Магистратура
Физика

Физика

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - педагогика ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ON1. Білім беру жүйесіндегі өзекті міндеттеріне сәйкес заманауи оқыту технологияларын пайдалана отырып, тәжірибелік сабақтарды жоспарлау және жүргізуге қабілетті болады.
ON2. Тьютор-эдвайзер ретінде әртүрлі оқу іс-шараларының жоспарын әзірлеу, корпоративтік этика және педагогикалық такт қағидаттары негізінде студенттер мен ұжым арасындағы достық қарым-қатынасты бастауға қабілетті болады.
ON3. Студенттік бизнес жобаларын әзірлеу және әртүрлі ғылыми қауымдастықтарда зерттеу нәтижелерін ұсынуға қабілетті болады.
ON4. Оқытудың психологиялық аспектілеріне ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу және оларды оқу-тәрбие процесіне енгізудің тиімділігін анықтауға қабілетті болады.
ON5. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің заманауи құралдарын пайдаланып физикалық процестерді модельдеу және талдау, сонымен қатар ғылыми, педагогикалық және оқу жұмыстарында сипаттауға қабілетті болады.
ON6. Физиканы оқыту әдістемесінің соңғы жетістіктерін оқу үдерісіне кіріктіру негізінде физикалық есептерді шешу алгоритмін құру әдістемесін әзірлеуге қабілетті болады.
ON7. Физиканы оқыту саласындағы замануи ғылыми-педагогикалық мәселелермен байланысты тапсырмаларды тұжырымдауға қабілетті болады.
ON8. Оқу жоспарын құрастырушы ретінде оқу нәтижелерін жақсарта отырып, тиімді педагогикалық әдістермен тәжірибе жасауға қабілетті болады.
ON9. Жұмыс берушілерді, кәсіптік бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың өкілдерін, шетелдік серіктестерді оқу үдерісіне тарту әдістемесін әзірлеу және студенттердің шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға қатысу дағдыларын дамытуға қабілетті болады.
ON10. Әр түрлі оқу сабақтарды бақылау және бағалауға арналған оқу-әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу; сондай-ақ физиканы оқыту саласындағы бизнес-жобаларға қатысуға қабілетті болады.
ON11. Қолданбалы және жағдаяттық мәселелерді шешу үшін физикалық заңдылықтарды қолдану және оларды оқу процесінде пайдалану тиімділігін бағалауға қабілетті болады
ON12. Оқытудың дәстүрлі әдістерін физиканы инновациялық оқытудың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану тәжірибесіне бейімдеуге қабілетті болады.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Физика
Мамандық шифры
7M01501
Факультеті
Физика-техникалық

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.

Білім беру технологияларындағы белсенді әдістері
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: танымдық мотивация ретінде білім беру технологияларында физиканы оқытудың белсенді әдістерін жетілдіру және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пәннің қысқаша мазмұны: физиканы оқытудың белсенді әдістері, соның ішінде имитациялық және имитациялық емес әдістер; нақты тапсырмаларды сынауға арналған прототиптер; физика сабағын жүргізудің іскерлік және мотивациялық сипаты.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты - Тарихи динамика негізінде және тарихи өзгермелі әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылады. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылыми білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы туралы білім қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

ЖОО-дағы физиканы оқытудың заманауи әдістері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазіргі заманғы оқыту әдістеріне тән студенттік және жобалық-бағдарлы тәсілдер негізінде жоғарғы оқу орындарында физика пәнінен сабақ өткізу қабілеттерін қалыптастыру. Пәннің қысқаша мазмұны: жоғары білім беру жүйесіндегі реформалар; университетте физиканы оқытудың перспективалы заманауи және дәстүрлі әдістері, оқу үдерісін стратегиялық жоспарлау мүмкіндігі; кредиттік технологияны енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктері, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені бейімдеу жолдары.

Қазіргі заманғы физикасының өзекті мәселелері
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: іргелі физикалық теориялар мен заңдылықтарды түсіндіру, қазіргі физиканың өзекті мәселелерін талдау дағдыларын қалыптастыру. Пәннің қысқаша мазмұны: заманауи физиканың даму тарихын, оның негізгі заңдары мен принциптерін, іргелі физикалық теориялардың қолданылу шектерін және олардың практикалық қолданылуын қалыптастырудың тұтас көрінісін қалыптастыру.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Білім және физика ғылымындағы кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: физика ғылымы мен білім беру саласындағы табысты практикалық жұмыс атқаруға қажетті білім берудегі кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық негіздері туралы білім жүйесін қалыптастыру. Пәннің қысқаша мазмұны: білім беру стандарттары мен физика және білім саласындағы кәсіпкерлікті қамтамасыз ету мен реттеудің ұйымдық-құқықтық механизмдері, оқу және ғылыми қызметті коммерцияландыру бағыттары.

ЖОО-дағы физикалық тәжірибелерді жүргізу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғарғы оқу орнындарында физикалық эксперимент жүргізу әдістемесін практикада қолдану мүмкіндігін қалыптастыру. Пәннің қысқаша мазмұны: жоғары оқу орнында заманауи физикалық эксперимент жүргізудің негізгі әдістері және олардың классификациясы, оның ішінде оны виртуализациялау мүмкіндігі; физикалық зертханалардың материалдық-техникалық жабдықталуын объективті бағалау.

Физика курсының әдістемелік жоспарлануы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: әр түрлі сипаттағы оқу-әдістемелік әрекеттерді дамыту және оларды оқу ортасына бейімдеу қабілетін қалыптастыру. Пәннің қысқаша мазмұны: көптілді дидактикалық ортаның ерекшеліктері, көп деңгейлі білім беру ұйымдарында физиканы оқытудағы оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы мен дизайны; оқытушы мен әдіскердің қоғамға бейімделу және қарым-қатынас жасау әдістері.

Физикада оқытуды басқарудың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: бағалау әдістерінің теориялық білімдерін саралау және оларды оқу үрдісіне енгізу мүмкіндігін қалыптастыру. Пәннің қысқаша мазмұны: оқу нәтижелерін бағалау және бақылау әдістері, дублиндік дескрипторлар, қалыптасатын құзыреттер; кері байланыс, бағалау критерийлері.

Физикалық ғылым мен біліміндегі компьютерлік технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білім беру саласында компьютерлік технологияны қолдану бойынша білімдерін практикада қолдану бойынша дағдыларын қалыптастыру; компьютердің физикалық модельдерді жасақтау. Пәннің қысқаша мазмұны: компьютерлік және мультимедиялық технологиялар, электронды ресурстарды пайдалана отырып ақпаратты өңдеу әдістері, виртуалды зертханалар.

Физикалық процестерді компьютерлік моделдеу әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: физикалық үрдістерді оқуда компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәннің қысқаша мазмұны: физикадағы сандық әдістер, бағдарламалық пакеттер және физикалық есептерді шешу алгоритмдері; физикалық процестерді жүзеге асыру үшін компьютерлік модельдерді құрудың негізгі әдістері; және олардың жұмыс тиімділігін бағалау.

Физиканы онлайн оқытудың заманауи технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты заманауи университет моделінің міндетті элементі ретінде қашықтықтан оқыту мүмкіндігін қалыптастыру. Пәннің қысқаша мазмұны: физиканы онлайн оқытудың заманауи технологиялары; e-learning және қашықтықтан оқытудың өзара әрекеттесу үлгілері; жоғары оқу орындарында физика бойынша қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері.

Физиканың пәнаралық байланысы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: физиканы оқытуда пәнаралық байланыстардың ішкі бірлігіне қол жеткізуге мақсатында білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәннің қысқаша мазмұны: физиканың басқа пәндермен пәнаралық байланыстары және оларды білім беру жүйесіне енгізу жолдары.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген