыптастыруды, зерттеу жобаларын модельдеуді, дәлелді тұжырымдамалар және алынған нәтижелерге шолу процестерін, ғылыми кретерийлерге шолу жасауды және қабылдауды, қаржыландыру көздерін, міндетті және қосымша талаптарды, зерттеу жобаларының әртүрлі түрлерін сыни тұрғыдан ойлау және талдау дағдыларын қалыптастырады

Көшбасшылық: зерттеушінің құзыреттілігін дамыту бағдарламасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: көшбасшылықтың әртүрлі түрлері мен көшбасшылық әлеуетті бағалауға және ашуға ықпал ететін дағдылар туралы тұтас түсінік қалыптастыру, зерттеу мақсаттарына жету үшін белгісіздік жағдайында жобалық шешімдерді табу үшін тәуекелдерді бағалау мүмкіндігі және балама идеяларды құру және қолдану үшін қажетті әрекеттерді орындау

Сандық технологиялар, тірі организмдерді зерттеудегі жасанды интеллект
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қашықтықтан оқыту форматын қолданудың негізділігі мен қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру, онлайн оқу процесін ұйымдастырудың "ақылға қонымды" тәуекелдерін, артықшылықтары мен әдіснамасын түсіну, оқу материалдары мен тапсырмаларын дайындау, білім алушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, білімді игеру мен бағалауды бақылау, білім беру сапасын төмендетпей әдіснамалық дәлелденген қашықтықтан оқыту форматтарын іздеу және енгізу.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу практикасы
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық практика
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген