Докторантура
Қабылдау ережесі

Қабылдау ережесі

Түсу емтихандарына өтініштер қабылдау:

Докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтінішті 3 шілде мен 3 тамыз және 25 қазан мен 10 қараша аралығында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында мына сілтеме бойынша беруге болады: app.testcenter.kz. түсу емтиханының қорытындысы бойынша сертификат тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда беріледі.

Докторантураға түсуші тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханын тапсырады.

Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары 4-20 тамыз және 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізіледі.

"Денсаулық сақтау" білім беру саласынан басқа, білім берудің барлық салалары бойынша білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсу емтиханы ҚР БҒМ бекіткен ұйымдардың базасында компьютерлік форматта өткізіледі.

Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖОО мен бір білім беру бағдарламасының тобын көрсетеді.