- Негізгі бет
- Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы
- Кафедра туралы
Кафедра туралы
Қазақ ұлттық университетінің ректорының 10.02.2009 жылғы №20 бұйрығы және университеттің Ғылыми кеңесінің 27.02.2009 жылғы №4 шешімімен кафедра «Жоғары оқу орынына дейінгі дайындық кафедрасы» деп аталынып, өз жұмысын жаңа бағытта бастады. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының негізгі міндеттері:
- Жетілдірілген оқу үдерісі арқылы ҚР жоғары оқу орындарында тыңдаушыларды білім алуға және кешенді тестілеуге дайындау;
- Мемлекеттік тілде алған білімдерін жүйелендіру, маңызды ұғымдарды меңгерту, жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға қажетті білімдерін толықтыру;
-Тыңдаушылардың қазақ тілінде кәсіби-оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени және қоғамдық-саяси саладағы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру
Кафедра жұмысының негізгі мақсаты – тыңдаушылардың кешенді тестілеуге дайындау. Атап айтқанда, кешенді тестілеудің негізгі пәндері (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және қазақстан тарихы) мен профильді пәндері (математика, география, химия, физика, биология, информатика, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі) бойынша дайындық жүргізеді. Сонымен қатар, шетелдік тыңдаушыларды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына магистратураға оқуға түсуге дайындайды. Кафедра жұмысының негізгі бағыттары – ғылыми, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстарына белсенді ат салысады.