- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Тарих және география
Тарих және география
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - педагогика ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON 1. Жалпы білім беретін, орта арнаулы білім мекемелерінде және жоғары білім беру мекемелерінде замануи педагогикалық және методикалық білім негізінде тарихи-географиялық инновациялық білім беру методикалары мен технологияларын жасау;
ON 2. Оқыту процесінде дифферентивті оқыту, коммуникативті-сұхбаттық, модульдік және жобалық қызмет технологияларын қолдану; ГАЖ технологиларын қолдану; білім беру үдерісінде оқытудың техникалық құралдарын, ақпараттық және компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану;
ON 3. Жоғары кәсіби білім берудің білім беру бағдарламаларының мазмұнын бітірушінің біліктілік үлгісі, мемлекеттік білім стандарттары және заманауи тәсілдер жүйесі (модульдік, тұлғаға бағдар ұстаған) негізінде жобалау; ЖОО-да сабақтың интерактивті формаларын ұйымдастыру, методикалық құралдар, балау құралдарын жасау, студенттердің оқуға ынталандыру мотивтерін қалыптастыру;
ON 4. Экологиялық білім беру бойынша бейімделген бағдарламалар және тиісті оқу-методикалық материалдар дайындау, соның ішінде экологиялық білім берудің оқыту методикасы бойынша оқу құралдарын қоса, білім алушылардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білімдер, көзқарастар мен сенімдер қалыптастыру;
ON 5. Кішікомплектілі мектептерде жұмыс жүргізуде білікті болу, экстернатта жұмыс жүргізу ерекшеліктерін білу; ККМ оқыту методикасы бойынша бейімделген бағдарламалар және тиісті оқу-методикалық материалдар жасау, ККМ тиімді оқыту технологияларын таңдау
ON 6. Білім беру басқармасының ЖОО және орта арнаулы білім беру мекемелері оқытушыларының біліктілігін арттыру жүмысын жақсарту, оқу үдерісіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар жасау; қашықтықтан оқыту түрлерін қолдану және әзірлеу;
ON 7. орта, орта арнаулы және жоғары білім беру ұйымдарында білім беру қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және тәжірибеде жүзеге асыру бағдарламаларын білікті зерттеу және сараптамалық бағалауды жүргізу;
ON 8. Өлкетану, көптілді білім беру салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуге қабілетті болу;
ON 9. Қосалқы тарихи және географиялық пәндер әдіс-тәсілдерін, пәнаралық зерттеу методологиясын тарихи карталар жасауда қолдану;
ON 10. Қазақстан Республикасының экономикалық аймақтарының даму бағдарламасын, олардың қазіргі әлеуметтік, десографиялық және экономикалық әлеуетін ескере отырып жасау; елдегі өндіріс пен қызмет көрсету саласына жұмыс күшін тартуға кедергі келтірушы факторларды түсіндіру;
ON 11. Сакралды нысандар картасын жасау, Орталық Азияның сакралды географиясы бойынша жинақталған материалдар негізінде Орталық Азияның киелі орындарына туристік бағдарламалар жасау; ғылыми қызметкерлермен, туристік және білім беру мекемелерімен және жұртшылықпен байланыс жасау; экскурсиялық әдістемені меңгеру, ғылыми-танымдық, туристік-экскурсиялық бағыттар бойынша экскурсиялық мәтіндерді әзірлеу;
ON 12. Әріптестерімен және басшылармен кәсіби қарым-қатынас жасау; ерекше жағдайларға бейімделе білу; тұлғалық коммуникативтік ресурстарды, жаңа коммуникативтік технологияларды ықпалдастыру.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген