- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Аймақтану
Аймақтану
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1 транслокалды және жаһандық өзара қарым-қатынастардағы заманауи аймақтардың даму факторлары мен механизмдерін, және қазіргі әлемдегі интеграциялық және ыдырау үдерістерін замануи пардигмалар шеңберінде зерттеу әдіснамасы тұрғысынан көрсету;
ON2 аймақтық даму жолдарының, қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың аймақтық аспектілері мен аймақтық мәселелерінің сараптамалық бағасын беру, жаһандық және аймақтық үдерістердің даму тенденцияларын халықаралық қатынастар теориялар призмасы арқылы жүзеге асыру
ON3 макроөңірлік, аймақтық, саяси, экономикалық,интегративті, инновациялық, әлеуметтік-мәдени үдерістерді модельдеу, теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері мен қолданбалы талдаулар негізінде кемінде 2 шет тілін қолдану арқылы ғылыми болжамдарды қалыптастыру;
ON4 ғылыми теориялар, мектептер мен бағыттар туралы білімді қоғамның саяси, аймақтық, халықаралық талдауының зерттеу және ғылыми-педагогикалық практикалық тәжірибесіне интеграциялау;
ON5 критикалық талдаудың ғылыми тәсілдеріне негізделе отырып, өлкетануды зерттеу және халықаралық және аймақтық проблемаларды талдау әдістемесін кеңейту;
ON6 практикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында этномәдени, этно-конфессиялық және этнопсихологиялық параметрлерді ескеру;
ON7 заманауи интеграцияланған халықаралық және аймақтық зерттеулер жағдайында Қазақстан Республикасы мен әлемнің жетекші өңірлері арасындағы қатынастарды дамыту мен іске асырудың стратегиялық мемлекеттік (республикалық және облыстық, қалалық) жоспарларын бағалай отырып, аймақтық, мемлекеттік, үкіметтік емес, қоғамдық, коммерциялық және басқа ұйымдарға ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
ON8 қызметтің бейіні бойынша, сонымен қатар алдыңғы қатарлы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде пәнаралық салалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми тұжырымдар мен инновациялық идеяларды дербес қалыптастыру, олардың дәлдігін тексеру;
ON9 жеке ғылыми көзқарасты дәлелді түрде негіздеу, халықаралық және аймақтық проблемаларды академиялық және аналитикалық жағдайларда шет тілдеріндегі материалдарды пайдалана отырып шешу жолдары туралы ғылыми пікірталас өткізу;
ON10 ұлттық, аймақтық, жаһандық қауіпсіздіктің дәстүрлі және дәстүрлі емес қауіптерінің шығу жолдарын анықтау, оның ішінде көптеген ақпарат көздерін және оны талдау мен жіктеудің заманауи құралдарын қолдана отырып, Қазақстанның аймақтық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және көпжақты ынтымақтастықты орнатуға қосқан үлесін көрсету;
ON11 халықаралық және аймақтық деңгейде даму мәселелерін шешу мақсатында көпшілік алдында сөйлеу дағдысын көрсету, тиімді қарым-қатынас пен құрамы кәсіби топтардан құралған басшылықты жүзеге асыру, сонымен бірге кәсіби мәселелерді шешу үдерісінде шет тілдерін қолдану;
ON12 жеке ғылыми, педагогикалық және кәсіби қызметтің нәтижелерін көрсету және одан әрі кәсіби және ғылыми өзін-өзі жетілдіру траекториясын анықтау.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген