Магистратура
Қазақ филологиясы

Қазақ филологиясы

БIЛIКТIЛIГІ

  • ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

1. Әлемдік ғылым кеңістігіндегі философияның ролін зерделеу. Қазіргі ғылыми парадигмалар аясында ғылым тарихы, философия, психология, педагогиканың теориялық-әдіснамалық қағидаттарын білім беру және кәсіби мақсаттағы мәселелердің шешімін табуда қолдану.
2. Қазақ филологиясының негізгі заңдылықтарына сүйеніп, тіл мен әдебиет теориясы, тарихы салаларының қағидаларын меңгеріп, жаңа ғылыми парадигмалар негізінде белсенді үдерістерді, пәнаралық өзекті мәселелерді айқындауда білімнің когнитивтік нәтижелерін құзыреттілік құралы ретінде пайдалану.
3. Пәнаралық білім негізінде филологиялық зерттеу методологиясын меңгеріп, зерттеу жүргізуде заманауи әдістердің басым және әлсіз тұстарын бағалай отырып, технологиялық шешімін табу.
4. Білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес, әлемдік халықаралық тәжірибеге, ұлттық құндылықтарға, тіл мен әдебиеттің қағидаларына (антропоөзектілік, андроөзектілік, мәтін, мәнөзектілік) негізделген магистрлік диссертация жазу, дәйексөз индексі жоғары «Scopus» деректер базасындағы, БҒСБК ұсынған журналдарда мақалалар жариялау.
5. Лингвопоэтика, лингвокогнитология, лингвоэкология, лингвоаксиология, психолинвистика, функционалды стилистика т.б. тіл білімі бағыттарының теориялық және әдіснамалық негізін меңгеріп, өзекті ғылыми-теориялық тақырыптар бойынша жоба ұсыну, ұжымдық зерттеу жұмыстарына қатысу.
6. Ғылыми зерттеу үдерісінде және тиісті кәсіби салада қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін қолдана білу.
7. Қазақ тілінің синхрониялық сипатын іргелі филологиялық білім негізінде диахрониялық тұрғыда саралау. Салыстырмалы-тарихи, этимологиялық, типологиялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып сөздіктер құрастыруға қатысу.
8. БАҚ саласында, ақпараттық-аналитикалық орталықтарда басымдыққа ие тақырыптарды іріктеу: түрлі дереккөздерден маңызды деректерді жинау, талдау, саралау. Материалды БАҚ форматының талабына және аудитория сұранысына сай сәйкестендіру. Материалды редакциялауда автор ойының мағынасын толық ашатын әдістерді қолдану, мәтінді орфография, пунктуация ережелеріне сәйкес түзету, публицисткалық стильге сай өңдеу.
9. Алаштық зерттеушілердің тұжырымдарын бүгінгі таңдағы тіл біліміндегі жаңа бағыттармен, инновациялық парадигмалармен байланыстыра талдау.
10. Ұлттық кодты – ұлттық құндылықтардың негізі, түпқазығы ретінде қарастырып, оның тілдегі көрінісіне түркі және қазақ ғұламалары еңбектері негізінде когнитивтік кешенді талдау жасау.
11. Басқару психологиясын игеріп, білім беру және ғылым саласында менеджер болу, басқару-әкімшілік саласында, құзырлы орындарда, тіл саясаты бөлімдерінде филолог маман ретінде тілдік жағдаятты экстралингвистикалық үдерістермен байланыстыра отырып баға беру.
12. Білім беру мекемелерінде кәсіби педагогикалық қызметті жүзеге асыру. ЖОО-да оқытуға қажетті әдістемелік, теориялық, тәжірибелік ұғым-түсініктерді білу, түсіну. Заманауи технологияларды, оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді, дәстүрлі және жаңа әдістерді меңгеру, тәжірибе жүзінде қолдану. Оқу үдерісінде бағдарлама мазмұнын жасауға қажетті материалдарды білу.
13. Ұлттық әдебиет дамуында дара орындары бар ұлы тұлғалардың өмірбаяндық, шығармашылық ізденістерін кешенді түрде саралау, ғылыми зерттеу жүргізу. Әдеби шығармаларды зерттеуге қатысты талдаудың қазіргі әдістерін сыни бағалау.
14. Ұлттық әдебиеттің құрылымын зерттеу бағыттары мен көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін, философиялық-әдістемелік мәселелерін саралау, көркем шығарманы мәдениет феномені ретінде талдап, әдеби шығарманы жалпы адамзаттық құндылықтардың аксиологиясы ретінде қарастыру.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Қазақ филологиясы
Мамандық шифры
7M02319
Факультеті
Филология

пәндер

Академиялық дискурс
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің негізгі мақсаты- Құрылымында дискурстық, тектік және түрлік институционалды ерекшеліктері бар академиялық дискурстың жүйелі сипатын түсіну және талдай алу қабілетін қалыптастыру. Пән дискурстың бір түрі ретіндегі академиялық дискурстың сөйлеу кезінде көрінетін жүйелі-құрылымдық ерекшеліктерін тануға бағытталған.

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс аясында пән, басқару психологиясының негізгі принциптері, басқарушылық өзара әрекеттесудегі тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, жеке Басқару стилі, басқарушылық қызметтегі әсер ету психологиясы, жанжал жағдайларын басқару ашылады.

Ғылым тарихы мен философиясы
  • Кредит саны - 3
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – филология мамандығында оқитын магистранттарға ғылыми зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен жоспарлану бағытындағы игерілетін теориялық және әдістемелік білімдер жүйесін меңгерту. Зерттеу кезеңдерін ұйымдастыруды, магистрлік диссертациясы бойынша ғылыми ізденіс жүргізуді түсіндіру және техникалық тұрғыдан рәсімдеуді үйрету. Сонымен қатар ғылыми және ЖАК-тің ұсынған журналға мақала жазу, конференцияларда баяндама жасау әдістері мен ақпараттық іздестіру теориясы негіздерін игерту

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: Әлеуметтану және гуманитарлық ғылым салаларындағы соңғы зерттеу әдістері мен әдістемелерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән ғылыми тұжырымдар жасау үшін ғылыми зерттеулерде жаңа әдіс-тәсілдерді; көркем мәтінді талдаудың филологиялық әдістерін іргелі ғылыми зерттеулермен ұштастыруды; іргелі және қолданбалы ғылыми жобалар дайындау және бағалауды қарастырады.

Жоғары мектептің педагогикасы
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

Қазақ орфографиясының негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – қазіргі қазақ орфографиясының принциптері, орфографиядағы босаң және қатаң нормалар, орфография мен орфоэпияның арақатынасы туралы түсінік қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: қазақ орфографиясының фонологиялық негіздерін меңгерту; қазіргі қазақ орфографиясындағы негізгі проблемаларды айқындау; кирил және латын графикасына негізделген қазақ жазуының емле ережелерін салыстырып, өзіндік ой, пікір қалыптастыру.

Қазақ тілі пунктуациясының негіздері
  • Кредит саны - 5
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – қазақ тілінің пунктуациялық нормасын, барлық тыныс белгілерінің қойылу орнын логикалық, грамматикалық, интонациялық ұстанымдар негізінде меңгерту. Келесі мәселелер қарастырылады: жазуда, оқуда пунктуациялық сауаттылықты арттыру, жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсіну үшін тыныс белгілері туралы жүйелі білім қалыптастыру, тыныс белгілердің қойылатын орындарын білу, әр тыныс белгінің мәнін анықтауда, логикалық-грамматикалық қағидаттарды және синтаксистік бірліктердің қызметін меңгерту.

Ортағасыр жазба ескерткіштері: графикасы мен мәтінтану
  • Кредит саны - 9
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – ортағасыр жазба ескерткіштері түрлері мен графикасымен таныстыру, қолжазбаларға лингвотекстологиялық талдау жасауды меңгерту. Келесі мәселелер қарастырылады: ортағасыр жазба ескерткіштер мәтіндеріндегі бірнеше көшірмені өзара салыстыру арқылы лингвотекстологиялық (графикалық, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) талдаулар жүргізу; лингвистикалық ауытқулардың себептерін түсіндіру; көшірме нұсқалары арасындағы айырмашылықтарды меңгерту.

Ұлттық паремиологиялық қор: генезис және прагматика
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты фразеологияның тіл жүйесіндегі орнын анықтау; фразеологиялық бірліктердің өзге тілдік бірліктерден өзіндік ерекшеліктерін айқындау. Пәннің міндеттері – Фразеологилық бірліктердің өзге деңгейлердің тілдік бірліктерімен (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) ұқсас және айырым белгілерін анықтау; ғаламның тілдік бейнесінің фразеологиялық фрагментін сипаттау; ФБ-дің сөзжұмсамдағы қолданыстық ерекшеліктерін айқындау; магистранттардың лексика-фразеологиялық қорын байыту.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

XV-XVIII ғғ. жыраулар поэзиясының тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – ХV-ХVІІІ ғғ. қазақ поэзиясын мәдени мұра, ал жырларға ортақ стильдік, лексикалық-грамматикалық, композициялық ерекшеліктерді ауызша әдеби тіл ұғымын қалыптастырушы категория ретінде таныту. Келесі мәселелер қарастыралады: ХV-ХVІІІ ғғ. әр жырауға тән стильдік, грамматикалық формалар қолданыс ерекшеліктері, лексикалық бірліктердің, бейнелеуіш сөздердің семантикалық өзгеру себептері.

Алғашқы қазақ газеттерінің тілі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты –алғашқы газет басылымдарын жазба мұра ретінде тану дағдысын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастыралады: Дала уалаяты газеті, Түркістан уалаяты газеті басылымдарының зерттелуімен таныстыру, алғашқы газеттердегі лексикалық-грамматикалық ерекшеліктердің болу себебін анықтау, алғашқы қазақ газеттері мен қазіргі мерзімді басылымдар тілі арасындағы сабақтастықты талдау.

Ауызша тіл лингвистикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ ауызша тілінің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикологиялық деңгейлерінің өзіндік ерекшеліктері, жазба тіл мен ауызша тілдің ұқсастығы мен айырмашылығы туралы түсінік қалыптастыру. Пән: болашақ тіл маманының коммуникативтік құзыреттілігін арттыру мақсатында қазақ ауызша сөйлеуі мен жазба мәдениетінің этикалық, коммуникативтік, тілдік нормаларын меңгертуге, көпшілік алдында дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Ахметтану және төте жазу
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының «төте жазуын» оқу және жазу дағдысын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: Ахмет Байтұрсынұлының жазу теориясы (даму, қалыптасу кезеңдері) туралы білімдерін қалыптастыру; «төте» жазуды академиялық деңгейде үйрету; дауысты және дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптердің қолданысының себептерін меңгерту.

Көне түркі жазуының әліпбиі мен графикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – көне түркі жазуының әліпбиі мен графикалық ерекшелігі туралы теориялық білім беру және көне түркі әліпбиін меңгерту, жазу және оқу дағдысын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: көне түркі әліпбиінің құрамын әріптердің графикалық ерекшеліктерін меңгеру; дауысты дыбыстардың таңбалану жүйесі мен себебін анықтау; дауыссыз дыбыстардың таңбалануындағы екілік жүйемен танысу; түркі сингармонизмін білу.

Қазақ графемологиясының тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – қазақ тілінің тарихи графемологиясына қатысты жүйелі білім қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: қазақ жазуының фонетика-фонологиялық, графемологиялық тарихи негіздерін меңгеру, қазақ жазуының ғасырлар бойы қалыптасқан грамматологиялық құрылымын талдау; әліпби түріне байланысты графика-орфографиялық білімдер жүйесін, графика түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.

Қазақ лексикографиясының тарихы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ лексикографиясының дамуы мен қалыптасуы туралы білім беру. Келесі мәселелер қарастыралады: қазақ лексикографиясының қалыптасуына негіз болған тарихи бағыттағы сөздіктердің жіктелуі мен зерттелуін; тарихи сөздік мақаласының құрылымын білу; көне, ескі, кірме сөздердің түсіндірмесін берудің семантикалық ұстанымдарын меңгеру; сөздік әзірлеудің әдістері мен принциптері негізінде қазіргі қазақ сөздіктерін талдау.

Қазақ тілінің ареальдық лингвистикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – ареалдық лингвистиканың негізгі теориялық және әдістемелік ереже-ұстанымдарын меңгерту. Келесі мәселелер қарастыралады: ареалдық лингвистиканың мақсат-міндеттері мен бағыттары, зерттеу әдістері, даму тарихы; тілдік құбылыстардың кеңістікте таралуының негізгі тұжырымдары; тілдік ареалдар мен аймақтардың қалыптасу ерекшеліктері; әртүрлі тілдік изоглосстарды диахрондық және синхрондық аспектілер тұрғысынан интерпретациялау әдісі.

Қазақ тілінің сөзсаптам құрылымы мен прагматикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – қазақ тілінің ұлттық сөйлеу дәстүрі, қазақ сөзсаптамының өзіндік құрылымы мен прагматикасын меңгерту, мәтінге лингвостилистикалық талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Магистрант: қазақ тілінің дәстүрлі сөз саптамының құрылымы, жүйесі, нормасы және стилін меңгереді; грамматикалық, логикалық, стильдік, этикалық нормаға сай мәтіндерге лингвостилистикалық талдау жасау дағдысы қалыптасады; қазақ шаршысөзін бағалау құзыреттігі қалыптасады.

Қыпшақтану: тарихи-салыстырма тілтанымдық аспект
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – ескі және қазіргі қыпшақ тілдері туралы лингвистикалық жүйелі білім қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: түркі тілдері жүйесіндегі қыпшақ тілдерінің орны, ескі қыпшақ жазба ескерткіштерінің зерттелуі туралы жүйелі білім беру; салыстырмалы-тарихи талдау арқылы көне және қазіргі қыпшақ тілдерімен сабақтастығын айқындау; қазіргі қыпшақ тілдерінің ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктерін меңгеру.

Латынграфикалы қазақ жазуының әліпбиі мен емлесі
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі мен емлеге қатысты жаңа нормаларды меңгерту. Келесі мәселелер қарастырылады: латынграфикалы қазақ жазуының фонетика-фонологиялық ерекшелігін, грамматологиялық принциптерін саралау; әліпбидегі әрбір әріптің мазмұны мен тұрпатын ажырату; қазақ тілінің жаңа орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын терең меңгерту.

Лингвостилистика және көркем мәтінге жаңаша талдау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты –лингвостилистиканың зерттелу жолдары мен әдістері туралы іргелі білім бере отырып, қазақ көркем мәтіндеріне жаңа үлгіде лингвостилистикалық талдау жасау дағдысын қалыптастыру. Магистрант қазақ және әлемдік лингвостилистика саласының теориясы мен практикасы, қазақ көркем мәтіндеріне талдау жасаудың өзіндік ерекшеліктері, көркем мәтінді талдаудың қазіргі үлгілері туралы білім алады.

Түркі тілдерінің әліпбиі мен графикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты – кирил және латын графикасына негізделген түркі тілдерінің әліпбиі мен графикасы, емлесі туралы толық ғылыми теориялық түсінік беру. Келесі мәселелер қарастырылады: түркі тілдері әліпбилерінің құрамы мен әріп мазмұны, ондағы ерекшеліктерді меңгеру; фонема, графема, әріп қатынасын талдау; әліпби тарихы мен емлесіне қатысты зертеулер бойынша білімдерін қалыптастыру.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Зерттеу
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Дәрістерді, семинарларды өткізудің практикалық және оқу-әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, ғылыми және теориялық білімдерді, шығармашылық қызметтегі практикалық дағдыларды мамандықтардың пәндерінен сабақ өткізу жағдайында пайдалану; өз заманауи кәсіби техникалары қолдану, оқыту әдісі практикада соңғы теориялық, әдістемелік жетістіктерді қолдануға, оқу-әдістемелік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген