Тарих
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - педагогика ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1 оқу сабақтарының нысандарын, әдістері мен құралдарын таңдай отырып, тарихи және гуманитарлық пәндер бойынша сабақтардың әртүрлі түрлерін өткізу; Заманауи педагогикалық технологияларды, оқыту әдістері, тәсілдері мен құралдарының жиынтығын қолдану;
ON2 тарихты оқытудың әртүрлі әдістерін зерттеуде аналитикалық және болжамдық тәсілді қолдана отырып, тарихи пәндерді оқытудың әдістемелік модельдерін, технологиялары мен әдістерін әзірлеу;
ON3 пәндік саланың ерекшелігін көрсететін және білім алушылардың жас және психофизикалық ерекшеліктеріне, оның ішінде олардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін технологияларды пайдалана отырып, білім беру саласында оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру; студенттерге бағытталған тәсіл негізінде педагогикалық процесті ұйымдастыру;
ON4 білім беру сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында сараптамалық бағалау арқылы білім беру ұйымдарының қызметіне талдау жасау;
ON5 білім беру ұйымы немесе құрылымдық бөлімше шеңберінде педагогтердің, әдістемелік бірлестіктердің қызметін үйлестіру; әлеуметтік, этноконфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, ұжымды басқару;
ON6 критериалды бағалау әдістерін қолдану, білім алушылардың дайындық деңгейін ескере отырып бағалау критерийлерін әзірлеу, сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар беру;
ON7 білім беру ортасын қалыптастыру және инновациялық білім беру саясатының міндеттерін іске асыруда кәсіби білім мен дағдыларды пайдалану; педагогтың кәсіби іс-әрекеттерін біліктілік деңгейлері бойынша саралау; тарихи білім беру, оқыту әдістемесі, технологиялары, жұмыс әдістері мен тәсілдері саласындағы заманауи теориялық әзірлемелерді талдау;
ON8 қазіргі заманғы ғылыми әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, ғылым және білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне талдау, жүйелеу және жалпылау; мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі ғылым мен білім беру саласындағы әлеуметтік-гуманитарлық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жасау; ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларын жобалау, талдау және бағалау;
ON9 ЖОО және орта арнаулы оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша білім басқармасының жұмысын жақсарту, ШЖМ, экстернатта оқытатын инклюзивті білім беруді іске асыратын мамандар үшін тренингтер өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
ON10 ҚБТ бойынша оқытудың әдістемелік модельдері мен тәсілдерін әзірлеу; білім беру процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалану;
ON11 ғылыми ізденіс жүргізу үшін тиісті ақпаратты, оны өндіру, өңдеу және кәсіби мақсаттарда пайдалану қабілетін айқындау; әртүрлі дереккөздерді жан-жақты зерделеу негізінде ғылыми материалды синтездеу; зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін айқындау;
ON12 әріптестермен және басшылықпен кәсіби қарым-қатынас орната білу; стандартты емес жағдайларда икемді бейімделу; педагогикалық әдепті, педагогикалық этика ережелерін сақтау, жеке адамға құрмет көрсету, жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларына адалдық таныту.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген