- Негізгі бет
- Магистратура
- Білім беру бағдарламалары
- Білім саясаты
Білім саясаты
БIЛIКТIЛIГІ
- ғылыми - педагогикалық бағыт - әлеуметтік ғылымдар магистрі
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
1) халықаралық, мемлекеттік және өңірлік білім беру саясатының ерекшеліктерін, әлеуметтік-саяси пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған стратегиялар мен инновацияларды салыстырады;
2) білім беру саясаты мәселелері бойынша зерттеу бағдарламаларын, есептерді, талдамалық жазбаларды, шолулар мен брифингтерді анық, түсінікті және эмпирикалық негізделген тілде, оның ішінде шет тілінде жасайды;
3) білім алушылардың азаматтық ұстанымын дамытуға және әлеуметтендіруге бағытталған білім беру саясатын зерделеу кезінде әдіснамалық, тұжырымдамалық және технологиялық құралдарды қолданады;
4) білім беру саясаттың философиялық, әлеуметтанулық және экономикалық аспектілерін және білім беру саясаты субъектілерінің мүдделерін үйлестіру тұжырымдамаларын жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтарын талдайды;
5) білім беру саясаты саласындағы стратегиялық және тактикалық сипаттағы саяси-құқықтық құжаттарға, жастар саясаты саласындағы жоспарлар мен жобаларға, азаматтық белсенділікті дамыту жөніндегі бағдарламаларды іске асырудың ықтимал тәуекелдеріне баға береді;
6) білім беру саясатының үлгілерін олардың аз қамтылған немесе маргиналданған халықтарға әлеуетті әсері тұрғысынан зерттейді;
7) білім берумен айналысатын үкіметтік ұйымдарға, заң шығарушы органдарға, әкімдіктерге, талдау орталықтарына және коммерциялық емес ұйымдарға ғылыми хәне іс жүзінде негізделген ұсынымдарды құрастырады;
8) проблемаларды теориялық және әдіснамалық талдау, квалиметриялық тәсілді қолдану, білім беру саясатындағы үздік отандық және шетелдік тәжірибелерді жалпылау бойынша жүйелі пәнаралық білім мен дағдылар негізінде ұлттық білім беру жүйесінің сапасына сараптама жүргізеді;
9) ақпаратты өңдеудің компаративистік, әлеуметтанулық, саясаттанулық әдістерін, білім беру саясатын талдаудың арнайы тәжірибелерін пайдалана отырып, білім беру жүйесінің сапасын арттыру үшін білім берудегі өзгерістерді үлгілейді;
10) әлеуметтік-саяси пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде жоғары мектепте білім беру іс-әрекетін жүзеге асырады;
Бағдарлама паспорты
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
пәндер
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
ТӘЖІРИБЕЛЕР
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген