- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Аударма ісі (батыс тілдері)
Аударма ісі (батыс тілдері)
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1 аударма теориясы мен практикасының заманауи әдіснамасын, аударманы оқытудың негізгі дидактикалық принциптерін, заманауи технологияларды қолдану;
ON2 аударма процесін және оның нәтижелерін талдау кезінде аударманың және аударма трансформациясының негізгі үлгілерін пайдалану;
ON3 аударма теориясының әр түрлі бағыттары, заманауи ғылыми зерттеу әдістері арқылы аударма теориясы саласында өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізу;
ON4 аударматанудың қазіргі заманғы үрдістерін, аударма теориясы мен әдістемесінің әр түрлі бағыттарын шығармашылық бағалау және жалпылау арқылы аударманың барлық түрлерін тіларалық және мәдениетаралық коммуникацияда делдал ретінде қолдану;
ON5 аударманы оқыту процесін оңтайландыру әдістерін, аударма техникасын үйретудің инновациялық әдістерін біріктіру арқылы практикалық сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар мен құралдарды әзірлеу;
ON6 аударманың қазіргі заманғы үрдістерін, аудармадағы инвариант мәселелерін синтездеп, аударманың жекелеген түрлерінің теорияларын жасау;
ON7 аударманың негізгі модельдерін және транслатологиядағы эквиваленттік деңгейлер теориясын, теориялық аударма универсалияларын негіздеу;
ON8 аударма процесінің теориялық мәселелерін, аударма процесінің кезеңдерін, аударма кезінде интерференцияны түсіну;
ON9 аударма баламалығының тарихи концепциялары мен әмбебап модельдерін, аударма стратегиялары мен аударма нәтижелерін сыни бағалау;
ON10 көркем аударма мен әдеби компаративистиканың теориялық және практикалық аспектілерін генерациялау арқылы лексикалық, грамматикалық, синтаксистік және стилистикалық нормаларды сақтай отырып көркем аударма жасау;
ON11 түпнұсқа мен аударылған мәтінді салыстыра отырып, аударылған мәтінді сыни тұрғыдан бағалау және аударма қателерінің себептерін түсіндіру;
ON12 шет тілді ғылыми және білім беру салаларындағы мәдениетаралық қарым-қатынасты ескере отырып, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-кәсіби ынтымақтастық үдерістерін қозғайтын пәнаралық команда мен көп ұлтты, көпмәдениетті ұжымдағы жұмыспен байланысты іскерліктерді көрсету.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген