7R01115 Резидентура

Радиология

Факультет:Медицина және денсаулық сақтау
Код:7R01115
Білім деңгейіРезидентура
Шекті балл (ақылы бөлім)-
ФакультетМедицина және денсаулық сақтау
ID2448

Бағдарлама туралы

Дәлелді медицина принциптеріне сай және заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып әртүрлі патологиялары бар балалар мен ересектерге тиімді және уақтылы визуалды диагностика жүргізу қабілетіне ие бәсекеге қабілетті, білікті радиолог дәрігерді дайындау Медициналық көмекті жақсарту үшін денсаулық сақтау саласында жаңа білімдерді қалыптастыру.

Түлек моделі

Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін резидент келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі
1. Науқас үшін оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу мақстаныда медициналық көмектің барлық деңгейінде дәлелді медицина қағидаларын қолданып, білім мен дағдыларды біріктіре отырып радиологиялық зерттеулерді тиімді жүргізу және олардың нәтижелерін талдау, дифференциалды диагностика жүргізу.
2. Науқастардың мәселелерін шешуге дербестендірілген тәсілді және дәлелді тәжірибе стандарттарын ескере отырып, визуалды диагностикада жоғары технологиялық зерттеулер жүргізу.
3. Кәсіби мәселелерді шешу, медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуде олардың тиімділігін арттыру үшін визуалды диагностикада заманауи ақпараттық-цифрлық және инновациялық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалану.
4. Ауру кезінде диагностикалық үрдістерді орындау және тиісті араласуларды бастауда, сонымен қатар шұғыл жағдайларда, қауіп топтарына скринингтік зерттеулерде пациенттермен және олардың отбасыларымен (немесе заңды өкілдерімен) оң және сенімді қарым-қатынас орнату үшін коммуникативті дағдыларды тиімді пайдалану.
5. Басқа денсаулық сақтау мамандарымен топтық жұмысты көрсете отырып, этикалық және деонтологиялық принцптерді сақтап, тиімді қарым-қатынас жасау және диагностикалық үдерісті басқару үшін адам мінез-құлқының және науқас психологиясының негізгі принциптері туралы білімді қолдану.
6. Шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайларда, табиғи және техногендік сипаттағы апаттарда, пандемияда мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті уақтылы және тиімді көрсету.
7. Денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің қызметін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, радиациялық қауіпсіздік, ұтымды диганостика, дәрігерлер мен пациенттердің құқықтарын қорғау шаралары бойынша білімдерін қолдану негізінде диагностикалық зерттеулердің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.
8. Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын сақтап, жеке өсуге және өмір бойы білім алуға көңіл бөлу.
9. Күнделікті қызметінде кәсіби әдебиеттерді талдау және сыни тұрғыдан бағалау, зерттеу сұрақтарын құрастыру, халықаралық мәліметтер қорын тиімді пайдалану.
10. Адам денсаулығын сақтау және өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулерге қатысу.