Магистратура
Білім берудегі менеджмент

Білім берудегі менеджмент

БIЛIКТIЛIГІ

  • бейіндік бағыт - бизнес және басқару магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1 ұжымды басқарудың психологиялық тәсілдерін, қызметкерлерді тарту және даулы жағдайларды шешу технологияларын меңгереді;
2. білім беру жүйесінің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі ұйымдастыру факторларын талдау негізінде әкімшілік-басқару қызметін жобалайды;
3. білім беру ұйымын дамытудың қазіргі заманғы талаптары мен қағидаттарын талдауды ескере отырып, мектепті басқарудың нормативтік-құқықтық актілері мен ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін пайдаланады;
4. көпшілік алдында сөз сөйлеуді, келіссөздер процесін, оның ішінде іскерлік коммуникация мен шет тілінің заманауи құралдарын пайдалана отырып ұйымдастырады;
5. ұйымдастырушылық мақсаттарға қол жеткізу және жеке көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін тиімді көшбасшылық технологияларын таңдау және қолдану;
6. нормативтік-құқықтық, ресурстық, кадрлық қамтамасыз етуді салыстыру және талдау үшін мектептегі білім беру сапасын бағалаудың индикаторлары мен көрсеткіштерін әзірлейді;
7. дербес ғылыми ізденістер мен зерттеу жобаларын іске асыру үшін білім беру ұйымының қажеттіліктері мен жай-күйін диагностика жасайды.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Білім берудегі менеджмент
Мамандық шифры
7M04134
Факультеті
Философия және саясаттану

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Білім берудегі экспертиза және мониторинг
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - білім беру сараптамасының теориясы негізінде білім беру ұйымдарының мониторинг жүйесін дамыту және сараптау қабілетін қалыптастыру, сапаны бағалау әдістерін, сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу формаларын меңгеру. Курста білім беру сапасы мәселелері және оны лицензиялау және аттестаттау процесіндегі сараптамалық бағалау ерекшеліктері, тәрбие қызметін сараптамалық бағалау, басқару қызметінің сапасы қарастырылады.

Коммуникация және іскерлік қарым-қатынас
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - коммуникативтік және іскерлік құзыреттілікті дамыту және оның негізінде өндірістік, ғылыми, оқу және басқа да қызмет түрлерін ұйымдастыру және оңтайландыру, іскерлік байланыстардың барынша тиімділігіне қол жеткізе отырып, әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасай білу. Курс тұлғааралық коммуникацияның жағдаяттық, психологиялық алғышарттарын ажыратуға, менеджердің коммуникативтік әрекеті ретінде сезімдерді, эмоцияларды білдіруге, персоналдың өзара түсіністігіндегі кедергілерді анықтауға, оқиғаларды болжауға, қолайлы микроклимат жасауға үйретеді

Менеджмент
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: менеджменттің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектілері туралы жүйелі білімді қалыптастыру. Менеджмент пәні басқарудың теориясы мен практикасының сұрақтары; менеджментттің тарихы, менеджмент мектептері мен заманауи тұжырымдамалары; ұйымды басқару функциялары мен әдістері; ұйымдастырушылық құрылым типтері; ұйымның ішкі және сыртқы ортасы; шешім қабылдау модельдері мен әдістері; жоспарлау әдістері; мотивация және бақылау, басқару стильдері мен көшбасшылық теорияларын оқытуға бағдарланған.

Тайм менеджмент және іскерлік коммуникация
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Курстың мақсаты –магистранттардың өз уақытын тиімді ұйымдастыру және жоспарлау қабілетін, сондай-ақ тиімді іскерлік өзара іс-қимыл жасау үшін менеджерлердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру. Курс барысында уақытты басқару технологиялары, тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту, ұжымда жұмысты ұйымдастыру мен өзара іс-қимылды жақсарту процесінің ерекшеліктері зерделенеді.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Білім берудегі көшбасшылық
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты - ұйымдастырушылық мақсаттарға жету үшін адамдармен өзара әрекеттесуде әртүрлі билік көздерін тиімді пайдалану және олардың жеке көшбасшылық қасиеттерін дамыту қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру. Курс персоналдың тұлғалық және мансаптық өсуін жоспарлауға ықпал етеді; ұйымда тиімді коммуникацияларды құруға, стратегиялық басқару міндеттерін іске асыру процесіне қызметкерлерді тартуға үйретеді; білім беру көшбасшылығының технологиясын жасауға үйретеді

Білім берудегі қаржы және экономика
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: білім берудегі экономикалық ресурстар мен қаржы ағымдарын басқару мәселелеріндегі құзыреттіліктерін, қаржыландыру модельдерін талдау және бағалау тәжірибесін алу, білім беру жүйесінде еңбек ақы және экономикалық қатынастарды реттейтін НҚА практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру. Курс білім беруді қаржыландырудың қазіргі жүйесін, енгізілетін өзгерістердің экономикалық орындылығын талдау дағдыларын меңгеруге бағытталған.

Құқықтық менеджмент
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – магистранттардың мектепті тиімді басқаруы үшін құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін дамыту. Курс құқықтық басқару теориясы мен әдіснамасы білімін меңгеруге және қолдануға; мектепті басқару бойынша нормативтік құжаттарды талдауға; мектепті тиімді басқаруда құқықтық идеяларды қолдануға; құқықтық менеджмент әдістерін, соның ішінде сандық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құзыреттілікті және медиаторлық сауаттылықты пайдалануға мүмкіндік береді.

Мектептегі Action Research
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – білім беру процесінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату үшін мектепте Action Research іс-әрекеттегі зерттеулер жүргізу қабілетін қалыптастыру. Курс Action Research зерттеу циклі кезеңдерінің логикасын, квалиметриялық және зерттеу тәсілдерін түсінуді қалыптастырады;білім беру ұйымындағы әдістемелік, тәрбие, басқару жұмысында Action Research жобасын; Білім беру сапасын мониторингілеуді және бағалауды және даму стратегиясын жобалауды үйретеді.

Мектептегі әкімшілік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: магистранттардың нормативтік-құқықтық құжаттарды іске асыру негізінде мектепте әкімшілік жұмысты ұйымдастырудың жетекші тенденциясын ескере отырып, мектепте әкімшілік қабілетін қалыптастыру. Курс мектепте әкімшілік жұмысты ұйымдастырудың заманауи әдістерімен танысуға мүмкіндік береді және магистранттардың ақпараттық, құқықтық, функционалдық сауаттылығын қалыптастырады, аналитикалық қабілеттерін дамытады.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Цель – Қазақстан мен әлемнің жаңа білім беру теориялары негізінде педагогтардың тәрбиелік құзыреттілігін дамыту; мектептегі тәрбие стратегиясын, технологиялар мен әдістемелерді қолдану және дамыту. Курс педагогикалық теориялар негізінде мектептің тәрбие жұмысының мазмұнын құрылымдау,ұйымдастырудың заманауи технологияларын жобалауға бағытталған; тәрбие стратегиясын жобалау және шешу үшін ағымдағы педагогикалық жағдайды талдау, тәрбие жұмысын диагностикалау әдістерін қолдану

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Өндірістік
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Мақсаты - теориялық білімді бекіту, кәсіби қызметтің практикалық дағдыларын, құзыреттері мен тәжірибесін игеру. Өндірістік практика нәтижесінде магистранттар кәсіби және еңбек дағдыларын қалыптастыру ар0ылы тиісті саладағы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қызметі ерекшеліктерін зерделей алады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген