- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Экологиялық топырақтану
Экологиялық топырақтану
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - жаратылыстану ғылымдарының магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1. Заманауи топырақ жамылғысын және палео - топырақтарды зерттеу бойынша теориялық білімді және практикалық дағдыларды меңгеру, ақпаратты өңдеу, талдау және қорыту үшін заманауи аспаптар мен ГАЖ-технологияларды пайдалана отырып, қасиеттері мен режимдерін зерттеу әдістерін меңгеру.
2. Химиялық элементтердің дисперсиясының, концентрациясының және көші-қонының заңдылықтарын түсіндіру және литосфера мен топырақ жамылғысының дамуындағы экзогендік және эндогендік процестердің рөлін негіздеу.
3. Әр түрлі топырақтың физикалық, гидрологиялық, химиялық, физика-химиялық, биологиялық және микробиологиялық зерттеулердің инновациялық әдістерін қолдана отырып, құнарлылықтың оңтайлы параметрлерінің көрсеткіштерін түсіндіру.
4. Зерттеудің заманауи әдістері мен экологиялық нормативтерді пайдалана отырып, жер ресурстарының бонитировкасы мен кадастрын, шаруашылық қызметтің экологиялық сараптамасы мен аудитін жүргізу. Топырақ ресурстарын пайдалану мен экономиканың өсуі арасында өзара байланыс орнату және ұтымды жер пайдалануды реттеудің әкімшілік және экономикалық тетіктерін қолдануды негіздеу;
5. Экологиялық факторларға байланысты топырақтың қалыптасу заңдылықтарын пайдалана отырып, ел өңірлері бойынша топырақ жамылғысының ерекшеліктерін анықтау, табиғи және антропогендік әсерлерге байланысты топырақтың тозу, эрозия және шөлейттену себептерін түсіндіру, ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде топырақ материалдарын зерттеудің, интерпретациялаудың және өңдеудің заманауи әдістерін пайдалана отырып, оларды қалпына келтіру және қорғау жөніндегі қажетті іс-шараларды әзірлеу.
6. Халық шаруашылығында топырақ ресурстарының пайдаланылуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру, агроөнеркәсіптік кешенде пайдаланылатын жерлерді мемлекеттік бақылау және бағалау рәсімдерін ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы өндірісін қарқындату кезінде қазіргі заманғы топырақ қорғау технологияларын енгізу мүмкіндіктерін айқындау, жоспарлау мен болжаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, топырақ ресурстарын оңтайлы пайдалану схемаларын жасау.
7. Топырақ құнарлылығының үздіксіз өсімін қамтамасыз ететін жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау және болжау, топырақ өнімділігін арттыру құралдарын (минералдық және органикалық тыңайтқыштар, мелиоранттар, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштар және т.б.) пайдалану қарқынын және олардың ел экономикасы үшін маңызын талдау.
8. Топырақтың экологиялық жағдайын бағалау, ақпараттың жалпы ағымынан топырақ-өсімдік жамылғысының құнарлылығы мен өнімділігінің одан әрі өзгеруін болжауға, оларды қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды әзірлеуге мүмкіндік беретін негізгі пікірлерді таңдау.
9. Суармалы топырақты ұтымды пайдаланудың кешенді схемаларын әзірлеу, су тұтыну және су бұру теңгерімдерін жасау, суармалы жерлерде суарудың заманауи тәсілдерін пайдалану.
10. Үлгілік табиғат қорғау іс-шараларын, оның ішінде ластанған жерлерді тазарту, урбандалған және техногендік ландшафтарды қалпына келтіру, тұзды және сілтілі (сор және сортаң) топырақтарды игеру бойынша әзірлеу.
11. Камералдық, картографиялық, далалық, қашықтықтан, зертханалық, стационарлық және басқа да зерттеулер әдістерін қолдана отырып, халық шаруашылығында (ауыл, орман, су және т. б.) топырақ ресурстарын мелиорациялау, қорғау және ұтымды пайдалану стратегиясын негіздеу;
12. Ғылымды, қоғам мен экономиканы дамытудың қазақстандық моделін талдау үшін ғылыми-тарихи және философиялық білімді еркін түсіндіру және шығармашылықпен пайдалану; сабақтар мен тәрбиелік іс-шараларды өткізу кезінде заманауи педагогикалық технологиялар мен тәсілдерді пайдалану; тиімді шешімдер қабылдау үшін психологиялық білімді қолдану, жеке өмірі мен кәсіби қызметінде табысты коммуникативтік стратегияларды іске асыру.
Бағдарлама паспорты
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2022-2025 жылдардағы мәліметтер көрсетілген