Магистратура
Психология

Психология

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында психологиялық қызметте қолдану үшін әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың, жалпы психология мен нейропсихологияның отандық және шетелдік классикалық және заманауи теориялық-әдіснамалық, қолданбалы, салалық тәсілдерін тұжырымдамалық білімі мен түсінігіне ие болу.
2. Кәсіби-психологиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық, басқарушылық, сараптамалық, оқытушылық және практикалық қызметті, оның ішінде халықаралық деңгейде, игеруге мүмкіндік беретін психологияның әртүрлі салаларындағы ғылыми теорияларды саралау.
3. Теориялық және қолданбалы әлеуметтік-психологиялық проблемаларды шешу үшін модельдеу әдіснамасы негізінде диагностикалық, түзету және оңалту іс-шараларының барабар нысандарын, әдістері мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
4. Психологиялық қызметтің әртүрлі салаларында қолдануға болатын диагностикалық деректерді (нәтижелерді өңдеу мен түсіндірудің заманауи әдістері негізінде жиналған) пайдалану бойынша психодиагностикалық, сараптамалық, медициналық-психологиялық қорытындылар мен ұсынымдар жасау.
5. Әлеуметтік, білім беру, саяси және бизнес-қызмет саласында; тұлғааралық қатынастар, тұлғаны дамыту, кәсіптік бағдарлау, мансапты жоспарлау және кәсіби өсу салаларында психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру.
6. Классикалық және заманауи психотехнологияларды, психотренингті, арт-терапиялық, когнитивті-мінез-құлықтық, денеге бағытталған және басқа да белсенді психологиялық әдістерді қолдану негізінде психологиялық көмек, сүйемелдеу, психотерапия, психокоррекция және психопрофилактиканы жүзеге асыру.
7. Оқытушының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін, оқытудың инновациялық технологияларын, оқу сабақтарының белсенді нысандарын; оқу топтарында тиімді қарым-қатынас пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәсілдерін, оқыту процесін психологиялық бағалау мен бақылауды; жоғары мектептің педагогикалық міндеттерін шешудің әдістемелік тәсілдерін меңгеру.
8. Заманауи бағалау құралдарын, зерттеу әдістерін, деректерді өңдеу әдістерін және жабдықтар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып математикалық статистикаға негізделген дербес әзірленген эксперименттік психологиялық зерттеу бағдарламасын енгізу.
9. Түрлі жүйелердегі (сот-психиатриялық, әкімшілік-құқықтық, әскери, әлеуметтік, саяси және т.б.) сараптамалық процеске қатысу үшін психологиялық құбылыстарға психологиялық бағалау мен сараптама жүргізу.
10. Тілдерді білуге, өзара іс-қимылға, кәсіби этикаға, басқаруға, толеранттылыққа және қолдауға негізделген философиялық-психологиялық принциптеріне сүйене отырып кәсіби командалар (дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, әскери қызметкерлер, ТЖ қызметінің қызметкерлері) құрамында тиімді кәсіби қарым-қатынас, супервизия және басшылық құру.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Психология
Мамандық шифры
7M03125
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: маманның ғылыми-зерттеу мәдениетін, ғылыми-зерттеу құзыреттілігін, сондай-ақ, ғылымды дамыту және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын іске асыру жағдайында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық, әдіснамалық және практикалық негіздерін қалыптастыру;ғылыми зерттеудің әдістемесі мен әдістерінің негіздерін, педагогикалық зерттеудің логикасы мен құрылымы, ғылыми аппарат және зерттеулерді жоспарлау

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Нейропсихология
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: практикалық психологиялық қызметке нейропсихологиялық көзқарас саласында құзыреттілікті қалыптастыру. Психикалық процестер мен мидың тығыз диалектикалық байланысы туралы, ми құрылымы мен функцияларының ажырамас бірлігі туралы; нейропсихологиялық зерттеудің әдістемесі мен әдістері туралы; практикалық қызметтің әртүрлі салаларында нейропсихология бойынша білімді қолдану мүмкіндіктері туралы түсініктер беріледі.

Отбасы мен балаға психологиялық кеңес беру және психотерапия қызметі
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: кеңес беру және психотерапиялық қызметке кәсіби дайындық. Курста отбасы мен балаға кеңес беру мен психотерапияның негізгі принциптері мен тәсілдері, кеңес беру және психотерапиялық іс-әрекеттің әдістері мен әдістері жүйеленген; негізгі құбылыстар мен проблемалар жеке тұлға мен отбасы дамуының өмірлік кезеңдерін дамыту логикасында қарастырылады.

Психологиялық қызметтің ұйымдастырушылық-этикалық аспектілері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: психолог пен психологиялық қызметтің этикалық және ұйымдастырушылық аспектілері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.Курста этикалық дилеммалар және оларды шешу жолдары, "психолог-клиент" қатынастары саласындағы тәуекелдерді бағалау және басқару, арнайы топтармен жұмыс, психологтың әріптестерімен және жұмыс берушілермен қарым-қатынасы қарастырылады. Психологтың кәсіби қызметінің супервизия, басқарушылық және басқа да ұйымдастырушылық мәселелері зерттелінеді.

Психологиялық сараптама
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: практикалық психологтың сараптамалық қызметіне кәсіби дайындық және әр түрлі жүйелерде (сот-психиатриялық, әкімшілік-құқықтық, әскери, әлеуметтік, саяси және т.б.) сараптамалық процеске қатысу үшін аспаптық құзыреттілікті қалыптастыру. Курс сараптамалық қызметтің негіздерін, негізгі түрлері мен әдістерін, психолог қызметінің құқықтық жақтарын және заңдық жауапкершілігін зерттеп оқуға бағытталған.

Психологиялық тренинг
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: әр түрлі типтегі тренингтердің теориясын, технологиясы мен әдістемесін игеруді, тренингтік бағдарламаларды құруды және өткізуді қамтамасыз ету. Тренингтік топ жұмысының рәсімдері, ережелері мен әдістері, тренингтік бағдарламаларды ұйымдастырудың тұжырымдамалық негіздері мен технологиялары; психолог-тренер жұмысының қажетті дағдылары туралы түсініктер беріледі. Тренингтік топтардың пайда болу тарихы, олардың типологиясы, топтық динамика теориясы, жаттықтырушыға қойылатын этикалық талаптар қарастырылады.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Арт-терапиялық технологиялар
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психолог қызметінің түзету-дамытушылық, психотерапиялық және профилактикалық міндеттерін шешу үшін негізгі арт-терапиялық технологиялар мен әдістерді қолдану кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру. Арт-терапияның әдіснамасы, әдістері, тарихы мен қазіргі жағдайы, бағыттары және проблемалар мен сұраныстарды ескере отырып, жеке тұлғаның дамуының әр түрлі жас кезеңдерінде арт-терапиялық технологиялар мен әдістерді қолдану ерекшеліктері қарастырылады.

Әлеуметтік мінез-құлықты компьютерлік модельдеу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиядағы моделдердің маңызды аспектілерін түсіну, әлеуметтік мінез-құлықты талдауда компьютерлік моделдеуді қолдану, әлеуметтік мінез-құлықты компьютерлік моделдеуді нақты түсіну қабілеттерін қалыптастыру. Әлеуметтік процестердің нақты формализмін қамтамасыз ететін компьютерлік модельдер, әлеуметтік мінез-құлықты модельдеу ерекшеліктері, жүйенің мінез-құлқын болжау, ішкі және сыртқы мінез-құлық параметрлерінің виртуалды комбинациясы ашылады.

Дағдарыс және төтенше жағдайлар психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: дағдарыс және төтенше жағдайларда кәсіби психологиялық көмек берүге дайындық. Төтенше жағдай аймағында болып жатқан оқиғалар мен әрекеттердің психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтары, жедел және ұзаққа созылған стресстің, жарақаттан кейінгі стресстің бұзылуының, өмірлік дағдарыстардың қалыптасуының психологиялық механизмдері; дағдарыс пен төтенше жағдайлардың жағымсыз факторларының әсерінен туындайтын психикалық күйлердің жіктелуі қарастырылады.

Денеге бағытталған психотерапия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: дене-бағытталған әдістер мен тәсілдерді меңгеру және қолдану арқылы психологтың психокоррекциялық және психотерапиялық қызметінің кәсіби пәндік құзыреттілігін қалыптастыру. Денеге бағытталған психотерапияның теориялық ережелері мен негіздері; диагностика және денені оқу; Райхтің және неорайхиялық бағыттағы соматикалық вегетотерапияның ерекшеліктері; ресурстық транс күйлерін құру және пайдалану; психосоматикалық науқастармен жұмыс кезінде денеге бағытталған психотерапия әдістерін қолдану қарастырылады.

Жеке дара психика дамуының диагностикасы және бағалауы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психолог жұмысының диагностикалық бағытына дайындық, диагностикалық және бағалау құзыреттіліктерін қалыптастыру. Пәннің мазмұны қазіргі психологиялық ғылым мен практикадағы адамның психикалық дамуын диагностикалық зерттеу мен бағалаудың негізгі теориялары мен әдістерін зерттеуге байланысты бірқатар мәселелерді қамтиды.

Жеке тұлға мен топтың психотерапиясы және психологиялық оңалтуы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: жеке тұлға мен топты психотерапия және психологиялық оңалту әдістері мен әдістерін игеруге мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттер жиынтығын қалыптастыру. Пән жеке және топтық психотерапия мен оңалтудың психотехникалық және процедуралық-ұйымдастырушылық әдістерін қолдануға практикалық дайындыққа бағытталған.

Когнитивті-мінез-құлықтық психотерапия
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: когнитивті-мінез-құлық тәсіліне негізделген психотерапияға практикалық дайындық. Когнитивті-мінез-құлық тәсілінің теориялық негіздері; когнитивті-мінез-құлық терапиясы әдістерімен шешілетін мәселелердің ерекшелігі (мазасыздық күйлері мен депрессия, обсессивті-компульсивті бұзылыс, жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыс, тәуелділік, тамақтанудың бұзылуы, фобия және психикалық денсаулықтың бұзылуының басқа түрлері); психотерапияның когнитивті-мінез-құлық тәсілінің әдістері мен құралдары қарастырылады.

Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және даму тенденциясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық ой дамуының теориялық және практикалық негіздерін меңгеру үшін құзыреттілікті қалыптастыру. Психологиялық идеялардың дамуындағы сапалы өзгерістер, белгілі бір психологиялық тұжырымдаманың пайда болу тарихы, әртүрлі дәуірлердегі психологияның дамуындағы жалпы және айрықша белгілер, әртүрлі ғылыми тұжырымдамалар мен теориялар, өткен және қазіргі психологиялық ойдың жетістіктері ашылады.

Құқық қорғау, әскери және пенитенциарлық жүйелердегі психологиялық қызмет
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: құқықтық, пенитенциарлық және әскери психология саласында кәсіби психологиялық қызметті жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыру. Құқықтық және әскери психологияның негіздері, қылмыстық-атқару жүйесіндегі психологиялық қызметтің ерекшелігі, кадрлық және жедел-қызметтік мәселелерді шешуді психологиялық қамтамасыз ету, пенитенциарлық жүйеде психологияны қолданудың практикалық аспектілері, жеке тұлға мен топтарды оң жандандырудың психологиялық негізделген жолдары қарастырылады.

Өндірістік қызметтің, бизнестің және қызмет көрсету саласының практикалық психологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: өндіріс, бизнес және қызмет көрсету салаларында, оның ішінде әртүрлі бейіндегі ұйымдардың психологиялық қызметтерінің құрамында психологиялық көмек көрсету құзыреттерін қалыптастыру. Адамның еңбек субъектісі ретінде дамуының кезеңділігі, тұлғаның кәсіби дағдарыстарының типологиясы, кәсіби қызметтегі стресс құбылысы, жеке тұлғаның кәсіби бейімделу проблемасы және әртүрлі ұйымдардың психологиялық қызметтерінің практикалық аспектілері қарастырылады.

Психоанализдің теориясы мен практикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: классикалық психоанализ негізінде консультациялық және психотерапиялық қызметке кәсіби дайындық. Пән психоаналитикалық әдіс және оның модификациялары туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыру; әртүрлі белгілік-символдық жүйелердегі жеке бейсаналық ұғымды түсіну және интерпретациялау негіздері; Психологиялық кеңес беру және психотерапия практикасында психоаналитикалық әдісті қолдану қабілеті.

Психологиядағы әдіснама, әдістер және эксперимент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық әдіснаманы, теорияны, психологиялық зерттеуді және оның ішінде экспериментті зерттеу практикасының ерекше формасы ретінде ұйымдастыруды игеру. Курс психологиялық ғылымның әдіснамалық негіздерімен танысуға, психологиялық зерттеулерді жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға, эмпирикалық деректерді алуға және өңдеуге; эксперименттік деректерді алуға, түсіндіруге және ұсынуға бағытталған.

Психологиядағы зерттеу әдістері мен эксперимент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: маманның практикалық іс-әрекетіндегі зерттеу жұмысының рөлін түсіну, ғылыми зерттеудің негізгі түсініктерін игеру және бекіту, ғылыми танымның, ізденіс және жинаудың әдістері мен логикасы туралы түсініктер құру, ғылыми ақпараттарлы өңдеу және зерттеу нәтижелерін рәсімдеу қабілетін қалыптастыру. Психологиялық зерттеудің әдіснамалық негіздері, эмпирикалық әдістердің жіктелуі мен сипаттамасы, психологиялық эксперименттің процедурасы мен ұйымдастырылуы ашылады.

Психологиядағы компьютерлік модельдеу және статистика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: компьютерлік модельдеу әдістерін және деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын игеру арқылы кәсіби психологиялық ойлауды қалыптастыру. Курс нәтижелерді тіркеу дәлдігін арттыру және бастапқы деректерді өңдеу қателерін болдырмау арқылы эксперименттің "тазалығын" арттыру әдістерін зерттеуді қамтиды.

Психологиядағы статистиканың қазіргі әдістері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: статистикалық әдістермен зерттеу нәтижелерін талдаудың құзыреттілігін қалыптастыруға және статистикалық ғылымның әдістемелік арсеналының әртүрлілігін игеруге ықпал ету. Статистиканы ғылым ретінде дамытудың негізгі кезеңдері мен бағыттары; ақпаратты статистикалық талдаудың ережелері, әдістері мен әдістері, деректерді сандық және сапалық өңдеудің нақты әдістері, стандартты формулаларды автоматты қолдану ерекшеліктері зерттеледі.

Психологияның теориялық-әдіснамалық негіздері
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: заманауи психологиядағы әдіснамалық дилеммаларды шешу, зерттеу мәселелерін түсіну, зерттеу әдістерін, кәсіби әдіснамалық білімдерді қолдану, сыни талдау және түсіну қабілетін қалыптастыру. Пән категориялық жүйені, түсіндірме принциптері мен тәсілдерін, психологиялық танымның негізгі мәселелері мен ерекшеліктерін білуге мүмкіндік береді; психологиялық теорияның сапасын бағалау үшін әмбебап критерийлерді қолдануға үйретеді.

Трансактілі талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: трансактілі бағыт негізінде психологиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттіліктерді жетілдіру. Қазіргі заманғы транзакциялық тәсілдің тұжырымдамалық ережелері: тұлға теориялары, коммуникация және әлеуметтік өзара әрекеттесу теориялары; жеке тұлғаның Эго-күйлері; әлеуметтік өзара әрекеттесудің параллель, қиылысатын және жасырын транзакциялары; транзакциялық талдаудың әдістері мен әдістері; транзакциялық талдауда қолданылатын психотерапиялық тәжірибелер қарастырылады.

Тұлғаны түзету мен дамытудың классикалық және заманауи психотехнологиялары
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: психологиялық дамудың және тұлғаны түзетудің теориялық негіздері туралы идеялар жүйесін қалыптастыру, тиісті психологиялық көмек көрсетумен байланысты кәсіби мәселелерді шешуге қажетті дағдыларды дамыту. Курс тұлғаны түзету және дамыту психотехнологияларына, психотехнологияларды жіктеуге, психологиялық түзету процесінің негізгі заңдылықтарына және олардың тұлғаға әсер ету ерекшелігіне негізгі әдіснамалық көзқарастарды шолуды көздейді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Зерттеу
  • Бақылау түрі - ҒЗЖ қорғау
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: педагогика, психология, арнайы пәндер арқылы алынған педагогикалық қызметтегі ғылыми және теориялық білімдерді практика мақсатында лекциялар мен семинарлар өткізу үшін практикалық және білім беру дағдыларын қалыптастыру, тәжірибелік дағдыларды шығармашылық түрде қолдануға кабілетті қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - сабақтардың әртүрлі түрлерін (дәрістер, лабораториялар, семинарлар, СОӨЖ, МОӨЖ) ұйымдастыру бойынша қажетті білімдерді көрсету; - оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау және студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру; - педагогика, психология және кәсіптік білім саласында алынған теориялық білімдерді практикалық іске асыру әдістеріне және әдістеріне ие болу.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген