- Негізгі бет
- Докторантура
- Білім беру бағдарламалары
- Қолданбалы биофизика
Қолданбалы биофизика
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1. Қолданбалы биофизикадағы заманауи жетістіктері мен мәселелері жайында, соның ішінде жаңа теориялар мен модельдерді әзірлеу туралы жан-жақты білімді көрсету;
2. Қолданбалы биофизиканың және онымен байланысты салалардың дамуы үшін маңызды мәні бар жаңа теориялық модельдер мен әдістерді әзірлеуді негіздеу кезінде алған білімдерімен түсіндіру;
3. Қолданбалы биофизикадағы жаңа заңдылықтарды анықтауға және инновациялық тәсілдерді дамытуға бағытталған дербес зерттеулердің қолданбалы бағыттарының принциптері мен әдістерін негіздеу;
4. Математикалық модельдеу мен эксперименттік әдістерді қолдана отырып, кешенді тәсілдер негізінде деректерді талдау мен интерпретациялаудың теориялық негізін бекіту;
5. Қателер ықтималдығын мүмкіндігінше азайтып, жұмыс тиімділігін арттыра отырып электрондық медициналық құрал-жабдықтарды орнату және диагностикалау процестерін автоматтандырудың алгоритмдерін әзірлеу мәселелерінде пәнаралық білімдерімен талқылау және интеграциялау;
6. Қолданбалы биофизика саласында дербес іргелі зерттеулерді жүргізу, жоғары деңгейдегі ғылыми мәселелерді тұжырымдау және шешу;
7. Ағзаның физиологиялық функцияларының бұзылуымен және патогенез қаупімен байланысы бар биофизикалық мәселелерді шешуге арналған кешенді зерттеулер жүргізу және пәнаралық білімдерді интеграциялаудың іргелі теориялық негіздерін әзірлеу;
8. Өз білімі мен тәжірибесін ғалымдардың жас буынына бере отырып, ғылыми кадрларды даярлау және оқыту, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін жоғары импакт-факторы бар жетекші халықаралық ғылыми журналдарда жариялау;
9. Күрделі биофизикалық процестерді болжаудың концептуалды тәсілдерін тұжырымдау және негіздеу, пәнаралық ғылыми және қолданбалы контекстерде маңызды басқарушылық шешімдерді қолдауға арналған деректерді талдау мен интерпретациялаудың түпнұсқа инновациялық әдістерін әзірлеу;
10. Биофизикалық процестердің күрделі және нашар зерттелген көріністеріне қатысты өзіндік ғылыми пайымдаулар мен концептуалды ұстанымдарды тұжырымдау, өз зерттеулерінің нәтижелерін және ғылыми мектептер мен ғылыми-практикалық саладағы басқару стратегияларын дамытудың заманауи ғылыми тәсілдерін біріктіру.
Бағдарлама паспорты
пәндер
пәндер
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2023-2026 жылдардағы мәліметтер көрсетілген