Магистратура
Креативті экономика

Креативті экономика

БIЛIКТIЛIГІ

  • бейіндік бағыт - Бизнес және басқару магистрі

ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ

ОН 1. Белгісіздік факторын және ұйымдардың дамуы мен жұмыс істеуінің стратегияларын әзірлеуді ескере отырып, нақты фактілер мен мысалдардан бастап жобалардың тиімділігін бағалаудың біртұтас үлгілері мен тәсілдеріне дейінгі креативті экономиканың тұжырымдамалары, теориялары мен тәжірибесі туралы терең білімін көрсету./
ОН 2. Креативті индустрияның әртүрлі салаларында инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу үшін алынған білім мен дағдыларды қолдану, өзгермелі жағдайлар мен нарық талаптарына бейімделу қабілетін көрсету, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерін пайдалана отырып, ақпаратты, статистикалық деректерді және сауалнамаларды өңдеу, талдау және жүйелеу алгоритмдерін пайдалану
ОН 3. Оңтайландыру режимін қамтамасыз ету және ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды әзірлеу үшін экономикалық-математикалық модельдеу әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу мәселелері контекстінде креативті процестер мен инновациялық тәжірибелердің әртүрлі аспектілерін талдау және сыни тұрғыдан бағалау.
ОН 4. Креативті салалардағы жаңа тенденцияларды, проблемалар мен мүмкіндіктерді анықтап, сәйкес стратегиялар мен шешімдерді ұсына отырып, идеяларды генерациялау, мәселелерді шешуде инновациялық тәсілдерді дамыту және жаңа мүмкіндіктер мен шешімдерді табу үшін шығармашылық әдістерді қолдану.
ОН 5. Креативті бағыттардағы жобаларды жоспарлау, ұйымдастыру және басқару мақсатында экономикалық саясат шараларын бағалау және микро және макро деңгейде стратегиялық шешімдер қабылдау үшін аналитикалық материалдар мен бизнес-жобаларды құрастыру.
ОН 6. Деректерді талдау және әлеуметтік-экономикалық факторлардың экономикадағы, сондай-ақ ұйымдағы креативті процестер мен құбылыстарға әсерін бағалау үшін бизнес-аналитика және қолданбалы эконометрика әдістерін қолдана отырып, креативті индустрияның негізгі аспектілерін көрсететін теориялық модельдерді әзірлеу.
ОН 7. Ресми және статистикалық мәліметтерді жариялау көздерінен алынған нәтижелерді бағалау және оларды креативті экономика тәжірибесі үшін маңыздылығы тұрғысынан түсіндіру, қорытындылар жасау және оңтайландыру бойынша тиісті ұсыныстар беру
ОН 8. Көпұлтты және көп мәдениетті орталарда жұмыс істеуге дайындығын көрсете отырып, әртүрлі ұжымдық құрылымдар мен мәдениеттерге бейімделу, шешімдер мен нәтижелер үшін жауапкершілікті қабылдау, жобалар мен командаларды басқару, әр түрлі пәндердегі әр түрлі әріптестермен және кәсіпқойлармен тиімді ынтымақтастық орнату мүмкіндігін білу.

Бағдарлама паспорты

Мамандығы
Креативті экономика
Мамандық шифры
7M04151
Факультеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі

пәндер

Басқару психологиясы
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

Креативті салалардағы бизнес-аналитика
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: магистранттардың креативті бизнес саласында стратегиялық шешімдер қабылдау үшін деректерді жинау, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту. Пән деректерді талдау әдістерін меңгеруге және оларды креативті салаларда қолдануға бағытталған. Курс деректерді талдау бағдарламалық құралын, статистикалық әдістерді және ақпаратты визуализациялау әдістерін қолдану құзыреттерін дамытады.

Менеджмент
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: менеджменттің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектілері туралы жүйелі білімді қалыптастыру. Менеджмент пәні басқарудың теориясы мен практикасының сұрақтары; менеджментттің тарихы, менеджмент мектептері мен заманауи тұжырымдамалары; ұйымды басқару функциялары мен әдістері; ұйымдастырушылық құрылым типтері; ұйымның ішкі және сыртқы ортасы; шешім қабылдау модельдері мен әдістері; жоспарлау әдістері; мотивация және бақылау, басқару стильдері мен көшбасшылық теорияларын оқытуға бағдарланған.

Уақыттық қатарлардың қолданбалы эконометрикасы
  • Кредит саны - 6
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – эконометриялық модельдеу есептерін шешуде эконометриялық модельдерді, қолданбалы бағдарламалық кешендерді қолдану дағдысын қалыптастыру. Пән экономикадағы уақыттық қатарларды талдау әдістерін және оларды экономикалық құбылыстарды болжау мен бағалау үшін қолдануды үйренуге бағытталған.

Шетел тілі (кәсіби)
  • Кредит саны - 2
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

пәндер

Креативті индустриядағы желілік кәсіпкерлік
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: креативті салалар саласында инновациялық бизнес жобаларды әзірлеу және басқару қабілетін дамыту. Курс нарықты талдау, бизнес-модель әзірлеу, өнімді жылжыту үшін цифрлық технологияларды пайдалану және команданы басқару бойынша құзыреттерді дамытады. Пән желілік ресурстарды тиімді пайдалану арқылы шығармашылық секторлардағы бизнесті дамыту стратегияларын зерттеуге бағытталған.

Креативті индустрияның экономикасы
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пәннің мақсаты – креативті сектордың экономикалық негіздерін, динамикасы мен сипаттамаларын зерттеу және магистранттардың креативті салалардағы тұрақты стратегияларды әзірлеу үшін экономикалық принциптерді түсінуі мен аналитикалық дағдыларын дамыту. Курс нарықты талдау, инвестицияларды бағалау, бизнес-стратегияларды әзірлеу және ресурстарды басқару дағдыларын дамытады, табысты операциялар үшін экономикалық принциптердің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.

Креативті салалардағы инвестицияны жобалау
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Пән мақсаты: Мақсаты: креативті саладағы инновациялық жобаларды негіздеу кезінде инвестицияларды экономикалық бағалау әдістерін қолдану дағдыларын дамыту. Пән магистранттарға инвестициялық жобаларды бағалау және талдау, тәуекел және белгісіздік жағдайында шешім қабылдау үшін қолданылатын әдістер мен құралдарды үйретуге арналған.

Креативті салалардағы цифрлық маркетинг
  • Бақылау түрі - [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
  • Сипаттамасы - Мақсаты: заманауи нарық талаптары мен олардың сипаттамаларын ескере отырып, креативті индустриялар саласындағы өнімдер мен қызметтерді тиімді жылжыту үшін нақты цифрлық маркетингтік стратегиялар мен құралдарды қолдану қабілетін дамыту. Пән креативті салаларға арнайы бейімделген заманауи цифрлық маркетинг стратегиялары мен құралдарын зерттеуге бағытталған.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген

ТӘЖІРИБЕЛЕР

Өндірістік
  • Бақылау түрі - Защита практики
  • Сипаттамасы - Мақсаты - теориялық білімді бекіту, кәсіби қызметтің практикалық дағдыларын, құзыреттері мен тәжірибесін игеру. Өндірістік практика нәтижесінде магистранттар кәсіби және еңбек дағдыларын қалыптастыру ар0ылы тиісті саладағы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қызметі ерекшеліктерін зерделей алады.

2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген