Магистратура
Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар

Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - педагогика ғылымдарының магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Қазіргі тұлғаға бағытталған білім беру парадигмасын игеру негізінде инклюзивті білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздерін білуді көрсету.
2. Инклюзивті білім беру саласындағы Қазақстан мен әлем елдерінің білім беру саясатының негізгі қағидаттарын мемлекеттік құжаттар мен нормативтік актілер негізінде қолдану, стратегиялар мен құндылықтарды анықтау, инклюзивті білім берудегі инновациялар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3. Инклюзивті білім беру ортасында психологиялық-педагогикалық кеңес беруді ұйымдастыру; тұлғааралық (соның ішінде бала мен ата-ана) қатынастар саласында отбасылық және жеке кеңес беру дағдыларын пайдалану;
4. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке дамуы үшін инклюзивті білім беруде заманауи және инновациялық технологияларды шығармашылықпен қолдану;
5. Инклюзивті білім беру жағдайында түзету-дамыту және оңалту қызметінің инновациялық стратегияларын, әдістері мен технологияларын және әлеуметтік бейімделу әдістерін пайдалану;
6. Қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теорияларды терең білу, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен олардың ата-аналарын кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық және құқықтық қолдау қызметтерімен өзара әрекеттесуін ұйымдастыру негізінде инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік-психологиялық интеграциялаудың бағдарламалық-әдіснамалық құралдарын әзірлеу;
7. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолайлы білім беру-дамыту ортасын ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру;
8. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс жасауда әлеуметтік бейімделу технологияларын және тұлғааралық қарым қатынас дағдыларын іске асыру;
9. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту технологияларын олардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін білу және білім беру қажеттіліктерін диагностикалау негізінде қолдану;
10. Инклюзивті білім берудің жаңа тұжырымдамаларын, үлгілерін, оларды Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне енгізу стратегияларын әзірлеу және инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде психологиялық-педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде өзін-өзі жетілдірудің өзіндік бағдарламасын құру.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар
Мамандық шифры
7M01103
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: маманның ғылыми-зерттеу мәдениетін, ғылыми-зерттеу құзыреттілігін, сондай-ақ, ғылымды дамыту және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын іске асыру жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық, әдіснамалық және практикалық негіздерін қалыптастыру;ғылыми зерттеудің әдістемесі мен әдістерінің негіздерін, педагогикалық зерттеудің логикасы мен құрылымы, ғылыми аппарат және зерттеулерді жоспарлау

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Инклюзивті білім беру жүйесі үшін кәсіби дайындық
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты:магистранттар арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды инклюзивті оқыту туралы ғылыми идеялар жүйесін және Қазақстандағы инклюзивті тәжірибеге кәсіби даярлау жүйесін қалыптастыру, кәсіби дүниетанымды және әртүрлі деңгейдегі инклюзивті білім берудің мәні туралы ғылыми идеяларды білім беру жүйесінде дамыту.

Инклюзивті білім беру психологиясының ғылыми негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білім беру ортасында жұмыс істеуге кәсіби дайындығының ғылыми негіздерін қалыптастыру, инклюзивті білім беру психологиясы саласындағы құзыреттерді жетілдіру, инклюзивтік тәжірибені және инклюзивті білім беру процесінің барлық қатысушыларын, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін баланың отбасы мүшелерін ұйымдастырудың және психологиялық қолдаудың тәрбиелік, түзету-дамыту мәселелерін шешу технологияларын пайдалану.

Инклюзивті білім берудегі диагностика және клиникалық зерттеулер
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық диагностика саласындағы құзыреттілікті қалыптастыру және психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу. Курс ерекше қажеттіліктері бар балалардың проблемаларын, олардың пайда болу негіздері мен факторларынанықтайтын әртүрлі психологиялық диагностиканы зерттеуге бағытталған. Диагностикалық әдістерді, эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, оларды өңдеу және нәтижелерді түсіндіру

Инклюзивті білім беруді іске асыруға дайындаудың халықаралық тәжірибесі
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: инклюзивті білім берудің заманауи әлемдік тенденцияларын білуге дайындығын және оны халықаралық деңгейде жүзеге асыру үшін мамандарды даярлау тәжірибесін қалыптастыру. Пән инклюзивті білім берудің ұлттық жүйелерінің қалыптасу және даму тарихын және оны жүзеге асыру үшін мамандарды даярлауды, инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың шетелдік үлгілерін, кемсітушілікке қарсы саясатты ілгерілетудің ұлттық бағдарламаларын зерделеуге бағытталған.

Инклюзивті білім берудің заманауи технологиялары/
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: қазіргі заманғы технологиялар негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді инклюзивті оқыту жағдайында білім беру, тәрбиелеу, дамыту және ауытқуларды түзету саласындағы кәсіби құзыреттерді қалыптастыру, тұлғаға бағытталған түзету-дамыту жұмыстарының технологияларын ұтымды таңдау және енгізу және ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға жеке сараланған тәсілдерді қолдану.

Инклюзивті ортада оқыту стратегиясы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты:инклюзивті тәжірибеде қазақстандық және шетелдік оқытудың тиімді стратегияларын талдауға және қолдауға дайындығын, оқытылатын оқыту стратегиялары негізінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың жас ерекшеліктеріне, сенсорлық және интеллектуалдық ерекшеліктеріне сәйкес бірлескен және жеке іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін қалыптастыру.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың диагностикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: болашақ маманның диагностикалық құзыретін қалыптастыру, сонымен қатар аурулардың пайда болуының психологиялық себептерін білу, магистранттарды диагностикалық және зерттеушілік қызмет саласындағы типтік мәселелерді шешуге дайындау, қалыпты жағдайларда және бұзылулар жағдайында жұмыс жасау және даму заңдылықтары туралы білімге негізделген клиникалық зерттеулер жүргізу.

Инклюзивті білім беру жағдайындағы оңалту жұмысы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен жасөспірімдермен инклюзивті білім беру жағдайында оңалту жұмысын ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, сондай-ақ жеке тұлғаның психикалық қызметін оңтайландыру үшін оңалту көмегінің бағытын анықтау, мәліметтерді жинау әдістері мен оңалту әдістерін таңдау, ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерді оңалту құралдарын пайдалана отырып психологиялық әлеуметтендіру.

Инклюзивті білім беру контекстіндегі мониторинг және сараптама
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білім беру ұйымының инклюзивтік тәжірибені енгізу және дамыту үдерісін тиімді басқару үшін инклюзивті тәсілді енгізуге дайындығын бағалау, сапалы өзгерістердің процестері мен нәтижелері туралы, білім берудегі инклюзивті үдерістердің тиімділігі және инклюзивті әдістерді меңгеру туралы құзыреттерді қалыптастыру және инклюзивті білім берудегі сапалы және серпінді өзгерістерді бақылау, сараптау және бағалау тәртібін игеру.

Инклюзивті білім беруге дайындаудың инновациялық технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты:инклюзивті және интегративті білім беру педагогикасының негіздерін, ерекше қажеттіліктерді ескере отырып, инновациялық технологиялар мен балаларды білім беру процесіне кіріктіру процедураларын, инновациялық білім беру технологиялары негізінде инклюзивті үдерісті басқару әдістерін, сондай-ақ оқытуды жүзеге асыру ерекшеліктерін меңгеру және инклюзивті білім беру шарттарын ескере отырып, біртұтас педагогикалық процесте тәрбиелеу технологияларын пайдалану шеберлігін игеру.

Инклюзивті білім берудегі арт-терапия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: арт-терапия көмегімен консультативтік-кеңес беру, түзету, дамыту және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға, инклюзивті білім берудің қазіргі қажеттіліктерін ескере отырып, балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық үдеріске тартуға, жаңа құзыреттерді меңгеруге магистранттардың кәсіби дайындығын қалыптастыру; педагогиканың сабақтас саласы – артпедагогикасын білу және арт-терапияны меңгеру арқылы кәсіби және тұлғалық құзыреттілік аясын кеңейту

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға дайындықтағы Арт-әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инклюзивті білім беруде арт-әдістерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Курс ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиімді әсер етуіне, олардың шығармашылық әлеуетін дамытудың перспективалық бағыттарына байланысты заманауи арт- әдістерін пайдалана отырып инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға бағытталған.

Инклюзивті білім берудің әдіснамасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттардың инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзіндік, әдістемелік тексерілген түсінігін қалыптастыру, инклюзивті білім беру саласындағы әдіснаманы, теорияны, зерттеулерді ұйымдастыруды және инклюзивті білім беру әдістемесін меңгеру негізінде кәсіби мәселелерді шешу құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Инклюзивті білім берудің заманауи технологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инклюзивті білім беруде және инклюзивті мектептің тәрбие үдерісінде заманауи технологияларды қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Курс ерекше қажеттіліктері бар балалармен, олардың жас ерекшеліктерін, психофизиологиялық бұзылыстарын, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін түсіне отырып, оқу, түзету және дамыту жұмыстарында қолданылатын заманауи технологияларды зерттеуге бағытталған.

Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасын қолданудағы құзыреттерді қалыптастыру. Дамуында ақауы бар балалардың құқықтарын қорғау бойынша заңдар, халықаралық құжаттар және Қазақстан Республикасының аумағында инклюзивті білім беруді реттейтін құжаттар, инклюзивті білім беру субъектілерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін негізгі қағидаттарды білу мен түсінуді дамыту.

Инклюзивті білім берудің теориялары мен тұжырымдамалары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Білім алушылардың барлық санаттары үшін білім беру кеңістігін кеңейту нысаны ретінде инклюзивті білім берудің тұжырымдамалық-теориялық негіздерін және гуманистік идеяны меңгеру, жалпы білім беру жүйесінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті білім беруде негізгі тұжырымдамалық идеяларды жүзеге асыру.

Инклюзивті кеңістігіндегі отбасы мен мектептің ынтымақтастығы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - пәннің мақсаты: отбасы мен мектептің ынтымақтастығы жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті оқыту мен тәрбиелеудің мәні туралы түсінікті дамыту, инклюзивті білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға дайын болу. Отбасы мен мектептің ынтымақтастығын жүзеге асырудағы қазақстандық және шетелдік педагогика тәжірибесін зерделеу, сонымен қатар мектептің ата-аналармен және қоғаммен жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану.

Инклюзивті кеңістіктегі әлеуметтік терапия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің максаты:адам өмірінің моральдық-психологиялық мәселелерін шешу үшін әлеуметтік терапия технологияларын меңгеру, оларға нақты, барабар көмек көрсету. Пән әлеуметтік терапияға кіріспе беруге арналған және әлеуметтік терапияның түрлері мен формаларын, әлеуметтік-терапевтік құралдарды пайдалана отырып жұмысты ұйымдастырудағы психотерапевтік әсерін және психофизикалық бұзылыстарға әлеуметтік терапияны қолдануға арналған.

Инклюзивті ортада оқыту стратегиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: инклюзивті тәжірибеде қазақстандық және шетелдік оқытудың тиімді стратегияларын талдауға және қолдауға дайындығын, оқытылатын оқыту стратегиялары негізінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың жас ерекшеліктеріне, сенсорлық және интеллектуалдық ерекшеліктеріне сәйкес бірлескен және жеке іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін қалыптастыру.

Инклюзивті тәжірибедегі денеге бағытталған терапия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: педагог-психологтарды әртүрлі тұлғалармен , соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдармен денеге негізделген тәжірибелерді біріктіруге бағытталған әдістер мен техникаларды, сондай-ақ инклюзивті тәжірибеде денеге бағытталған терапияның негізгі принциптерін мысалы, денені сезіну, тыныс алу әдістері, бұлшық ет кернеуімен және эмоционалды босату бойынша жұмыс жасауды меңгеру.

Инклюзивті тәжірибедегі кеңес беру және консалтинг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге, олардың ата-аналарына және инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарға консультациялар жүргізу, оның ішінде мекеменің психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің құрамында консультациялық-кеңес беру көмегін көрсету құзыреттерін дамыту.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген