- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Баспа менеджменті және типографика
Баспа менеджменті және типографика
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - өнертану ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
ON1 Тілдер мен мәтіндер туралы жаңа ғылыми теориялар мен тұжырымдамалар тұрғысынан баспа менеджменті мен типографика салаларының тоғысында кәсіби қызметті жүзеге асыру.
ON2 Корпоративтік (логотиптер мен брендинг), редакциялық (кітаптар, газеттер, журналдар), навигациялық, веб-дизайн және т.б. салалардағы интегративті процестердің нәтижесі ретінде баспа қызметі тұрғысынан типографиканың бағыттарын әзірлеу.
ON3 Типографиканы эстетика, экономика, психология, әлеуметтану, мәдениеттану және т.б. әсерінен тарихи қалыптасқан дүниетанымдық және шығармашылық қызмет әдісі ретінде, ал баспа ісіндегі құқықтық менеджментті баспаның ұйымдастырушылық моделі ретінде талдау.
ON4 Отандық графикалық және электронды өнімдердің әр қилы түрлерін жасау кезінде ұлттық графика дәстүрлерін, түпнұсқа қаріптерді қолдану.
ON5 Графикалық дизайн негізі ретінде баспа мен типографика үндесуінде ғылыми дизайнды әзірлеу; баспа парадигмасының өзгеруі жағдайында баспалардың ұйымдастырушылық мәдениетінің принциптері.
ON6 Семиотиканың түрлі бағыттары контексінде мәтіндік және визуалды материалды контент-талдау әдіснамасын пайдалана отырып, баспа ісі және графикалық дизайн салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу.
ON7 Кәсіби деңгейде графикалық бағдарламаларды қолдана отырып, медиа мазмұнды өңдеу: CorelDraw, Adobe Illustrator, Adobe Photoshop, Adobe InDesign: кітап, газет-журнал, жарнамалық басылымдар, цифрлы құжаттар мазмұнын шығаруға дайындық.
ON8 Медиа мен аудиторияның өзара әрекеттесуінің негізгі тенденцияларын, редакциялық менеджмент пен типографиканың бағыттарын болжау.
ON9 Баспа және дизайн жобаларының құқықтық базасын дамытудың ғылыми тұжырымдамасын модельдеу.
ON10 Электронды баспа жағдайында жаңа кәсіби ақпаратты контекстке келтіру.
ON11 Кітаптану ғылымы мен дизайн шығармашылығын дамытудағы келешегі бар бағыттарды жүйелеу.
ON12 Баспа менеджменті мен типографиканы мәтінді безендіру өнері ретінде оқытудың заманауи әдістерін, магистрлік диссертациядағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, ғылыми жарияланымдарды синтездеу.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген