7R01104 Резидентура

Жалпы хирургия

Факультет:Медицина және денсаулық сақтау
Код:7R01104
Білім деңгейіРезидентура
Шекті балл (ақылы бөлім)-
ФакультетМедицина және денсаулық сақтау
ID2037

Бағдарлама туралы

Тәжірибе мен ғылымда озық инновациялық, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және дамыту негізінде әмбебап және кәсіби құзыреттілік жүйесі бар, дербес кәсіби қызметке қабілетті және дайын білікті хирург-дәрігерді даярлау.

Түлек моделі

Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін резидент келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі

1. Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді медицина принцптерін қолдану, жаңа ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну, науқастардың денсаулығын ғылыми-негізделген тұрғыда нығайту және ересектер мен балаларда хирургиялық ауруларды тиімді диагностикалау, емдеу және басқару үшін клиникалық білім мен дағдыларды біріктіру.
2. Жедел және өмірге қауіп төндіретін жағдайларды қоса алғанда, хирургиялық көмек стандартын ескере отырып, қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына сәйкес науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету, қолданылған терапия мен оперативті араласудың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.
3. Ауруды диагностикалау және басқару жоспарын құру үшін тиісті деректерді жинау, түсіндіру, талдау, бағалау және басымдық беру, соның ішінде хирургиялық патологияға хирургиялық араласуды бастау және өз бетінше жүргізу.
4. Хирургиялық бейіндегі ауруларды, шұғыл жағдайларды диагностикалау, емдеу және алдын алу үрдісінде науқастармен оң және сенімді қарым-қатынасты орнату үшін коммуникативті дағдыларды тиімді пайдалану, диагностикалық үрдістерді орындау және тиісті араласуларды бастау.
5. Этика және деонтология қағидаларын сақтай отырып, хирургиялық бейіндегі патологиядағы емдеу-диагностикалық үрдісті тиімді басқару, басқа денсаулық сақтау мамандарымен топтық жұмысты көрсету және науқаспен тиімді қарым-қатынас жасау үшін жасын, мәдени ерекшеліктерін, нәсілдік ерекшеліктерін ескере отырып, пациенттің адам мінез-құлқы мен психологиясының негізгі қағидалары туралы білімді қолдану.
6. ҚР Денсаулық сақтау, дәрігер мен науқастың (баланың) құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын білімін қолдану, хирургиялық бейіндегі ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің қызметін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алу.
7. Хирургиялық көмектің тиімділігі мен қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында кәсіби міндеттерді шешу, медициналық құжаттаманы жүргізу үшін заманауи ақпараттық-цифрлық технологиялар мен денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалану.
8. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықтың денсаулығын жақсарту қағидалары мен әдістерін қолдану негізінде өмір сүру сапасын жақсартуға және хирургиялық бейіндегі аурулардың алдын алуға ықпал ету.
9. Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарына адалдықты, өз бетінше, үздіксіз кәсіби оқытуға және кәсіби қызмет барысында өз білімін, дағдыларын жетілдіруге деген қажеттілікті көрсету.
10. Кәсіби әдебиеттерді талдау және сыни тұрғыдан бағалау, зерттеу сұрақтарын тұжырымдау, күнделікті іс-әрекеттерінде халықаралық мәліметтер базасын тиімді пайдалану, адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту саласындағы білімді ілгерілетуге бағытталған ғылыми зерттеулерге қатысу.