Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы
Қабылдау ережелері

Қабылдау ережелері

Ақпараттық хат

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дайындық бөліміне мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында онлайн kaznu.podkurs2024@gmail.com электрондық почтасы арқылы құжаттарды сканерлеп pdf түрінде бір хатпен жолдайды немесе офлайн «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы қабылдау комиссиясы, Ал-Фараби 71 мекен-жайы арқылы қағаз түрінде тапсыру арқылы жүргізіледі.

Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиясы 2024 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында өткізеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу үшін конкурстық іріктеу өту кестесі университеттің ресми сайтында www.https://farabi.university/ жарияланады.

Талапкерлер іріктеу конкурсына жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсеткен жағдайда кіргізіледі.

Конкурстық іріктеу талапкердің жалпы дайындық деңгейі мен мамандыққа бейімділігін анықтау үшін сұхбаттасу (ауызша) түрде өткізіледі.

Сұхбаттасу кезiнде талапкер іріктеу комиссиясының жалпы танымдық сұрақтарына жауап беру арқылы өзiнiң жан-жақты ой-өрiсiн байқатуы тиiс. Сұхбаттасу әрбір талапкермен жеке, еркін диалогтық түрде жүргізіледі. 

Сұхбаттасу міндетіне мыналарды анықтау кіреді:

  1. Мамандық таңдаудағы саналылық;
  2. Таңдаған мамандығы туралы түсінік;
  3. Болашақ мамандығының қоғамдағы орны мен маңызын түсінуі шарт;
  4. Талапкердің жалпы мәдени деңгейі, ой-өріс кеңдігі;
  5. Болашақ мамандығы үшін қажетті қасиеттер.

Сұхбаттасу бойынша ең жоғары балл саны – 100.

Сұхбаттасу бойынша 50 баллдан кем алған немесе сұхбаттасуға келмеген талапкерлер іріктеу конкурсынан өтпеді деп есептеледі. 

Сұхбаттасу қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.

 Талапкерлерді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дайындық бөлімінің тыңдаушылары қатарына қабылдау 2024 жылдың 25-28 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Дайындық бөлімінде оқу мерзімі күнтізбелік жылғы 1 қазан – 30 маусым аралығы (9 ай).

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу үшін конкурстық іріктеу өткен талапкерлер тізімі 2024 жылғы 25 қыркүйектен бастап университеттің ресми сайтында www. https://farabi.university/ жарияланады.

Байланыс телефоны: 

тел.: 377-33-30; 377-33-33; ішкі нөмір 17-31, 17-29, 17-34 

e-mail: kaznu.podkurs2024@gmail.com