- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Шетел филологиясы (шығыс тілдері)
Шетел филологиясы (шығыс тілдері)
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін магистрлер келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі :
ON1) Шығыс елдерінің филологиясының дамуындағы зерттеу аспектілерін айқындай көрсете отырып, Шығыс филологиясының өзекті мәселелерін анықтау;
ON2) Студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарын (дәрістерден басқа) ұйымдастыру және өткізу;
ON3) Бакалавриаттың семинар/практикалық сабақтарын өткізу кезінде психологиялық-педагогикалық білім мен пәндік саладағы білімнің интеграциясын қамтамасыз ету;
ON4) Шығыс елдеріндегі жазба ескерткіштерді зерттеудегі қазіргі заманғы тенденцияларды, заманауи теорияларды, проблемалар мен тәсілдерді, филологиялық концепцияларды сыни тұрғыда бағалау;
ON5) Зерттеу үдерісі барысында шығыс тіліндегі көркем және тарихи қолжазба мәтіндерді талдау және интерпретациялаудың әртүрлі әдістерін қолдану;
ON6) Теориялық және қолданбалы жобалар контексінде тілдік жазбаша және сөйлеу материалдарын зерттеу әдіснамасын кеңейте отырып, қазіргі заманғы шығыс лингвистикасы, әдебиеттануы мен терминологиясы саласындағы жетістіктерді сыннан өткізе отырып қолдану;
ON7) Прагматикалық және функционалдық стратегияларға негізделе, когнитивтік, лингвомәдени контексттерді ескере отырып, аударма үдерісінде туындаған кәсіби міндеттер мен мәселелерді шығармашылық түрде шешу;
ON8) Мәтіндердің түсініктемелерімен бірге тезаурусын жасау, IT-технологияларын қолдана отырып, салалар бойынша сөздіктер құрастыру, шығыс тіліндегі іскери салада қолданылатын үлгілер, шаблондарды жасау
ON9) Оқитын шығыс тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері бойынша, Шығыс елдерінің тілдері мен әдебиеттерінің өзара қарым-қатынасы мен ықпалдастығы бойынша ғылыми жобалар жасау;
ON10) Көркем шығармаларды талдау рәсімдерінде басқа гуманитарлық ғылымдардың әдіснамасын қолдану қабілетін көрсете отырып, әдеби шығармаларға кешенді талдау жүргізу.
ON11) Аудиторлық және ақпараттық желілерде білім беру қызметін жүзеге асыру үшін дәстүрлі және инновациялық әдістерді біріктіре, жаңарта отырып, шығыс тілдерін және әдебиетті оқыту әдістерін жасап әзірлеу.
ON12) Өзінің ғылыми, педагогикалық, кәсіби қызмет нәтижелерін сыни түрде бағалау және шығыс тілінде қатынас құру регистрлерін кеңейту, әрі қарай кәсіби және ғылыми өсу траекториясын жобалау.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген