7R01109 Резидентура

Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)

Факультет:Медицина және денсаулық сақтау
Код:7R01109
Білім деңгейіРезидентура
Шекті балл (ақылы бөлім)-
ФакультетМедицина және денсаулық сақтау
ID2042

Бағдарлама туралы

Дәлелді медицина және заманауи медициналық технологияларды қолдану қағидаларына сәйкес әйелдер мен қыздарға акушерлік және гинекологиялық көмек көрсетуге бәсекеге қабілетті, білікті дәрігер акушер-гинекологты даярлау.

Түлек моделі

Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін резидент келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі
1.Ғылыми дәлелдерге негізделген тәжірибеге, жаңа ақпаратты сыни тұрғыдан қарастыруға негізделген медициналық көмектің барлық деңгейлерінде Әйелдердің жүктіліктен тыс, жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңде және балалық және жасөспірімдік кезеңдегі ауруларды/жүктілікті тиімді диагностикалау, емдеу және басқару, оңалту және денсаулығын нығайту бойынша клиникалық білім мен дағдыларды біріктіру.
2.Қолданыстағы клиникалық емдеу хаттамаларына сәйкес репродуктивті денсаулық сақтау саласында, акушерлік-гинекологиялық көмектің стандартын ескере отырып, хирургиялық араласулардың, дәрілік және дәрілік емес терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау арқылы мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
3.Диагностика, емдеу және аурулардың алдын алу, оның ішінде шұғыл жағдайлар кезінде, диагностикалық шараларын орындау және тиісті араласуларды бастау үрдісінде әйелдермен, балалармен, жасөспірімдермен және олардың отбасыларымен (немесе заңды өкілдерімен) жағымды және сенімді қарым-қатынасты орнату үшін коммуникативті дағдыларды тиімді пайдалану.
4.Басқа денсаулық сақтау мамандарымен топтық жұмысты көрсете отырып, этикалық және деонтологиялық принцптерді сақтап, тиімді қарым-қатынас жасау және диагностикалық үдерісті басқару үшін адам мінез-құлқының және науқас психологиясының негізгі принциптері туралы білімді қолдану.
5.Шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайларда, табиғи және техногендік сипаттағы апаттарда, пандемияда акушерлілк-гинекологиялық көмек көрсету кезінде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті уақтылы және тиімді көрсету.
6.Репродуктивті денсаулықты сақтау саласындағы ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің қызметін айқындайтын денсаулық сақтау саласындағы құқықтық білімдерін қолдану, дәрігердің және науқастың құқығын қорғайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу.
7.Кәсіби мәселелерді шешу, медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуде, сондай-ақ медициналық құжаттарды жүргізуде олардың тиімділігін арттыру үшін заманауи ақпараттық және цифрлық технологиялар мен денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалану.
8.Балалар мен ересектердің денсаулығын нығайту және жалпы популяциялық денсаулықты жақсарту мақсатында аурулардың арнайы және арнайы емес алдын алу, санитарлық-ағарту жұмыстарын және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларды жүргізу.
9.Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын сақтау, жеке дамуға және өмір бойы оқуға назар аудару.
10.Кәсіби әдебиеттерді талдау және сыни тұрғыдан бағалау, зерттеу сұрақтарын құрастыру, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық деректер қорын тиімді пайдалану, адам денсаулығы және өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулерге қатысу.