Магистратура
Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы

Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - техника ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін бакалаврлар келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі
1. Білім, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу арқылы энергияға қаныққан материалдардың оңтайлы құрамдарының есептеулерін негіздеу үшін жану, жарылыс және детонация теориясының жүйелі білімін көрсету;
2. Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдарды өндірудің технологиялық проблемаларын зерттеу, талдау, диагностикалау және қасиеттерін модельдеу әдістерімен шешу;
3. Энергия сыйымды материалдарды дайындау, сақтау, тасымалдау қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттаманың талаптарын практикада қолдану және төтенше жағдайлардың туындау факторларын бағалау;
4. Энергия сыйымды материалдардың негізгі қасиеттерін оларды өндіру және қолдану кезінде сыни талдау және болжау: физика-химиялық тұрақтылық, қауіпсіздік, бризанттылық және т. б.;
5. Белгілі бір сипаттамалары бар энергия сыйымды материалдарды алу үшін дайындау және сақтау қауіптілігін бағалауды ескере отырып, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуді жоспарлау;
6. Идеялар мен технологиялар нарығында сәтті бәсекелестік үшін тәжірибелік-конструкторлық схемаларды бағалау және түзету негізінде энергия сыйымды заттар мен материалдарды өндірудің дәстүрлі емес әдістерін әзірлеу;
7. Отандық және шетелдік басылымдарда баяндамалар мен жарияланымдар түрінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорытындылау және таныстыру;
8. Тиімді заманауи жабдықты таңдау, жану және жарылыс процестерінің физика-химиялық параметрлерін зерттеу әдістерін біріктіру;
9. Жаңа материалдарды алу кезінде экологиялық міндеттерді шешу үшін бейбіт мақсаттарда жарылыстың инновациялық технологияларын қолдану;
10. Қорғаныс өнеркәсібі қызметінде және төтенше жағдайларда өндіру, сақтау және пайдалану қауіптілігін ескере отырып, энергия сыйымды материалдарды сынау мен қолданудың әлеуметтік және экологиялық салдарларын анықтау;
11. Сандық технологиялардың көмегімен білім алушылармен кері байланыс орнатуды қамтамасыз ете отырып, жану және жарылыс процестері саласындағы ғылыми-кәсіби білімді білім беру үдерісінің практикасына біріктіру;
12. Энергия сыйымды материалдарды дайындау, сақтау, тасымалдау қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттаманың талаптарын практикада қолдану және төтенше жағдайлардың туындау факторларын бағалау;

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы
Мамандық шифры
7M07104
Факультеті
Химия және химиялық технология

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеулерді жоспарлау және өткізу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру. Курс ғылыми зерттеу үдерісінің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән ғылыми әдістердің негіздерін, ғылыми жарияланымдарды және жобаларды дайындау мен шолу ережелерін зерттеуге бағытталған. Ғылыми эксперименттерді жоспарлауға, зерттеу нәтижелерін ұсынуға және коммерцияландыруға, ғылыми жобаларды дайындауға, ұсынуға ерекше назар аударылады.

Жану мен жарылыс процестерінің негізгі теориялары
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты жану мен жарылыстың жылулық және тізбекті механизмдерін сипаттау және түсіндіру, кәсіби мәселелерді шешуде жанудың заманауи теорияларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән химиялық физика, газ қоспаларының негізгі заңдарын, термодинамика заңдарын; жану теориясындағы жалын фронтын, жану режимдерін, жарылыс реакцияларының ерекшеліктерін, Н.Н. Семеновтың жылулық жарылыс теориясын зерделеуге бағытталған.

Жарылғыш заттар мен құралдар өндіруші кәсіпорындардағы техника қауіпсіздігі және қауіпті факторлар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: жарылғыш заттар қоспаларын дайындауға арналған техникалық қауіпсіздік ережелерін, жарылғыш заттар өндірісінде шаңдану, жарылысқаупі бар жұмыстарды орындау барысында желдетуге, статикалық электр қуатты, жарылғыш материалдарды өндіруге арналған қоймалар мен кәсіпорындардың найзағайдан қорғауға жарылғыш заттарды дайындауға арналған қауіпсіздік ережелерін.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Конденсирленген жүйелердің жануы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - конденсирленген жүйелердің жану үдерістерінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін талдау қабілетін, жаңа материалдар синтезінде қолданылатын конденсирленген жүйелердің жану теориясын түсінуді қалыптастыру. Пән жану теориясының элементтерін, конденсирленген жүйелердің жану жылдамдығын анықтайтын негізгі үдерістерді, жанудың кинетикалық және диффузиялық режимдерін, каталитикалық қоспалардың конденсирленген жүйелердің жану үдерісіне әсерін оқып білуге бағытталған.

Қорғаныс өнеркәсібі және төтенше жағдай қызметіндегі пиротехникалық бұйымдар
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты халықты және қоршаған ортаны пиротехникалық материалдарды қолдану мен өндіріс нысандарының ықтимал теріс әсерінен қорғау қабілетін қалыптастыру. Пән пиротехникалық құрамдар туралы жалпы мәліметтерді, қорғаныс өнеркәсібі мен төтенше жағдайларда пиротехникалық құралдарды қолдану әдістерін, энергиясыйымды материалдарды өндіру бойынша кәсіпорындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері мен есептеу әдістерін зерделеуге бағытталған.

Пиротехникалық және жарылғыш заттар өндірісінің технологиялық процестерін бақылау мен талдаудың физикалық әдістері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: пиротехникалық және жарылғыш заттар өндірісінің технологиялық үдерістерінде талдау мен бақылаудың физикалық әдістерін қолданудың мақсаттары мен міндеттері.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Детонация және жарылыс үдерістерін модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - энергиясыйымды материалдардың детонация үдерістерін модельдеу және детонациялық жануды сипаттаумен байланысты химиялық мәселелерді шешу кезінде қажетті модельдеу дағдыларын қалыптастыру. Пән жану теориясының негізгі түсініктерін, детонациялық толқын шебінен кейін болатын үдерістердің әртүрлі математикалық модельдерін, детонациялық ағыстарды есептеу мәселелерін, детонацияны бастау үдерісін модельдеуді оқып білуге бағытталған.

Жану үдерістерін модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: химиялық кинетиканың негізгі түсініктері мен реакциялардың түрлері, газ динамикасының бір өлшемді теңдеулер жүйесін модельдеу әдістері, газ динамикасының теңдеулер жүйесінің кейбір математикалық қасиеттерін

Жарылғыш заттар - классификациясы, есептеу, өңдірістің ерекшелігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - жарылыс теориясын, жарылғыш заттарды жіктеу, есептеу және ілеспелі физикалық және химиялық үдерістердің ерекшеліктерін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы жарылғыш заттар өндірісін талдау, есептеу және бағалау негіздерін қалыптастырады. Пән өнеркәсіптік жарылғыш заттар компоненттерінің физика-химиялық, энергетикалық сипаттамаларын есептеуді, жарылғыш заттарды алудың технологиялық үдерістерін жүзеге асыру тәсілдерін оқып білуге бағытталған.

Жарылғыш заттар мен құралдардың өндірісі, тасымалдау, сақтау және қолдану қауіпсіздігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жер бетінде және жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптарын қолдана білу қабілетін қалыптастыру. Пән өнеркәсіптік жарылғыш заттардың жалпы сипаттамаларын, автокөлік, темір жол, теңіз, өзен және әуе көлік түрлерімен жарылғыш материалдарды тасымалдау шарттарын, жарылғыш заттар мен бұйымдарды өндіру, пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын оқып білуге бағытталған.

Жарылғыш технологиялар және оқ-дәрілерді жою
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: экологиялық мәселелерді шешу үшін жарылыстық технологияларды қолдана білу қабілетін қалыптастыру. Пән оқ-дәрілерді пайдаға асыру әдістерін; мұнай төгілулерін жоюға, шиналарды ұсақтауға арналған жарылыс технологияларын, сонымен қатар жарылыс энергиясының көмегімен беріктендіру, қалыптау, нығыздау және аса қатты материалдарды динамикалық синтездеу, оқ-дәрілерді бөлшектеу және жоюдың экологиялық қауіпсіз жарылыс әдістерін зерделеуге бағытталған.

Жарылыс және оны бейбітшілік мақсатта қолдану
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жарылыспен қатар жүретін үдерістерді, оны бейбіт мақсатта пайдалану ерекшеліктерін сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы бейбіт мақсатта жарылыстарды қолдану табиғатын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән құрылыс, қорғаныс өнеркәсібінде, геологиялық барлау жұмыстарында, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын жарылғыш заттардың сипаттамалары мен қолдану ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған.

Заманауи әлемдік ғылымдағы және өндірістегі пиротехника
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: заманауи әлемдік ғылым мен өндірісте пиротехникалық құрамдардың рөлін бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әлемдік тәжірибені ескере отырып, пиротехникалық құрамдардың жаңа түрлерін жасаудың теориялық және практикалық негізін қалыптастырады. Пән қазіргі әлемдік ғылым мен практикада бар пиротехникалық құрамдар мен компоненттердің, жаңа пиротехникалық құралдардың жалпы қасиеттерін зерделеуге бағытталған.

Өндірістік жарылғыш заттар және олардың алынуы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: өнеркәсіптік жарылғыш заттарды алу, қасиеттерін сипаттау және қолданумен байланысты мәселелерді шеш білу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы өнеркәсіптік жарылғыш заттарды алудың теориялық-практикалық әдіснамасын қалыптастырады. Пән өнеркәсіптік жарылғыш заттардың жалпы сипаттамасын, жарылыстың энергетикалық сипаттамаларын, өнеркәсіптік жарылғыш заттарға қойылатын техникалық талаптарды, оларды алу және тау-кен өнеркәсібінде қолданылуын оқып білуге бағытталған.

Пиротехникада өздігінен таралатын жоғары температуралы синтез үрдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - пиротехникадағы өздігінен таралатын жоғары температуралық синтездің (ӨЖС) химиялық технологиясының принциптерін жүйелі түсіну және талдау қабілетін қалыптастыру. Пәнде келесі аспектілер қарастырылады: Өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез әдісі. ӨЖС әдісінің негізгі технологиялық түрлері. Жану теориясының қарапайым негіздері. Қатты фазадағы жану үдерісінің ерекшеліктері. Жану толқынының құрылымы. ӨЖС термодинамикасы және кинетикасы.

Пиротехникалық құралдар - классификациясы, есептеу, өндірістің ерекшелігі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - пиротехникалық заттардың қасиеттерін жіктеу және есептеу үшін жану және жарылыс теориясын қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән қолданыстағы пиротехникалық заттардың жіктелуін, құрамдарын және пайдалануын зерттеуге, пиротехникалық бұйымдарды өндіруге арналған шикізат пен қосалқы материалдарды іріктеуге, пиротехникалық бұйымдарды, жабдықтарды өндіру сызбасына, пиротехникалық бұйымдарды құрастыруға, сынақтан өткізуге қойылатын жалпы талаптарды білуге бағытталған

Пиротехникалық құралдарды жобалау негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: тұрмыстық мақсаттағы қарапайым пиротехникалық бұйымдарды құрастыру қабілетін қалыптастыру. Пән пиротехникалық бұйымдарды құрастырудың негізгі принциптерін; корпустарды дайындау үшін қолданылатын материалдарды; пиротехникалық бұйымдардың типтік тораптарының әрекет ету принциптерін; жалын жарығының қажетті күштерін; пиротехникалық жалынның көріну қашықтығын; зарядтың массасын, бұйымның көтерілу биіктігін; меншікті импульсті; пиротехникалық зарядтың габариттік сипаттамаларын зерделеуге бағытталған.

Пиротехникалық құрамдарды жасау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жану сипаттамалары берілген пиротехникалық құрамдардың рецептураларын әзірлеу қабілетін қалыптастыру. Пән пиротехникалық құрамдардың рецептураларын құрастырудың жалпы принциптерін; компоненттердің қолданылуын, рецептураларды, бастапқы компоненттер мен қос қоспаларды әзірлеудің жалпы принциптері мен реттілігін; қосымшаларды іріктеуді; құрамдарды дайындау технологиясын пысықтау; қатты пиротехникалық отындардың негізгі сипаттамалары мен қолдану салаларын зерделеуге бағытталған.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген