Докторантура
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы PhD

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Экономикалық және экологиялық факторларды, олардың фармакокинетикасын және биоэквиваленттілігін ескере отырып, табиғи және синтетикалық шикізат негізінде түпнұсқалық дәрілік препараттарды өндіруді ұйымдастыру саласындағы мәселелерді шешу, тиімді ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін білімді және заманауи инновациялық технологияларды көрсету.
2. Компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде жаңа препараттарды бағытталған құрастыруды, полимерлердің макромолекулалық дизайнын, нано-дәрілік заттарды әзірлеуді; жоғары тиімді физика-химиялық әдістер негізінде белсенді фармацевтикалық ингредиенттер мен дәрілік препараттарды жан-жақты және толық идентификациялауды жүзеге асыра алады.
3. ҚР Денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына, GxP Тиісті фармацевтикалық тәжірибелерге (GMP, GLP, GSP, GDP, GPP) және қазіргі заманғы маркетинг пен менеджмент қағидаттарына сәйкес фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару қабілетін көрсетеді.
4. ҚР Денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасының және Тиісті фармацевтикалық практиканың (GXP) талаптарына сәйкес дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету және бақылау, дәрілік заттар (ДЗ) мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ММБ) өндіру, сақтау, тасымалдау, қабылдау және өткізу саласындағы фармацевтикалық қызметтің анықталған бұзушылықтарын жою үшін жұмыстарды ұйымдастырады.
5. ҚР қолданыстағы заңнамасы және Тиісті фармацевтикалық тәжірибелер (GxP) бойынша білімдерін көрсете отырып, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілердің сыртқы және ішкі аудит жүйелерін ұйымдастырады.
6. Дәрілік заттардың өмірлік циклінің барлық кезеңдеріндегі айналымы бойынша құжаттаманы талдайды және бақылайды: стандартты операциялық рәсімдер, нұсқаулықтар, келісім-шарттар, жазбалар, есептер, сынақ хаттамалары және басқа да деректер.
7. ҚР денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына және Фармакологиялық қадағалаудың тиісті тәжірибесіне (GVP) сәйкес ДЗ қауіпсіздігі туралы ақпаратты бақылау, талдау және бағалау жүйесін ұйымдастыруды жүргізу.
8. ЖОО-дағы ғылыми-педагогикалық қызмет процесінде, сондай-ақ өндірістік-технологиялық, конструкторлық, ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет салаларында кәсіби ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, талдау және беруде заманауи ақпараттық және компьютерлік технологияларды қолданады.
9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Мамандық шифры
8D07201
Факультеті
Химия және химиялық технология

пәндер

Академиялық жазу
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: академиялық ортада тиімді қарым-қатынас жасауға қажетті жазбаша ғылыми коммуникация саласында білік пен дағдыларды қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән ғылыми саладағы коммуникацияның ерекшеліктерін; ғылыми тілдің негізгі сапасын; ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін; ғылыми жұмыстардың стильдері мен жанрларын; мәтіндердің құрылымдық типтерін; сөйлеу мәдениетін дамыту; сауаттылық деңгейін арттыруды оқытады.

Ғылыми зерттеудің әдістері
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: докторанттың диссертациялық жұмысты орындау кезінде ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері мен әдіснамаларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән аясында қарастырылады: ғылыми зерттеулердің әдістері мен әдіснамалары; докторанттың ғылыми зерттеулеріне заманауи эксперименттік тәсілдер; ғылыми экспериментті жоспарлаудың кезеңдері мен принциптері; ғылыми зерттеулердегі компьютерлік эксперименттің ерекшелігі; экспериментті өткізу, нәтижелерін өңдеу және түсіндіру ережелері.

Дәрілік заттарды өндіруге қойылатын нормативтік талаптар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: фармацевтикалық өндірісте тиімді фармацевтикалық тәжірибенің стандарттарын енгізу қабілетін дамыту. Пән жақсы фармацевтикалық тәжірибе жағдайында фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негізін құрайды, тиімді мониторинг және бақылау жүйелерін қолдану арқылы дәрілік заттарды әзірлеу, өндіру, шығару және айналымы процесін жүргізу және бақылаудың халықаралық стандарттарын зерделеуге бағытталған.

Фармакокинетика және биоэквиваленттік зерттеулер: жақсы клиникалық және зертханалық тәжірибелер
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Тиісті тәжірибелер (GxP) талаптарына сәйкес дәрілік заттардың фармакокинетикалық зерттеулері, биоэквиваленттік зерттеулердің барлық кезеңдері, биологиялық матрицадағы зерттелетін заттарды сандық анықтау әдістерінің валидациясы туралы тұтас түсінік қалыптастыру. Пән биоэквиваленттілік ұғымының ғылыми-әдістемелік негізін және оны жүзеге асыру әдістерін құрайды.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Дәрілік заттарды компьютерлік және математикалық модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жаңа дәрілік заттар мен дәрілік формаларды әзірлеуде, олардың клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтарын жүргізу үшін компьютерлік және математикалық модельдеуді қолдану қабілетін дамыту. Пән жаңа дәрілік заттарды құрудың, олардың дозалау режимін, енгізудің оңтайлы жолдарын, емдеу ұзақтығын, ем тиімсіз немесе пациенттердің төзімділігі нашар болған жағдайда оларды түзетудің теориялық және әдістемелік негізін қалыптастырады.

Медика-биологиялық мақсаттағы полимерлердің макромолекулалық дизайны және қызметі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қажетті қасиеттер кешені бар медика-биологиялық мақсаттағы мультифункционалды полимерлік материалдарды алу үшін макромолекулалық дизайн принциптерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән заманауи және жаңа әдістер мен технологияларды, полимерлерді жобалау принциптерін, соның ішінде берілген қасиеттері бар полимерлі материалдарды жасау және зерттеу үшін қолданылатын мономерлер мен синтез әдістерін таңдауға бағытталған.

Метаболикалық реакциялар және алдынғы препараттарды құру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: метаболизм реакцияларына негізделген дәрі-дәрмектердің әсерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру, алдынғы препараттарды жасау үшін ағзадағы түрлендіру өнімдеріне баға беру. Пән органикалық қосылыстардың фармакофорларының реакциялары мен метаболизмдік жағдайларын жіктеудің теориялық және әдістемелік негіздерін, алғы препараттарды жасау үшін олардың организмдегі тұрақтылығын бағалауды және жаңа дәрілік формаларды жасау принциптерін қалыптастырады.

Нано-дәрілік заттарды жасаудың заманауи аспектілері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: нано-дәрілік заттарды дамытудың теориялық негіздерінің тұтас жүйесін ұсыну, нано-дәрілік заттардың сапасын құру және бағалау кезінде фармацевтикалық химия принциптерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән іргелі химия ғылымдары мен нанобиомедициналық технологиялардың заманауи жетістіктерін, биотехнологиялық нано-дәрілік заттарды алу көздері мен әдістерін, олардың физикалық және химиялық қасиеттерін, химиялық құрылымның фармакологиялық қасиеттермен байланысын қарастырады.

Өсімдік дәрілік заттарды өндірудің химиясы мен технологиясының қазіргі даму тенденциялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: өсімдіктердің химиялық құрамын белгілеу және олардың негізінде бірегей дәрілік субстанциялар мен препараттарды өндірудің инновациялық технологияларын әзірлеу қабілетін қалыптастыру. Пән субстанциялардың белсенді заттарының құрылымы, химиялық және биологиялық қасиеттері, олардың биологиялық қауіпсіздігі мен жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін фитопрепараттар өндірісінің неғұрлым ұтымды, экономикалық және экологиялық негізделген технологияларын таңдау туралы білімді қалыптастырады.

Өсімдік субстанциялары мен препараттарын анықтаудың тиімділігі жоғары физика-химиялық әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: Қазіргі заманғы спектрлік және хроматографиялық әдістерді қолдана отырып, әртүрлі дәрілік формалардағы шөптік дәрілік заттар мен шөптік препараттардың белсенді заттарының ұсақ құрылымын анықтау қабілетін дамыту. Пән УК-, массалық-, 1Н-ЯМР-, 31С-ЯМР- спектрлері, жұқа қабатты, газ, газ-сұйықтық және жоғары өнімді сұйықтық хроматография әдістерін қолдану арқылы әртүрлі дәрілік заттарды зерттеу және идентификациялау әдістемесінің теориялық және әдістемелік негізін құрайды.

Полимерлер негізіндегі дәрілік заттар мен биоматериалдарды жеткізудің жаңа және инновациялық жүйелерін әзірлеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: полимерлер негізіндегі дәрілік заттар мен биоматериалдарды жеткізудің жаңа және инновациялық жүйелерін әзірлеу және талдау, олардың тиімділігін, биоүйлесімділігін және функционалдық қасиеттерін бағалау қабілетін дамыту. Пән полимерлерді жеткізу жүйесін жобалаудың, қасиеттерін бағалаудың және медицина мен фармацевтикада қолданылуының теориялық және әдістемелік негізін қалыптастырады.

Потенциалды биологиялық белсенді қосылыстардың синтезін жоспарлау және құру
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: биологиялық белсенді қосылыстардың мақсатты синтезін жоспарлау қабілетін қалыптастыру, берілген затты алу тәсілін оңтайландыру үшін берілген құрылымды жобалау нұсқаларын бағалау.Пән жаңа дәрілік заттарды мақсатты жобалау (дәрілік дизайн), молекулалық модельдеу және биологиялық белсенділікті виртуалды скрининг әдістері негізінде берілген биологиялық белсенді заттың құрылымын синтездеу схемаларын дәлелді құрудың теориялық және әдістемелік негізін қалыптастырады.

Фармацевтикалық өндірістегі маркетинг және менеджмент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: маркетингтік стратегияларды, маркетингтік жоспарларды әзірлеу, брендті басқару, сондай-ақ маркетингтік науқандардың тиімділігін бағалау қабілетін қалыптастыру. Пән фармацевтика саласы контекстіндегі маркетингтік қызмет пен басқару негіздерін, маркетингтік зерттеулердің негізгі принциптері мен әдістерін, фармацевтикалық өнімдерді жылжыту стратегияларын, нарықты талдауды және фармацевтикалық компаниялардағы өндірістік және бизнес-процестерді басқаруды зерттеуге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген